Отбасы - ошақ қасы

Жігітіме шындықты айтсам ба екен?

  • Жігітіме шындықты айтсам ба екен?

    Жігітіме шындықты айтсам ба екен?

 Менің жасым 17-де. Екі жыл бір жігітпен жүрдім. Арамызда бәрі болды. Яғни, төсек қатынасы да. Жап-жақсы қарым-қатынасымыз 2 айдан соң бұзылды,  арамызда келіспеушіліктер көбейді. Сонымен көп ұзамай екіге айрылдық. Ол маған: "қазір медицна дамыған, ақшаңды берейін, қыздық салдыр да, өз жөніңмен кет" деді. 4-5 ай бойы күнім жылаумен өтті.


Жігітке алданғанымды кеш түсіндім. Кейін тағы бір жігітпен кездестім. Аллаға шүкір, қазір бақыттымыз. Онымен кездесіп жүргенімізге 6 айдай болды. Кейде барлық істеген істеріме қатты өкініп, жылаймын. Оған қыз емес екенімді айтқым келеді. Кейде ол мені тастап кету үшін түрлі жағымсыз нәрселер жасаймын. Бірақ тастап кетуге батылым жетпейді. Ол менің барлық еркелегімді көтереді. 


Жақында ол менен "сен шынымен пәксің бе?" деп сұрады. Мен "Білмеймін" дедім... Ол менің омырауымды ұстап, неге жұмсақ деді? Бірақ осы қылығы үшін кешірім сұрады. "Достарым сені басқа жігітпен 2 жыл жүрген болса, пәк болуы мүмкін емес, егер пәк болмаса, бірінші балаң өзіңе ұқсамайды деп айтқан соң тексергім келді" дейді.  "Саған сенемін, пәк екенсің" дегенде ұяттан жерге кіре жаздадым. Бір жыл бойы төсек қатынасында болмасаң қыздық қалпына келеді дейді ғой. Сол қаншалықты шындық? Жігітіме бұрын жігітпен болғанымды айтсам ба екен? Өтінем ақыл-кеңестеріңіз керек. Одан айрылып қалам ба деп қорқамын...


Аноним


 




Көрілген: 1293    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 21:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28