Жігітім төсектес болайық деп қоймай жүр

Жігітім төсектес болайық деп қоймай жүр

Менің жасым 21-де. Семей қаласындағы жоғарғы оқу орнындарының бірінде тәлімгермін. Құрбыларымның айтуынша, аңқаулаумын. Адамдарға сене берем. Біреуге ғашық болсам, құлай ғашық болам. Бірақ өте қызғаншақпын. Сол қызғаншақ мінезімнің кесірінен жүрген жігіттермен көп ұзамай ажырасып кетем.

Ең алғаш жігітпен 18 жасымда, университеттің бірінші курсында оқып жүргенде жүрдім. Жақсы дос болдық. Бір-бірімізді сүйдік. Тіпті бірнеше рет оның пәтеріне барып, бірге қонып та жүрдім. Бірге жатқанымыз болмаса, одан әріге барған емеспіз. Бір жылдан кейін ол жігітпен ажырасып кеттік. Ол ашық-жарқын мінезді болатын. Үнемі қыз біткенмен қалжыңдасып, ойнап-күліп жүретін. Құрбыларыммен де алысып ойнай беретін. Маған сол әрекеті ұнамайтын. Өйткені қызғанатынмын. Қызғанып жіи ұрысатынбыз. Ақыры ажырасып тындық.

Одан кейін бір жыл жігітпен жүрген жоқпын. Дұрысын айтқанда ғашық болған жоқпын. Кейде кештерде ұнап қалған жігіттермен бір-екі рет сүйіскенім болмаса... Сөйтіп жүргенде әлеуметтік желі арқылы басқа қалада оқитын бір жігітпен таныстым. Сурет алмастық. Үзбей хат арқылы сөйлесіп жүрдік. Солай бір-бірімізді ұнатып қалдық. Бір күні ол мені іздеп келмекші екенін айтты. Мен қарсы болғам жоқ. Жасырып не керек, шынымда айтсам, қатты қуандым. Айтқандай, ол мені арнайы іздеп келді.

Біздің қалаға келген соң ол пәтер жалдады. Үш күн бірге қыдырып, бірге кино көріп, бірге саябаққа барып серуендедік. Мен түске дейін сабаққа барып келем де, қалған уақытта үнемі бірге болдық. Тіпті үш күн бірге қондық. Бірақ бөтен әрекетке барған жоқпыз. Құрбыларым «бір көрген адамның қасына қона салғаның қалай» деп ренжіді. Бірақ мен «онда тұрған не бар» деп оларды тыңдаған жоқпын. Расымен де, онда тұрған не бар? Адамға сену керек қой. Ал «сүйген адамыңа екі есе сену керек» деп ойлаймын. Бөтен әрекет жасап, төсек қатынасына түсіп жүрген жоқпыз ғой.

Ол жігітпен де бір жыл жүрдік. Ол екі-үш ай сайын келіп тұрды. Келгенде үнемі бірге боламыз. Уақытымыз өте көңілді өтетін. Сол кезде өзімді нағыз бақытты адам сезініп жүретінмін. Бірақ қасымнан кетсе, «не істеп жүр екен, кіммен жүр екен?» деген сауал мазалап, қызғанатынмын. Сосын телефон соғам. Телефонды көтермей қойса, не біреумен сөйлесіп жатса, ұрыс бастап кетем. Ұрысымыз жиіліп, ақыры ол жігітпен да ажырасып кеттім.

Қазір қаладағы басқа университетте оқитын бір жігітпен жүріп жүрмін. Кейде оның пәтері бос болғанда, бірге қонамыз. Бұрын жай бірге қонып қана жүретінбіз. Соңғы кезде «төсектес болайық» деп қоймай жүр. «Мен сені тастап кетпеймін, үйленемін» дейді. Бірақ ертең үйленбей кетсе, қайтем? Жігітімнің ұсынысы жайлы бір құрбыма айтсам, «егер оның айтқанына көнбесең, ертең-ақ сені тастап кетеді» дейді. Құрбымның айтуынша жігіт-қыздардың көпшілігі жүріп жүргенде төсектес болады екен. «Төсектес болудан қашатын қыздарды жігіттер көп ұзамай тастап кетеді» дейді. Құрбым тұрмысқа шыққан бірнеше қызды мысал етті. Олардың бәрі де үйленгенге дейін төсектес болған көрінеді.

Құрбымның айтқанының да жаны бар секілді. Өткенде пәтері бос болып, бірге қонайық деген. Бірақ менің бір жұмыстарым болды да бара алмайтынымды айттым. Содан бері жігітім меннен жырақтап жүр. Телефон соқсам әйтеуір бір сылтау айтады. Енді онымен де ажырасатын сияқтымыз. Жоқ әлде оның ұсынысын қабылдауым керек пе?

Тоқжан, Семей
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста