Отбасы - ошақ қасы

Жеңілтек құрбым баласының әкесі кім екенін білмейді

  • Жеңілтек құрбым баласының әкесі кім екенін білмейді

    Жеңілтек құрбым баласының әкесі кім екенін білмейді

Сәлеметсіздер ме? Мен құрбым туралы айтпақпын, әпкелерден кеңес керек. Құрбымды қатты уайымдаймын. Құрбым өзі ұшқалақ, аңқау ауылдық қыз-тұғын.


Бірге бір колледжде бірге оқитынбыз. Ол ерте есейген қыз еді. жігітпен жүруге қатты құмар болды. Екеуі күшті жүріп жүрді. Бәрі қызығатын. Біраз уақыттан кейін жігітінің бірге болғысы келетінін айтты, "не істеймін" деп сұрады. "Табалдырығыңды пәк болып атта, ақымақтыққа барма. Жолама. Алғасын болады бәрі деп айт" деп айттым. Ойланып қалды. Содан 2-курстын қысқы каникулы болып ауылына кетті. Каникулдан келгенінде сөйлесіп, жігітімен болып қойғанын айтты. Екеуі подъезде жақындасыпты тіпті. ашуландым, ішім ашыды.




Содан сабақ басталды, екеуміз, сабақтан кейін кафеде жұмыс істейтінбіз. Бір күні кафеде бір мұғалім жігіттер кеп отырып кетті. Бірінің көзі құрбыма түсті. Телефон арқылы сөйлесіп, тіпті кездесіп те жүрді. Үйленген жігіт екенін білдім, бірақ құрбым маған емес, сол мұғалім жігітке сенді. Сөйтіп жүріп жігітімен жүрмей қалды. Талай ақымақ болма деп сөйледім, ұрыстым, "жеңілтек, жігіттен басқа дым миыңа кірмейді" деп ұрыстым. Арланбайды. Күліп тұра береді. Ашуға мініп, сабап та алдым. Қоймады бәрібір. Арамыз алшақтап кетті, ол менен көп нәрсе жасыратынды шығарды. Бір күні "үйдегілер сұрап жатса, біздің үйде деп айтшы" деп түнгі 1-де да хабарласты. Мен ойладым, бір группаласым бар сонымен құда баласымен дачаға табиғатқа кетті деп. Кейін сұрамадым. Біраз уақыт өткеннен кейін сұрадым, жасырынқырады әуелі. Кейін бәрін айтып берді. Ол мұғалім жігіттің үйінде болған, тамақ істеп берші деп шақырыпты. Кейін екеуі төсектен бірақ шығыпты. Қыз емес боп шыққан құрбымды мұғалімсымақ жұбатқансып, "Ренжіме менің мамам қарсы болады, пәк емес қыз алғаныма" деп құрбымды шығарып салады. Кейіннен екеуі тағы бірнеше рет төсекте жолықты. Содан кейін біраз уақыт өткеннен кейін, яғни құрбымның қызығы біткеннен кейін барып, мұғалімсымақ үйленгенін айтып мойындапты. Әйелі Түркістанда ата-енесімен тұрады екен, ал мұғалімсымақ, біздің қалада бір мектепте жұмыс істейді. Екеуі 2 жақа кетті.




Одан кейін құрбымның мамасы ауылдан қасына көшіп келіп, тәртібі дұрысталды, мамасы қатал тұғын. Қуантарлықтай тәртіпке келді. Кейін бір жігітпен (Нурка) жүрді, шындықты айтып, қыз еместігін мойындады. 2 жыл жүрді екеуі. Бірақ жігіті ешкімге ұнамайтын. Құрбымды бізбен араластырмайтын, сен олармен жүрсең құртыласың деп, боқтап, тіпті кейінгі кездері қол жұмсап жүрді. Жүрмей-ақ қояйық десе, қорқытатын, қыз емес екенін мамасына айтам деп. Мама мені білсе кешірмейді деп қорқып қорлығына көнді. Екеуі үй болу жайында әңгімелесіп жүрді. Бірақ құрбымның сезімі суып кеткен тұғын. Осы 2015-те қазанның басында бір жігітпен танысып, бір-бірін ұнатып қалыпты. Кейін жігіт сөз салған тұғын. Маған хабарласып "не істеймңн енді Нурканы жақсы көрмеймін, бірақ қорқамын. Асикты да ұнатып қалдым қимаймын" деп айтты. Мен "өмір бойы Нуркамен қор болғың келмесе, Асикке барлық шындықты айтып, алам десе, куйеуге шығып кет. Сосын Нурка өзі-ақ кетеді. Мазаламайды" деп ақыл айттым. Сөйтіп екеуі бір түнде келісіп, құрбымды алып қашып кетті. Алладан бақыт тіледім, өйткені екеуінің қосылуына мен едім себепші. 2 айдан кетті тұрмыс құрғалы. Қазір құрбым бақытты, күйеуі сыйлайды, жақсы көреді. Енді бір уайымым бар. Құрбымның аяғы ауыр, бірақ, тұрмысқа шыққанына 10 күн болмай жатып жаңалық келді. Тұрмысқа шыққаннан кейін 1 айдан кейін құрбым больницаға барып тіркелді. 9 апта деген. Құрбым ондайларды жете түсіне бермейді. "5 апта қайдан шыққан" деп көп іздендім. Бір құрбымнан сұрастыра келе білдім. Жаным құрбым алдыңғы жігіті Нурка екеуі соңғы кездері бірге баняға барып, қосылып жүрген екен. Менің ойымша шарана Нуркадан. Ал құрбым оны білмейді, түсінбейді. Асиктен деп жүр. Ертеңгі күні шындық сорпаның бетіне шығып, құрбым қиналып қалмайды ма деп қорқамын. Не істесем болады. Ақыл айтыңыздаршы. Мен құрбымның бақытты болғанын қалаймын. Қатты уайымдаймын.Өмірде әрбір адам шалыс басады, ал қасындағы досы сүрінгенде қайта жықпай демеу білдіру керек деп ойлаймын. Жалғыз өзімнің дұрыс жол табуым қиын боп жатыр. Ақыл қосыңыздаршы.




Әйгерім. Шымкент  




Көрілген: 2313    Пікірлер: 0

жұма, 09.03.2018, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31