Жездемнен жүкті болып қарабет болдым

Жездемнен жүкті болып қарабет болдым

 Ауылдастарымның бетіне қараудан қалғаныма міне алты айдан асты. Көше тұрмақ,аулаға шықсам елдің бәрі мені көрсетіп, «қарабет», «бұзылған қаншық» деп табалап тұрғандай көрінеді.

Кейде өмірді тәрк етіп, о дүниеге аттанып жүре бергім келеді. Бірақ өмірдің мұнша тәтті екенін сезініп, өзімнің тым осал екенімді бағамдап, тек көз жасқа ерік бергеннен басқаға шамам жоқ. Мұнша күңіренетіндей не болды дейсіздер ғой? Онда тыңдаңыздар.

Мұңымды кімге шағамын?
Бірде әпкемнің бір баласы сырқанттанып қалып, аудан орталығындағы ауруханаға жатуға тура келді. Үйде өзге балаларымен күйеуі қалды. Мен уақытша сол үйде жүре тұруыма тура келді. Онсыз да көбіне-көп әпкем мен жездемнің үйінде жүретінмін. Шай-тамақтарын қамдап, жездем мен балаларға әпкемнің жоқтығын сездірмей-ақ жүрмін. Жездемнің азын-аулақ сал-серілігі бар. Жиын-тойларда жарқырап ортада жүреді. Домбыра мен гитарада ән айтады. Тәп-тәуір ішетіні тағы бар. Кейде кешкілік «қолым қышып тұр. Ақша ұстайтын шығармын» деп көшеге шығып карта ойнайды. Сөйтіп таң ата келеді.

Содан бір күні түн ауа келіп тұр. Кәдімгідей қызып алған. Ол кезде балалар ұйықтап қалған еді. Мен теледидер көріп жатыр едім. Жездем шамды сөндірген күйде мені өзі жататын бөлмеге сүйрей жөнелді. Алғашында түк түсінбей, жездем төсегіне әкеліп атып ұрғанда есімді жиғандай болдым. Бірақ кеш қалдым. Отызға таяған қуатты жігіт қойсын ба, ал мен бар-жоғы 9 сыныпта оқимын. Әлімнің келгені сол, жездемді оңды-солды төпелей бердім. «Сен сұлусың, сымбаттысың, ең әдемі қыз – сенсің. Саған әпкең де жетпейді. Қорықпа, саған ешнәрсе болмайды».

Балалық аңқаулығым ба, бұрын мұндайды көрмеген жаным осыны қалады ма, әйтеуір жездемнің маған деген «өліп-өшкен» құмарлығына тосқауыл бола алмадым. Жездеммен «кездесу» әпкем ауруханадан шыққан соң да жалғаса берді.

Өзімнің жүкті екенімді әлсін-әлсін басым айналып, лоқси берген соң, дәрігерге қаралғанда бірақ білдім. Дәрігер әйел «қарағым-ау, ең құрымағанда мектепті де бітірмепсің, мұның не? Енді алдыруға кеш, ішіңдегі бала төртінші айға айнала бастапты», дегенде ойбай салып жерге отыра кеттім.

Қазір ауыл іші алып-қашпа өсек. Түтеп тұр. Ұрыспаған, желкелемеген жан жоқ. Бірақ тірі жүрген соң, бәріне көнеді екенсің. Әпкем мен жездем сол оқиғадан кейін көрші ауылға көшіп кетті.

Жас ғұмырымды жоқ етіппін
Тағдыр салды, бәріне көндім. Тек бір нәрсе… Бірде Шалқар келді. Шалқар екеуміз жақсы доспыз. Ол менен бір сынып жоғары оқитын. Шалқар ең алғаш менің көңіліме сезімнің ақ гүлін егіп, бала махабаттың не екенін сездірген аяулы жан.

«Елдің айтып жүргені рас па?» деді ол. Менде үн жоқ. «Егер рас болса, оның да (жездемді айтып отыр) қарындастары бар ғой. Саған істегенді мен де соларға істеймін. Мұны жай қалдыра алмаймын», деп жылап жіберді де теріс бұрылып жүре берді.

Сонда ғана мен енді ғана бүр жарған бала махаббатымды мәңгі жоғалтқанымды білдім. Сонда ғана мен жездемнің арам нәпсісінен өзімнің жауқазындай жас ғұмырымды жоқ еткенімді сезіндім…

Енді өмірге балауса жас қалпымда емес, он бес жасар ана ретінде қарайтынымды ұғындым. Ағыл-тегіл жыладым. Бірақ бәрі кеш еді…

Кейде ауыл ішіндегі алып-қашпа өсектен кейбір құрбыларымының аңғал басқан қылықтарын естіп қаламын. Сондықтан өзімнің өкінішке толы аз ғана ғұмырымда болған осы жайтты сіздерге жазып, жолдап отырмын. Бір сәттік ләззаттың құлы болып, жас өмірлеріңді өксікпен өткізбеңдер”, дегім келеді”.

halyknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста