Отбасы - ошақ қасы

Жігітімнің опасыздығын ұмыта алар емеспін

  • Жігітімнің опасыздығын ұмыта алар емеспін

    Жігітімнің опасыздығын ұмыта алар емеспін

 Сəлеметсіздер ме оқырман. Мен өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтпақшымын.

Онымен такси тосып тұрғанымда таныстым. Ол өте сүйкімді, сымбатты, сыпайы еді, бірден ұнады. Бірақ мен оның менде ойы болмас деп мəн бермедім. Оның үстіне өте ұялшақпын.


Біраз жол жүрген соң ол мені əңгімеге тартты. Осылай танысып, ол телефон номерімді сұрады. Екеуміз де бір-бірімізді ұнатып қалдық. Содан кейін қала күнінде кездестік. Ол мені шығарып салды. Ол көп сөйлемейтін, мен де сондаймын. Оның мені сыйлайтыны маған ұнайтын, тіпті қолымнан ұстаған емес, мен бақытты едім. Өз бақытымды таптым деп ойладым. Кейін екеуміз, досы қызымен, төртеуміз қыдырып қайттық.


Оның жұмысы қиын еді, кешке дейін есеп-қисаптан қолы тимейді. Ал мен оны қалай жақсы көріп қалғанымды білмеймін. Оның телефон шалғанын күтіп отыратынмын. Жаңа жыл күні ол маған сөз салды, мен келістім. Ол он екіден соң келемін деген, бірақ ауырып келе алмады. Ата-анаммен таныстырамын деп ойлап жүрдім. Бақытты едім, енді жанұя құрып жаңа өмір бастаймыз деп армандап жүрдім. Жаңа жылдық демалыстан соң жұмыс басталып кетті. Енді қыз-жігіт болып жүрген соң бұрынғыдай емес, бəрі өзгереді, екеуміз жаңа өмір бастаймыз деп сендім. Онымен сөйлескенде армандарымды,  тойымыз туралы айтып едім,  үндемеді,  менің ойымдағыдай болмады. Оның отбасы туралы арманыма немқұрайлы қарағаны ойымды өзгертіп еді.


Мен өзім ғана ғашық болып, қателік жасап жүргенімді түсіндім. Екеуміз біраз сөзге келіп қалдық. Бір ай уақыт өтті, ол үйге келіп тұрмын, сөйлесейікші деді. Мен шықтым да, осы уақытқа дейін оны жақсы көргеніме өзім ғана кінәлі екенімді айттым. Бəрі бітті енді мені мазалама дедім.


Оны ұмыту үшін қанша қиналдым, қанша жыладым, уақыт өтіп жатты. Мен оны ұмытамын деп сендім. Оны тастап кеткенім үшін өзімді тіпті оның алдында кінәлі сезінетінмін. Осылай сезімдерді түсіне алмай жүрдім. Ол мені іштей жібермейтін, осыны жүрегім сезетін, сезіміммен іштей арпалысамын деп қатты қиналып кеттім. Ол мені мен сияқты сүйген жоқ, мен оны тастап кеткенім үшін мені кінəлі етті. Маған тыныштық бермеді, мен ғашық болып көзім көрмей жүрген екенмін. Оның алдында өзімді кінəлі сезінгенімді түсінбедім.


Бір жыл өтті. Бір күні оның досының қызын вк-дан көріп қалдым. Достарының ішінен жігітімді таппадым. Есесіне, суреті бар екен, сол парақшасын ашсам, мүлде басқа есім жазылып тұр, бірақ өзінің суреттері. Өзі үйленіп алыпты. Суреттерін қойыпты.Сол кезде мен ақымақ үстімнен мұздай су құйылғандай есеңгіреп қалдым. Ол менімен  өтірік атпен танысып, достарының көзінше мені алдап келген екен. Ең қиыны, мен оны бір жыл өткен соң білдім. Мені неге алдап, маған неге үміт берді. Мені жақсы көрмесе, неге маған сөз салып, неге маған жалған сезім сыйлады. Менің жақсы көрген ақ ниетім мен таза жүрегімді қалай оңай алдап келді. Мен қанша уақыт өтсе де оның опасыздығын ұмыта алар емеспін. Менің сезімімді таптап өзі алаңсыз өмір сүріп жүр. Жүрегім қанжылап өзегім өртенуде. Ұзақ болса кешірім сұраймын. Рахмет баршаңызға.


Аноним 




Көрілген: 3721    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 31.08.2017, 23:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30