Отбасы - ошақ қасы

Жетпістен асқан кейуана туыстарының өзін 14 жасында мәжбүрлеп күйеуге бергенін айтып берді

  • МАРЗИЯМ ШАРИПОВА НЕМЕРЕСІНЕН АҒЫЛШЫНША ҮЙРЕНУ СӘТІ. ФОТО: ВИДЕОДАН ҮЗІНДІ.

    МАРЗИЯМ ШАРИПОВА НЕМЕРЕСІНЕН АҒЫЛШЫНША ҮЙРЕНУ СӘТІ. ФОТО: ВИДЕОДАН ҮЗІНДІ.

Тәжікстанның елді мекендерінің бірінде тұратын 72 жастағы әжей ағылшынша оқып, ауылдастарын таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.


Марзиям Шарипова - жасы жетпістен асса да әлі тың, үй шаруасын өзі атқаратын ширақ қария. Ауылдастарының сөзінше, оны көпшілік білімпаздығы мен еңбекқорлығы үшін қатты құрметтейді. Марзиям кішкене кезінен тұл жетім болса да мектеп қабырғасында 14 жасқа дейін білім алған. Туыстары оны тура сабақта отырған жерінен өзі сүймеген жігітке мәжбүрлеп ұзатып жіберіпті. Осы оқиға қарт ананың жүрегінде мәңгілікке ең қайғылы күн ретінде сақталып қалған.


«Мектепте тек беске оқыдым. Тіпті бірде-бір «4» деген бағам болмады. Ол кезде ағылшын тілі емес, орыс тілін оқитын едік. Ағылшынша оқуды мен теледидардан Американы көрген соң қолға алдым.


АҚШ өте керемет екен, зәулім үй мен көшелері қатты ұнады. Арманым - Америкаға бару. Сол үшін немеремнен ағылшын тілінен дәріс алып жүрмін»,- дейді 72 жастағы қария.


Қарт оқушының ұстазы - жеті жастағы немересі Умуджан Назаров әжесінің қағылездіген таң қалып жүр.


«Ол кісіге не көрсетіп, айтсаң да бірден қағып алады. Менің сыныптастарымнан да жақсы оқиды десем болады. Қазір әжем ағылшынша онға дейін санап, біраз сөзді жатқа да біледі»,- дейді Умуджан.


Ал, қарт әже болса арманына жету үшін күн сайын сағаттап сабақ оқып жүр.




Көрілген: 1769    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 16:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 11:19
    Келін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28