Отбасы - ошақ қасы

Жігітім мені қарызға батырып, қатырып кетті

  • Жігітім мені қарызға батырып, қатырып кетті

    Жігітім мені қарызға батырып, қатырып кетті

 Баршаңызға сәлем! Өзімнің басымнан өтіп жатқан оқиға жайлы жазсам деп едім. Мүмкін біреулерге сабақ болар. Жасым 24-те. Осыдан 1,5 жыл бұрын бір жігітті кезіктірдім. екеуміз қыз-жігіт болып жүре бастадық. Осы жылдың қысында үйленуге ұсыныс жасады. Мен келістім. Тойға іштей дайындалып жүрдім.


Ол жігіт машина сатумен айналысатын. Содан бір күні ақша керек деген өтінішпен келіпті. Сондай кезде көзім байланып қалды ма әлде басым істемей қалды ма барып банктен 600 мың кредит алып бердім. Қайтарымы тез болады дегеннен соң 6-ақ айға алған болатынмын. Ол жігіт сол ақшаны алған күйі ұшты-күйлі жоғалды да кетті. Ақымақ басыммен мен қалдым. Ол кредитті 2-ақ ай төлей алдым. енді төлеуге ақшам да жоқ. Қазір басым қатып жүр. Ағасы мен қарындасы екеуімен сөйлессем оңбаған адамдар екен. "Ақша алып берген өзің, енді өзің төле" дейді. Өмірімде осындай қателікке бой алдырамын деп ойламаппын. қайтып айналып келсе ғой сол уақыт. Қыздар, менің жіберген қателігімді қайталамаңыздар. Маңдайма тигеннен кейін айтып отырмын. Білем, өзіңе де сол керек дейтін шығарсыздар, бірақ осы жасаған қателігімді басқа ешкімге айта алмаймын. Сондықтан осында жазып отырмын. 


Аноним 




Көрілген: 2355    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 24.10.2017, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 09:26
    Қыз күнінде бәрі жақсы...
    15 Қыркүйек, 10:29
    Енем мені менсінбейді
    7 Қыркүйек, 10:48
    Мұғаліміме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30