Отбасы - ошақ қасы

Жігітке өзім бірінші болып сезімімді білдіргенім дұрыс па?

  • Жігітке өзім бірінші болып сезімімді білдіргенім дұрыс па?

    Жігітке өзім бірінші болып сезімімді білдіргенім дұрыс па?

  Сəлеметсіздер ме! Менің жасым 27-де. Əлі тұрмысқа шыққан жоқпын. Кішкентай кезімде анам қайтыс болған. Осыдан кейін мен өзіме "ешқащан күйеуге шықпаймын, анам сияқты баламды жетім қалдырмаймын" деп ант еткем.  Бойжеткенде ешкімге қарамай өз бетіммен жүре бердім. Мектепті жақсы бітіріп, оқуға түстім, жоғары оқу орнын да ойдағыдай қалаған мамандығыммен жоғары оқуды бітіріп, жұмысымды істеп жатырмын.


Бірақ уақыт өте жалғыздықтан шаршайды екенсің. "Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан" деген сөз рас екен. Кішкентай балалары бар қыз-келіншектерге қызығып қарайтын болдым. Қазір ойым мүлде өзгерді. Шын махаббатты сезініп, сүйген адамыма тұрмысқа шыққым келеді.


Үйіме жақын маңда өзімнен жасы үлкендеу бір жігіт тұрады. Соны көрсем болды, жүрегім дүрсілдеп, біртүрлі күй кешемін, мен оған ғашық болып қалған сияқтымын. Оны көрген сайын қуанып кетем, жұмысқа бара жатсам да, қайтсам да, оны көрсем деп құдайдан тілеймін. Бірақ ол жігіттің ұнататын қызы бар екен. соған үйренейін деп жатыр деп естідім. Енді не істерімді білмеймін. Ол да мені көрген сайын амандасып, басқа жаққа кеттіп бара жатсада тоқтап, мені баратын жеріме апарып тастайды. Оған сезімімді айтқым келеді. Бірақ айта алмаймын. Тым тұйықпын. Енді оған өз сезімімді айтсам ба екен. Əлде айтпай-ақ қойғаным дұрыс па? 


Аноним 




Көрілген: 2096    Пікірлер: 1

жұма, 08.12.2017, 10:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30