Жігітімнің шектен тыс қызғанышынан әбден көңілім қалды

Жігітімнің шектен тыс қызғанышынан әбден көңілім қалды

 Менің жасым 21-де. 2 жыл бірге жүрген жігітім болды. Түсініспей қалғанымызға 1 аптадай өтті. Әрдайым кикілжіңге келіп ренжісіп жүргенімізге 3,4 айдың көлемі болды. Келме, xабарласпа деп 1 ай болды айтып жүргеніме, бірақ ылғи кешірім сұраған соң кешіре беретінмін. Осы жолы шыдай алмай ренжіп, қояйық дедім ол да келісті, бірақ xабарласып жүр қайта-қайта. Кішкентай емеспін, тұрмыс құратын уақытымыз да келіп қалды. Сол үшін уайымдаймын. Әпкелер ақыл-кеңестеріңізді айта отырсаңыздар екен. Әр айтқан ақылдарыңыз көмегін тигізіп, ойымды өзгертуіме сеп болар.
Оқиға барысы былай болды:

Мені қатты қызғанады, дұрыс емес қызғанғаны демеймін, ол дұрыс, бірақ қатты орынсыз боп кетеді кей кезде. Жазда құрбымның туылған күніне барғам, қыздар болып отыратын болған соң жіберді, былай мүлдем жібермейді. Бірақ сағат 12-де тосын сый жасаймын деп құрбымның жігіті кіріп келді, жалғыз өзі ыңғайсызданған болуы керек қасына досын ертіп алған. Мен ешқандай мән бергем жоқ, себебі жігітім бар, ешқандай жігітке көз салып, мойын бұрып та қарамайтынмын. Содан отырған кезде ол жігіт мені сырттай ұнатыпты, бірақ мен құрбыма мен кетейін деп қайта-қайта қолқа салдым, жігітім ренжиді деп бәріне естіртіп отырдым, бірақ құрбым жібермеді ренжіп. Содан кетер уақыт болды, такси шақырайын деп жатырғам, құрбымның жігітінің досының машинасы бар екен, құрбыма жайлап айтыпты апарып тастайық деп, құрбым жоқ мен сені мынадай уақытта жалғыз жібере алмаймын деп қоярда қоймай, сол бірге бәріміз машинасына мүндік. Үйімнің дәл алдына әкелді, мен машинадан түсіп жатсам, алдымда жігітім тұр. Маған қатты ренжіп, не істеп жүрсің деп айқайлады, оны көріп досы неге айқайлайсың қыз балаға деп, қызды сыйламайды, қадірін білмейді екенсің жіберсей бұлай әкіреңдемей деп екеуі сөзге келді, сол жерде ана досы-мен қызды ұнатып қалдым деп жіберді. Шошып кеттім. Жігітімнен кешірім сұрап жатырмын, барлық мән-жайды түсіндіріп, ол қыздар отырамыз дегенің қайда деп айқайлап жатыр. Осы уақыттан бастап барлық ұрыс басталды.

Маған бірге болайық (жақын қатынаста) деген әңгіме айтты. Өз басым ондайға қарсымын, мен оған басында айтқам мен сенің табалдырығыңды ақ күйімде аттаймын деп. Сол уақыттарда ол жұмысын ауыстырып жүр еді, білмеймін осы уақытта мені боқтайтынды шығарды. Бір күні мені бұлай боқтай берсең мен кетем деп күміс жүзігіміз болатын, шешіп бергем, қатты жынданып менің қарсылығыма қарамай сен маған болмасаң, басқаға да болмайсың деп пәтерге сүйреді. Жылап, дірілдеп қатты әрең тоқтаттым. Білмеймін кішкене уақыт ішінде мінезі қатты өзгерді, мен бұрын жақсы көрген жігітті көре алмадым. Жұмысының ауысқаны әсер етті ме білмеймін, бұрын барлық нәрсені ақылмен жайлап отырып түсіндіретінмін, қазір мүлдем тыңдамайды сөйлеп жатсам да, жыласам өтірік жылама деп бір рет соғып жіберді. Сол күнгі көшеде мені пәтерге сүйрегені қатты жүрегіме ауыр тиді.

Мені бұл жігіт кездеспестен бұрын танитын бір жігіт ұнататын, ол жігіт маған ғашық болғаны сонша 2 жыл бойы мені күтті, еш қызбен жүрмеді, маған әлі ғашық. Алдында дөп басқандай xабарласты, саған не болған күліп жүретін қыз едің ғой, олай болмашы деп, мен саған ғашықпын, бірге болайықшы мәңгілік дейді. Бұл жігіт өте келбетті, тура бір мистер десем болады, суреттей берсең сөз жетпейді. Өз жігітіммен бойымыз бірдей, ол қатты арық, Бірақ  қандай болса да маxаббат ештеңеге қарамайды екен, оны жақсы көрем, мына жігітке кетейін десем мен бір адамға ғана адал болып, соған тұрмысқа шығамын дейтінмін, әлеуметттік желілерге фото, видео бәрін жүктейтінбіз барлығы қызығатын бізге сендердей болсын жұптың бәрі деп (көз тиді ме екен білмеймін), барлық туыстарымыз, мамам, оның мамасы, отбасы, достарымыз бәрі біледі. Бірақ өзімді сыйламайтын жігітпен қалай отбасын құрмақпын, әлде үйленген соң өзгере ме? Бәрін ұмытам деп, мына жігітпен кете берейін бе әлде? Өтініш маған ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздаршы, құрбыларыма тәптіштеп осы жағдайлардың барлығын айта алмадым.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста