Отбасы - ошақ қасы

Жоқшылықтан қиналған жас келіншектің әңгімесі

  • © hurriyetdailynews.com

    © hurriyetdailynews.com

Жақында әрең дегенде мемлекеттік бағдарламамен қолжетімді баспанаға ілігіп, пәтерлі болдық. Оған да шүкір. Әйтпесе менің күйеуім үйлі болайық деп басын ауыртып жүрген адам емес.


„Қара кешке дейін үйде жоқ, таксовайттап күнделікті ішіп-жер асымызды әкелгенін зор көреді, онда да жарым-жартылай. Одан басқа түк пайдасы жоқ. Талай ұрсыстық. Бұлай болмайды, бірдеме қыл десем, орнынан қозғалмайды„ деп тығырыққа әбден тіреліп үшбу хат жолдаған жас отбасы мүшесі желі арқылы қоғам талқысына өз оқиғасын ұсынып, өмірде басы қатқан шатпағына жауап іздейді.


Бұл хат бізді де ойлантып тастады. Өйткені қазір бұлай қиналып жүрген мұндай қазақтың жас отбасы көп. Берер кеңестеріңіз болса, іркілмеңіздер дегіміз келеді.

„Атым құпия болсыншы! Екі балалы келіншекпін. Тұрмыс құрғаныма 4 жыл болды. Бірақ арасында көп төркіндеттім, 2,5 жылын толық тұрған шығармыз. Ұққаным, ажырасқым келмейді. Бірақ жауапсыз күйеуім мені әбден шаршатты. Не сөз өтпейді. Енді қайтсем екен?..


Мен оған үлкен талап та қоймаймын. Мені үлде мен бүлдеге орасын демеймін. Тек отбасындағы бар мәселені шешіп, еркекке сай өз мойнына жауапкершілік алса деймін. Бірақ ол бәрінен қашады, бәрін маған артып қояды. Ал өзі болса, қолына артық 1-2 мың теңге түссе, достарын шақырып, кафеге тұра жүгіреді. Бізді ойламайды. Мен кішкене қызымды қолыма алып, дүкенге барамын, керек-жарақтарды алып, ауыр сөмкені арқалап қайтамын. Өйткені ол жеткізіп үйге тамақ алмайды. Анда-санда балаға памперс алады.


Ай сайын үйдің кредиті бар — 6500 теңге, коммунальдық қызметтің ақысы — 10 мың теңге, 6500 теңге несиеміз бар. Түк емес қой, 25-30 мың теңге бір айда табуға болады деп ойлаймын. Бірақ осыны ол төлемейді.

Бір жылға толмаған балама берілетін ақшаны соған жұмсаймын. Ал балаға анасының жалақысына сай ақша есептеледі ғой. Өздеріңіз сезіп отырғандай, жұмысқа шықсам, одан бірнеше есе орап табамын. Бірақ оған ол тағы рұқсат бермейді. Не өзі таппайды, не маған тапқызбайды?..




Жүгіріп жүріп, үйді де мен жасап бердім. Міндетсініп тұрғам жоқ. Баламен үйде ерігіп отырмағанымды айтқым келеді. Көбіне мәселеден қашады. Мен төркініме кетіп қаламын. Бірақ оның әке-шешесі оған дұрыс бағыт-бағдар бермейді. Бәрі солай болуы заңды секілді.


Негізі, қолда барды бағалай алмай отыр ғой. Ішім ашиды. Әйтпесе көріп жүрміз ғой, күйеуіне косметикасына дейін саттырып алдыртатын керігіп қалған талай қатынды. Бізде ондай да мінез жоқ…

Қазір қомақты біреуден қаражат алып, бір іс бастайық деп жүрмін. Қалталы танысы да, тамыры да баршылық. О да үн жоқ. Сөйтсем бір құрбым:


„Сенің басың істей ме, 25-30 мың таппай жүрген жалқауы күйеуің, үлкен іс жасайды дейсің бе? Одан да қалталы таныстарын өзін пайдаланбайсың ба», деп кеңес берді.


Содан ойланып-ойланып бір бизнес-жоспардың нобайын қағазға түсірдім. Алдымен әлгі кеңес берген құрбыма хабарластым.


Сөйтсем ол тағы да ұрсып берді:


„Жынданып кеткенсің бе, мен саған сол адамды пайдалан дедім. Бизнес деген саған ойыншық па, сразу банкрот боласың, балаларыңа кім қарайды, орта жолда шашылып қаласың ғой.

Одан да оңай жолы, ақшасы бар адаммен көңіл қоссаңшы. Ондай адамды да қазір табу қиын, ал сенде дайын екен» дейді. Кетші деппін ғой мұны естіген мен.


Әбден шаршап кеттім. Анығы, бірдеме қылу керек. Сонда не істесем болады? Кеңес беріңіздерші…„ депті .


Айгүл Сазанова. Қапшағай қаласы


365info.kz

 




Көрілген: 2084    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 09:26
    Қыз күнінде бәрі жақсы...
    15 Қыркүйек, 10:29
    Енем мені менсінбейді
    7 Қыркүйек, 10:48
    Мұғаліміме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30