Жігітімнің әйелімен дос болып алдым...

Жігітімнің әйелімен дос болып алдым...

Мен басымнан өткен оқиғаны жазсам ба,  жазбасам ба деп ұзақ ойланып, ақыры жазайын деген  шешімге келдім. Осыдан 1 жарым жылдай бұрын бұрын мен құрбымның арқасында бір жігітпен таныстым. Өзі сымбатты, мәдениетті жігіт екен. О баста жәй ғана сөйлесіп жұрдік, кейіннен бауыр баса бастадық бір-бірімізге. Мен оған дейін әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысып сөйлесіп жүрген едім. бірақ онымен жүзбе-жүз кездеспегеннен кейін оған аса мән бермедім. Бірақ ол қашанда  уақыты болған сайын маған хабарласып, қал сұрасып тұрдық. Ол өзі әскери қызметте істейді.

Ал құрбым таныстырған жігіт нағыз романтик болып шықты. Күнде гүлін әкеледі, киноға шақырады. "Әйел  құлақпен сүйеді" деген рас екен, ол маған жылы сөйлеп, әдемі сөздер айтқан сайын арамыз жақындай түсті, жиі-жиі кездесеміз, кездеспеген кездерде телефон арқылы сөйлесеміз. Сәл хабарласпай қалса, алаңдап іздеп тұратын болдым. Оның үстіне үйдегілер де "жасың болса 25-ке кеп қалды, оқуыңды бітірдің, жұмысың бар, енді тұрмыс құруың керек" деп айта бастаған. Неде болса, осы жігіттің етегінен ұстармын деп ойлап жүрдім. 

Әскери салада қызмет ететін жігітіммен дос ретінде сөйлесіп жүрдім. Өйткені үнемі өзі маған  жазып тұратындықтан көңілін қайтарғым келмеді. Бірақ жаңа жыл қарсаңында екеуінің арасында таңдау жасауыма тура келді. Ол маған 30 желтоқсанда хабарласып, жаңа жылда кезекшіліккке түсетінін, сондықтан ертерек құттықтап кеткісі келетінін айтып хабарласты. Екеуімз кездестік. мен оған жүріп жүргени жігітім бар екен, соған тұрмысқа шығатын ойым бар екенін ашып айттым. Ол мені түсініп, дос ретінде араласып тұрайық, кейін тұрмысқа шыққан соң мазаңды алмаймын" деді де өз жөнімен кетті.Бірақ мереке сайын құттықтап, ара-тұра хабарласып тұратын.  

Жаңа жыл түні он екіден бір минут өткенде ен бірінші қуттықтаған әскери досым болды! Жігіт-сымағым тек ертесі кешке xабарласып ауылдарында байланыстың болмағанын айтып ақталды. Ол жаңа жыл қарсаңында ауылына кеткен болатын. Уақыт өте берді ол ауылына жиі барып қайтатын. Қалада болған кезде күн құрғатпай келетін.Мен онымен бір нәрсенің басын бірден ашып алғым келді. Бірде ол мені досының туған күнін пәтер жалдап жасайтын болды деп шақырды. бірақ мен оған бірден: "сен мені ақымақ қыз деп санама, жасың келді, неден қорқасың, ертең бәрібір үйленеміз ғой" дегеніңе алданады деп ойлама, мен сенімен ешқайда бармаймын деп кесіп айттым. 

Ол маған біртүрлі көзбен қарады да, кейін күліп, қорықпа, саған тиіспеймін деді. Мен ол жігітті ұнаттым, бірақ уақыт өте келе оның менен жасыратын сыры барын сезетінмін. Өйткені кей кездерде маған тура қараудан қашып, көзін тайдырып әкетеді. 

