Отбасы - ошақ қасы

Жолдасым белсіз екенін мойындағысы келмейді

  • Көрнекі сурет.   © foto4ka.com

    Көрнекі сурет. © foto4ka.com

Жолдасым екеуіміздің шаңырақ көтергенімізге жеті жылдан асты. Әлі баламыз жоқ. Алғашқы екі жыл бойына екеуіміздің де ойымызға ештеңе кіріп шыққан жоқ. Алаңсыз, өмір ағымымен өмір сүре бердік.


Бірақ екі жылдан соң қайын жүртым да, өзімнің төркінім де «дәрігерге қаралсаңдаршы, бастарың жас кезде ертерек балалы болсаңдаршы» дей бастады. Сосын дәрігер жағалай бастадым. Негізі бұл саланың дәрілері де қымбат екен. Анализдерінің өзі удай қымбат. Қарызданып жүріп толықтай тексеруден өттім. Дәрігерлердің тапқан бір екі емдеу керек деген нәрселерін толықтай емдеп, іш деген дәрісін іштім. Бірақ сонда да көтере қоймадым.


Бір жылдай күтіп жүріп, қай бір жылы қайтадан дәрігер жағалай бастадым. Сол анализдер, сол дәрілер. Ақырында «сізде барлығы ойдағыдай, жолдасыңыз өтсін медициналық тексеруден» деді. Осыған дейін де бірнеше рет бұл өтінішті айтқаныммен жолдасым құлақ аса қоймаған еді. Бұл жолы да бармады. Жыладым, жалындым. Бірнеше күн сөйлеспей қойдым. Жоқ, бармады мүлдем. «Мен де бәрі дұрыс, өзі емдел» дейді. Біздің қазақтың жігіттері қызық, еш жері жанына батып ауырмаса дәрігерге баспайды. Олардың ойынша бала жасау тек әйелдің қолында тұрған нәрсе сияқты. Айта айта шаршадым.


Қайынағама да айтып көрдім «ақылдарыңызды айтыңыздаршы, барсын» деп. Оған шаруан болмасын депті. Амалып құрып жолдас баласына айтқам «Айна әуре болма ол жасырын түрде сенен дәрігерлік тексеруден өткен, кінә өзінен екенін біледі. Тек мойындағысы келмейді. Сондықтан көп мазалама» дегенін естігенде талып түсе жаздадым. Содан бері ішімді жеген осы мәселеден өліп барам. Ең болмаса маған айтса бірге ем іздеп, тығырықтан шығу жолын қарастырамыз ғой. Жолдас баласынан естіген нәрсемді барып ашып айта да алмаймын. Басым қатып кетті. Осынша уақыт өзімнің денім сау екенін біле тұра сабылып, қанша ем іздедім, жыладым, емге деп қанша ақшамды шаштым. Адамды осынша әуре етуге бола ма? Қазір қатты суып та кеттім, осы бір жаны ашымас қылығына. Қасымдағы жолдас қыздардың балаларын көргенде қатты елжіреп кетемін. Менің де «ана» атанып, бала сүйгім келеді. Қасыма балаларымды ертіп жүргім келеді. Кейде оңашада әбден жылап аламын. Ең болмаса онымен ашық, әңгімеге тартып сөйлесе де алмаймын. Жолдас баласын кінәлап, сөзге келіп қала ма деп қорқамын.


«Бәрібір баласыз өмірдің сәні жоқ қой» деп ажырасып кетейін десем туған туыстан ұялам. Сол баяғы менен көрері анық. Бір жағынан аяймын да, шынымды айтсам қазір қатты басым қатып кетті. Бірге тұрып, бір біріңнен мініңді жасыру өте қиын екен. Кейде «осынша уақыт бірге тұрып сеніміне кіре алмағаным ба» деген секілді ойлардан шаршап кетемін.


Қай күні «бала асырап аламыз ба қайтеміз» дедім, әдейі сөзге тартып, бала асырап алуға толықтай қарсы шықты. Уақыт та өтіп барады. Қазір жасым 31 -де. Бұлай жүре берсем, қайтадан тұрмысқа шығып, бала сүйе алмай қалам ба деп те қорқамын. Өзі мен шыдамсыз табиғатым. Қазір жатсам да тұрсамда осы бір ойдан шаршап кеттім. Не істесем болады? Ойым шашыраңқы болып, кетті. Ақыл қосыңыздаршы, ағайын.


Автор: Айна, Орал қаласы


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 4496    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30