Отбасы - ошақ қасы

Жігітімнің ойы арам болып шықты

  • Жігітімнің ойы арам болып шықты

    Жігітімнің ойы арам болып шықты

Менің жасым 16-да. Мен бір жігітті қатты жақсы көретінмін.  Екеуміз қыз бен жігіт болып 1,5 жыл бойы жүрдік.

Мен оған қатты сенетінмін. Бірақ қазір мен жігітімнен қорқамын, оны көргім келмейді. Тіпті далаға шығудан қалдым. Өйткені ол маған "егер мені жақсы көрсең, бір түн менімен болшы" деп жалынып қоймады. Мен осы сөздерін естіп шошып кеттім.  Оның ойы мүлде арам екен. Содан кейін мен оған екеуміз сөйлеспей-ақ қояйық. Менің сенен көңілім қалды, бəрі бітсін осымен деп бетіне айттым. Сосын ол 1-2 күн жоқ болып кетті.


Бірнеше күн өткенде дүкенге бара жатқанымда ол мені тоқтатып алып, аузына келгенін айтып, зорламақшы болды. Құдай сақтап, көшеде басқа адамдар байқап қалды. Айналамдағылар естісін дер қатты айғайлап дауысымды шығарған соң, ол мені жіберді. 

Сол адамдардың арқасында арымды сақтап қалдым. Мен оның үстінен шағым жазбадым, өйткені анасы көз жасын көлдетіп, менен кешірім сұрады. Анасын аяп, кешірім бердім. Бірақ осылардан кейін жігітімнен қорқатын болдым. Оны көрсем төбе шашым тік тұрады. Осы жайттардан кейін мен ешқашан ешкімді жақсы көре алмайтындай көрінем. Қатты қорқып қалдым. 


Аноним 




Көрілген: 5796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30