Жігіттер менен неге қашады?

Жігіттер менен неге қашады?

 "Сәлеметсіздер ме?! Мен 22 жастағы бойжеткенмін. Оңтүстіктің қызымын. Қазір, Алматыдағы универлердің бірінде сабақ берем, одан басқа репетитор болып жұмыс жасаймын. Айтайын дегенім жігіт мәселесі. Танысқан жігіттерім бір - екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді. Бойым 1.70, салмағым 48 кг семіз де емеспін, бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін... Анама магистратура бітіргенше тұрмысқа шықпаймын деп едім, Алла нәсіп етсе осы жылы магистратураны бітірем. Туысқандарымда тұрмысқа шығуға әрекет жаса, карьера деп жүріп қалма деиді. Тіпті, бірге жұмыс жасайтын апайда баласымен таныстырып еді, олда хабарласпай кетті. Анасына "ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен, өзін- өзі ұстауы, мәдениеттілігі ұнады, бірақ, бірдеме одан алшақтатып тұрған сияқты" деп айтыпты. Шыңдап қорқайын дедім. Тұйықталып кеттім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым. Құрбыларыммен де кездесуден қашатын болдым. Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел: "қызым, сенің жолыңды байлап тастаған, бақытсыз өтсін деп алдыңнан тұз шашқан, маған 2 түрлі жіп әкел ашып берейін жолыңды, сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой" дегенде мән бермеген едім, енді сол ойымнан кетер емес. Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқам. Қандай ақыл айтасыздар? Алдын-ала рахмет! Алла разы болсын!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста