Жігітім мені мазақ етіп жүр

Жігітім мені мазақ етіп жүр

 Мен мұнда жазбас бұрын көп ойландым. Көпті көрген әпкелер,өз ойларыңызды білдіріңіздерші өтінем.
Студент қызбын жасым 21-де.
Мен оңбай қателестім аңқаулығымның кесірінен.1 курс оқып жүргенде жүріп жүрген жігітім болатын.Бір-бірімізді қатты жақсы көретінбіз.Ол жөнінде шет жағасын анама айтқанымда қарсы болды.Себебі отбасының жағдайы нашар,қарызы көп,сөйлеспе онымен деді.Негізі анамның айтқаны да себеп болды, екіншіден мен қалада оқуда жүргендіктен оны оқуда күніге көріп ,жолығып тұра алмаймын ғой дегенде ой болды.Содан мен оны болмашы себепке ұрыс шығарып тастап кеттім.Нөмерімді бәрін сөндіріп жоқ болдым. Сол уақытта группаласымның жігіті болатын. Құрбым кездесуге бірге барайық, қасында досы бар деді.Менің ойымда ештеңе жоқ бірге бара салдым. Барсам шынымен 2 жігіт отыр екен, таныстық, білістік. Содан не керек кешке вацаптан әлгі жігіт  жазды.Мені ұнатып қалыпты-мыс.Мен де тереңінен ойланбай,бұрынғы жігітімнен құтылу үшін сөзімді бере салдым.Содан басталды. Күніге жолығу, қыдыру, сыйлықтар, кино, т.б
Мен сол ыстық құрметке бөленіп жүріп, ғашық боп,оны сүйіп қалдым. Арада ай өткенде оның теріс қылықтары яғни мінезі көріне бастады.Шын сүйген соң бар сөзін көтеріп дегенімен жүре бердім.Ең сорақысы ол мені жәй сені құшақтап иіскеп жатқым келеді деген сөзіне еріп,жеке пәтерге баруым еді.Сондай ақымақпын ғой.Сол күні келіскене қатты өкінемін.Аңқаулығым-ай. Пәтерге бардық ешқандай артық қылық болмады.Бірақ маған бұл қатынас ұнай түсті.Бақыттан басым айналып жүрген еді.Ол маған тиіскенде ешқандайда қыздық түспеді.Бірақ ол маған сенді.Содан кейін айына 1 рет қосылып жүрдік.Ешқандайда қан ақпады.Кейін араласа келе мен оның мені мінезіме бола ұнатқанын,бауыр басқанын,басында сезім болмағанын,кейін жақсы көріп сүйіп қалғанын білдім .Оны өзі айтты кейін. 

Бірақ уақыт өте келе ол маған дөрекліік көрсетіп, үстемдік ете түсті. Бірақ мен оны сүйгендіктен бәріне шыдадым. арасында ұрсысып қалсақ та, тез татуласатынбыз. 

.Бірақ бұл жүріс ұзаққа бармады.Ол оқуды бітіріп ауылға врач болып жұмысқа тұрып кетті,ал мен қалада қалдым. Өзі айтқан, мен ол жақта жүргенімде жұмыс ауыр болады үйренісіп кеткенімше,саған уақыт бөле алмай жатсам,ренжіме түсін дед. Мен келістім. Бірақ ол мүлде хабарласпады, туған күніммен де құттықтамады, менің хабарламаларыма жауап бермейді. Менде біраз уақыт оған көрейін деп мүлде хабарласуды қойдым.

Бірде оның әлеуметтік желідегі парақшасынан басқа қызбен түскен суретін көріп, бірден хабарласып, әлгі қыздың кім екенін сұрадым. Ол маған әріптесі екенін айтты. Оның мені алдап, мазақ етіп жүргенін айтып, қатты ашуланып, өзіме өзім қол жұмсайтынымды айттым. Сол кезде ол  "Сенен көңілім қалды, бірақ сен өзгеруге тырыс, мен сөзімде тұрып, кейін саған үйленемін" дейді. 

 Меніңше, оның маған үйленетін ойы жоқ, әшейін мені мазақ етіп жүр. Қазір бұрынғы жігітім мен қайта мазалап жүр.  Бірақ ол шындықты білсе, менен теріс айналатыны анық. Өзімді бағаламайтын жігітті сүйем деп, өмірімнң быт-шыты шықты. 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста