Отбасы - ошақ қасы

Жесір қалған алматылық келіншек енесімен соттаспақ

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Универсиада кезінде көз жұмған қызметкердің отбасы қаңғып далада қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Мархаба Рафикованың жары, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде дирекциясының қызметкері болған Бауыржан Рафиков олимпиада кезінде қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасынан көз жұмған болатын.


Екі баламен жесір қалған келіншек енесінің түрткісіне шыдай алмай күйеуінің қырқы өткен соң үйден кетуге мәжбүр болғанын айтады.


- Күйеуім тірі кезде де енем екеуміздің арамыз керемет болды деп айта алмаймын. Мен Бауыржаннан 9 жас үлкен болдым, оның үстіне жолдасым жалғыз ұл болған соң енем қатты қызғанды. Әр нәрсеге бір тиісетін. Аяқ асты жесір қалып, өзім өлместің күнін кешіп жүргенде енем менімен бірге баламды сөзбен түйреуді бастады. Ұлыма «таңдайыңды қағып сен әкеңді жұттың", "қойныңдағы күйеуіңнің дертін білмесең неге жүрсің?" деген сынды ауыр сөз айтып, түртпектеуін үдетті.


Үлкен ұлым Диас тоғыз жаста, жетім қалғаны, әжесінің ауыр сөзі қатты әсер етіп психологиялық күйзеліске шалдықты. Амал жоқтан жолдасымның қырқын берген соң жүгімді жинап қалаға кеттім",- дейді Мархаба Рафикова.



Күйеуім екеуіміз несие алып салған үйді енем сатып, Астанаға көшіп кетті


Жесір келіншектің сөзінше, жолдасы екеуі автокөліктерін сатып, әр қайсысы банктен несие рәсімдеп, Алматы маңынан екі қабатты үй тұрғызған. Марқұм Бауыржан өзі тұрғызған баспанада бір жылда тұрып үлгермепті.


- Мен 700 мың, күйеуім 600 мың теңге несие алдық. Көлігімізді саттық. Бұрында жиған қаражатымыз бар еді соны барлығына он айда үй тұрғыздық. Менің қойын кітапшамда барлық кеткен шығын туралы жазба бар. Сотта да дәлелдей аламын. Алайда күйеуім «анам ғой» деп сыйлап, үйді де жерді де енемнің атына жазды. Күйеуім қайтыс болған соң енеме айттым «сатып қалаға көшейік деп». Көнбеді.


- «Ұлым салған үй осында өлем, сосын өзің білесің» деп. Алайда біз кеткен соң коттеджді сатып, Астанадан төрт бөлмелі пәтерге көшіп, сол жақта тұрып жатыр. Ал мұнда мен екі баламен туыс құдағимыздың пәтерінің бір бөлмесін уақытша паналап отырмыз. Жесір қалсам да, банктегі қарызды балаларымның жәрдемақысынан төлеп, ал өзіміз кіші ұлымның бесігін, коляска сынды заттарды сатып жан бағып жүрміз. Күйеуімнің несиесін төлеуге ақшам да, шамам да жоқ. Ұлынан қалған жалғыз ұрпақ осы екі бала ғой, мен жаман болсам да енемнің осылардың жағдайын ойламайтына күйінемін", - деп ашынды келіншек.


Универсиады-2017 дирекциясы кенеттен қаза болған отбасыға 1 миллион өтемақы, ал әріптестері ақшалай да көмек көрсеткен. Осы қаржының барлығын келіншек «енем алып қойды» дейді.


- Бауыржан қайтыс болған кезде, менің әріптестерім, жалпы ел жақсы көмек көрсетті. Туыстарымыз енеме мына қаржымен Мархаба мен Бауыржанның атындағы несиені жабыңыз» деп айтқанымен, бір айға ғана төлем жасап, қалғанына қолын бірақ сілтеді. Барлық қарыз менің мойнымда қалды. Қазір бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Не мемлекеттік бағдарлама бойынша үй кезегіне тұра алмаймын, себебі бала күтімімен үйде отырмын және жұмыс жасамаймын. Не баламды балабақшаға бере алмаймын, жасы екіге толмаған. Амалдың жоғынан енем осы мақаланы оқыса ұяты оянар деп журналистерге жүгінуге тура келді", -дейді екі баланың анасы.



Ененің де айтары бар


Екі немересі мен жесір келінінің жанайқаның айтып Гүлшат Байқадамқызымен хабарласқанымызда ол Астанаға көшіп кеткенін растады.


- Мен келінімді үйден қуған жоқпын. Өзі кетіп қалды. Даңғарадай үйде отырамын ба, Астанадан бір пәтерге баспа бас айырбас қылып көшіп кеттім. Жағдайы жоқ болса, мен қайтейін? Үйден ештеңе бере алмаймын, балам маған арнап салып берген, заң жүзінде баспананың құжаты менің атымда. Келінді жаман дей алмаймын. Оны туыстары маған қарсы қойып жүр. Ал немерелеріме ешқашан тиісіп сөйлеген жоқпын. Оның бәрі бос сөз. Артық айтарым жоқ", - деп қысқа қайырды.


Алматылық келін үй үшін енесімен соттасуға дайын, бірақ қорғаушы жалдауға көк тиын таппай отырғанын алға тартты.


- Заңгерлердің айтуынша, бұл үйдің 87 пайыз үлесі екі ұлым мен маған тиесілі. Егер соттасаң жеңіп шығасың дейді. Бірақ қорғаушыларды жалдау құнының өзі мың доллардан жоғары. Ол ақшаны қайдан табамын?", - дейді келіншек.


Екі балалы жесір әйелдің ендігі үміті тоғыз ай бойы көрмеген туыстары мен қолы ашық қорғаушыда ғана болып отыр.

 




Көрілген: 1498    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 30.10.2017, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 09:26
    Қыз күнінде бәрі жақсы...
    15 Қыркүйек, 10:29
    Енем мені менсінбейді
    7 Қыркүйек, 10:48
    Мұғаліміме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30