Осы жігітпен араласып жүргеніме жарты жылдан асса да, мені мереке сайын бірінші болып әскери досым құтықтап қуантатын. Көктем шығып біздің ен сүйікті мерекеміз келгенде өзімнің жігітім  екі күн бырын "мамама кетемін,  мен әр жыл сайын осы мерекені оның жанында өткізгенді әдетке айналдырғанмын, әйелім болғанда анам екеуіңмен бірге боламын ғой" деп ауылына кетті. Мен оған ренжіген де жоқпын, дұыс деп қолдап шыгарып салдым.

Әскери долсым, 7 наурызда келіп құттықтап, сыйлығын табыстап кетті. Ал өз жігітім 8-і күні хабарласуға да жарамды. Мереке бітт, тоғызы күні ол маған звондап кешірім сұрап, кұттыктаудың еш ыңгайы келмеді, ештен кеш жаксы деп xабарласты. Осыншама жауапсыз адамсың ба, әншейінде күйемін, сүйемін, сенсіз өмір сүре алмаймын, сені көрмесем тұра алмаймын дегенде сондайсың, бірақ тура менің мерекемде бір хабарласуға жарамағаның ба деп ренішімді айтып салдым. Ол менен кешірім сұрап, қалаға келгенде бәрін түсіндіретінін айтып жалынды. 

Науырздың оны күні ойымда ешнарсе жок ұйкыдан тұрсам бір номер үш рет xабарласыпты, сосын васцапка жазыпты. "Сен осындай жігітке кім болып келесін, сенің номеріңмен жиі xабарласқан екен, қандай мақсатпен xабарласады" делінген. Мен басында түсінбедім, сосын әңгіменің мән жайын түсіну үшін "сен кімсің?  деп жаздым. Ол бірден "әйелімін" деді. Жүрегім зырқ ете түсті. Бірден "Жұмыстағы әрептесімін, жұмыс барысында жиі хабарласуға тура келеді"деп жаздым. "Әріптесімен сонша жиі сөйлесе ме?" деп қоймайды. Мен ашуланып кеттім де, "Күйеуіңді тергесеңші" дедім. 

Сондан кейін әлгі әйелі:"Сен маған ренжімеші, кейінгі кезде күйеуім қатты өзгеріп жүр, Маған да, ұлы мен қызына да көңіл бөлуді қойды. Мен ата-енеммен ауылда тұрамын, ол қалада жқмыс істейді. Бұрын жиі хабарласып, жиі үйге кліп тұрушы еді. кейінгі кезде тіпті телефон соқпайды, өзім хабарлассам, уақытып жоқ деп сөйлесуден қашатын болды. Арамыз суып барады" деп ағынан жарылды. Оның күйеуі уақытының бәрін маған арнайтынын қайдан білсін. Мен оны қатты аяп кеттім. Мен оның орнында болсам қайтер едім. жігітімнің неткен оңбаған екеніне көзім жетті. Өзімнің некелі жары бар еркекпен көңіл қосып жүргенім үшін жерге кірердей ұялдым. Ата-ене, бала-шаға, одан қалса үй тірлігінен к.үйбеңдеп шаршап жүрген әйеліне опасыздық жасаған жігітті жек көріп кеттім. Бірақ әйелін аяғандықтан ештеңе айтпай, онымен сырлас, дос болып ватцап арқылы жазысып тұрайық деп келістік.  

Осы уақытқа дейін адам баласын менсінбей жүріп, осындай адамға тап болғаныма намыстанып жылап алдым. Қайта бұл жігітпен жүріп жүргенімді достарыма, басқа да әріптестеріме айтып, таныстырмағаныма шүкір. Тек анам шет жағасын білетін. 

