Отбасы - ошақ қасы

Жігіттерге үш рет алданған бойжеткеннің сыры

  • © YouTube

    © YouTube

Фейсбукте Ақмарал атты қыз өзінің жігіттерден көңілі қалғаны туралы жазып, ой бөлісіпті. Соны көшіріп алып, сіздерге жолдап отырмыз. Оқып көріңіздер:


Жігіттерге үш рет алдандым


«Тағырдың тәлкегіне түскен жандардың бірі менмін. Бірақ мойыған жоқпын. Өйткені болашағым әлі алдымда. Әлі жиырма үштемін. Мүмкін, мына қыз не айтып, не жазып отыр деп түсінбей отырған шығарсыздар. Бәрін рет-ретімен айтайын.


Бір үйдің желкілдеп өскен жалғыз қызымын. Әке-шешем не ішем, не жеймін дегізбеді. Бәрін алдыма тосты.

Содан болар, бұлаң болып өстім. Көшеде келе жатсам кез-келген еркек артына бұрылып қарайтындай сымбат та, сұлулық та тал бойымнан табылатын. Ақылсыз да емес едім. Мектеп қабырғасында жүргенде талай бозбала сөз айтты. Арасында өзіме ұнағандармен дос болған кезім де болды. Бірақ бәрі тұрақсыз еді. Өйткені қазіргі жас балаларда терең ой жоқпа, әлде махаббат бар дегенге сенбей ме, білмеймін. Көбінің көздегені – «сүйем-күйем деп ант-су ішіп алып, артынан төсек қатынасына түсуге тырысу. Көнбесең, «сен сондайсың, анаумен жүргенсің, мынау мен жүргенсің» деп сөз айтып, ренжісіп кететіндер бар.


Өзімді періште санамаймын


«Сүйем» деген сөзге алданып, байқамай төсек қатынасына түсіп қалған кезім болды. Бәлкім, бұл аңғалдығым шығар. Білмеймін. Сөйтіп жүріп мектепті бітірдім.

Арман қуып Астанаға келдім. Жолым болып, студент атандым. «Қымызды кім ішпейді, қызға кім көз салмайды» дегендей, мұнда да дос болған балалар жеткілікті. Жігіттердің бар ойы сенімен бір рет төсекке жатқанша екенін тағы түсіндім.


«Сүйемін. Сенімен өмірімнің соңына дейін бірге боламын» деген сөздерге еркісіз еріп, тағы алданып түстім: үшінші курста жүргенде сондай бір жігіттен жүкті болып қалдым.


Жүкті екенімді айтып едім, ол жігіт: «қой мүмкін емес. Менен көтермеген шығарсың. Мен резеңкемен жасадым. Бойыңа ешнәрсе жіберген жоқпын. Басқамен болған боларсың» деп, ат-тонын ала қашты. Ақыры жоламай кетті.


Алданғанымды біліп, амалсыз ішіме біткен баланы алдырып тастауға тура келді.

Содан кейін оқу бітіргенше жігіт атаулыға жолаған жоқпын. Оқудан соң Астанада қалдым. Әке-шешем ақша жиып Астананың ортасынан ойып тұрып үй алып берді. Тағдырдан таяқ жеген соң ба, бос жүрісті, қыдыруды қойып, бар ынтамен жұмыс істеп жүріп жаттым.


Таксист Шалқар да мені пайдаланып кетті


Қыстың бір боранды күнінде аялдамада автобус тосып, тоңған соң, таксиге отыра салайын деп көлік тоқтаттым. Ақ «Нексия» тоқтады. Жүргізуші қу тілді жігіт екен.


«Атым Шалқар таксоват етемін. Ара-тұра тамада болатын өнерім де бар», деп майда тілмен мені өзіне үйіріп алды. Көзі бақырайған жапалақ секілді, бірақ бойында қыз-қырқынды тартатын бір қасиет бар.

Үйіме жеткенде жол ақысын ұсынып едім, алмады. Онымен қоймай ұялы телефонымның нөмірін сұрап алды.


Содан кейін-ақ екеуміздің арамыз жақындап кетті. Таңертен жұмысқа жеткізіп тастайды, кешке үйге алып келеді. «Көлікті несиеге алып едім, соны төлеп бітіре алмай жүрмін. Төлеп болған соң таксоват еткенді қойып, басқа жұмысқа ауысамын» деп қояды.


Кейде сенбі-жексенбі күндері той шықса, тамада болып кететіні бар. Бірақ сонда да өмірі ақшасы жетпей жүргені. Бірде «болашақ күйеуім осы шығар, ол қиналмасыншы деп, әке-шешемнен қажет болып тұр деп үш мың доллар болатындай ақша сұрап, несиеге алған көлігінің қалған ақшасын жауып бердім.


Содан кейін-ақ Шалқардың «анаған ақша керек еді, мынаған ақша керек, бере тұршы. Түбі қайтарамын ғой» деген әңгімесі көбейіп кетті. Кейде алған айлығымды тұтастай Шалқардың қолына ұстата салған кездерім болды. Бірақ оның ақшаға деген «тәбеті» күшейе берді. Арада бір жылдан астам уақыт өтті. Әу баста «үйленейік. Бірге болайық. Сенің өткен өміріңді қазбаламаймын. Жаңадан өмір бастайық» деген Шалқарым соңғы кезде оны ұмытты. Пәтер жалдап жүруші еді. Енді менің үйіме көшіп алған.


365info.kz


 




Көрілген: 3558    Пікірлер: 1

бейсенбі, 21.09.2017, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31