Сонымен көп ұзамай жігіт-сымағым келді. Қолында 51 розасы бар, мені мейрамхаға шақырды. Кездестім, бардым. Ол мені қатты сағынағанын айтып, алдымда құрақ ұшып жүр. Мен оған тосыннан: "Екеуімз үйленген соң қайда тұрамыз" деп сұрадым. Ол бірден "қалада" деді. Ата-анаң ше, сен жалғыз ұлсың ғой, оларды қайтесің дедім. Егер қаласа оларды көшіріп аламыз дедім. Сосын біраз үнсіздіктен кейін мен оған: "Әйелің мен екі балаңды да көшіріп әкелесің бе, әлде ауылдағы үйде қала бере ме" дедім. Ол не дерін білмей бозарып кетті. Содан кейін мен оған әйелінің маған жазғандарын көрсетіп, бар шындықты жайып салдым. Оны көргім келмейтінін айтып, екінші мүлде мазалама дедім. "Әйеліңді аяғандықтан оған ештеңе айтпадым. Ол ештеңе білмейді, мені дос санап, маған ұлың мен қызыңның суретін жіберіп мәз, ал сен болсаң екеумізді де алдап жүрсің" деп айтпағанды айттым. 

Ол менен кешірім сұрап, "мен барлық мәселені шешемін,онымен ажырасамын" дейді ұялмай. Шындықты айтуға қорыққанын айтып ақтала бастады, тындағым да келген жоқ,  оны көрудің өзі жиркенішті еді. Мен одан кетіп қалдым. Ол менің соңымнан жүгіріп, жылап-сықтап кешірім сұрай береді. Оның нөмерін блокқа қойдым, Бірақ күніне түрлі номерден хабарласады, неше түрлі хабарлама жазады. Мен номерімді ауыстырайын деп ойлағам, бірақ 10 жыл ұстаған номерімді бір жігітке бола не үшін ауыстыруым керек деп, ауыстырмадым. 

Баяғы сымббатты романтик жігіт көз алдымда  жиркенішті адамға айналды. Мүмкін мен оны сүймеген шығармын, егер сүйсем басқаша болар ма еді. Сонымен ол наурыз мерекесіне дейін мені мазалап, мереке кезінде тағы ауылына кетті. Кетіп бара жатып,  "Мен әйеліммен ажырасам, сен бәрібір менікі боласың" деп хабарлама жазыпты. Менің одан сайын ашуым келді. 

 Наурызда әскери жігіт келді тағы да қуттықтап! Менің жеке өмірім туралы сұрады, мен оған бәрін  ашып айтып бердім. Ол басында күліп алды да, мені мұқият тыңдаған соң, шындық бәрібір ашылады ғой, қашанғы алдаймын деп ойлады екен деді де қойды. Әскери досым екеуміз осыдан кейін жиі сөйлесіп кездесе бастадық, Көп ұзамай ол маған сөз слды, мен онымен ойланбастан жүруге келістім.

Ал әлгі жігітімнің ауылан барып, мәселені шешіп келген түгі де жоқ, жарысам деп айқайлағаны бекер ғой. Бірақ мені мазалауын қояр емес. Кейде ашуланған кезде әйеліне: "күйеуіңе ие болшы" деп айтқым келіп кетеді. бірақ оның кінәсі жоқ қой. Онсыз да арасы суып жүрген әйелі, екі баласын алып, тайып тұруы да мүмкін. 

Ал оның күйеуі күнде маған хабарласады, "бәрібір менікі боласың, жауапсыз махаббатымсың, сені ешкімге бермеймін" деп ауызан келгенін оттып. Оның мені мазалай беретінін жігітіме де айттым. Ол мені үнемі жұмыстан алып қайтуға тырысады. Жалғыз жүрмеуімді қадағалайды. Өйткені шынымен де әлгі жігіт ақымақтық жасапмаған зиын тие ме деп қорықтық. Содан кейін көп ұзамай жігітім жұмысынан демлаыс алып, мені үй-ішімен таныстырды. Сонымен өткен жазда мен өз үйімнен ұзатылып, тойымыз өтті. аллаға шүкір, бақыттымын.

Менің өмірім біреуге сабақ болар деген үмітпен жаздым. Егер ұзақ болып кетсе, кешірім өтінемін. 

Айтолқын, Тараз

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста