Отбасы - ошақ қасы

Жолдасыма тоқал алуға өзім рұқсат бердім

  • Жолдасыма тоқал алуға өзім рұқсат бердім

    Жолдасыма тоқал алуға өзім рұқсат бердім

Қазір тоқал тақырыбы қоғамымызда жиі талқыланатын тақырып болып тұр ғой. Тоқал шын мәнінде отбасын ортасына түсіретін нәрсе ғой. Бірақ мен жолдасыма тоқал алуға өзім рұқсат бердім. Басқа амалым да болмады.

Біз жолдасым екеуіміз сүйіп қосылдық. Ерте үйленгендер ертерек етек жауып, есін де жияды екен. Көп ұзамай бөлек шығып, үй салып, көлік те міндік. 30 жасымда үшінші қызымды босандым. Толғақ өте ауыр болды. Көп қан кетіп, дәрігерлер өмірімді әзер сақтап қалды. Оған дейін екі қызымыз бар еді. Сонымен дәрігерлер үш қыздан соң, бала сүюге қатаң тыйым салды. Қазақта ер бала деп, дүниеге ұл келуін ерекше күтеді ғой. Менің де жолдасымның жолдастарымен жиналғанда басқа жолдастарының кішкентай ер балаларын мойынына салып, өзі ат болып, оларды арқалап, бокс қолғабын киіп, жұдырықтасып ойнағандарын көріп, ет-бауырым езілетін. Тұңғыш қызымызды ұзатқанда ұзату тойында әбден жылады. Оның жылағанын көріп мен босадым. Не ойлағанын білмеймін содан кейін жолдасым тұйықтала бастағандай көрінді. Өзі туымысынан балажан, жұмсақ адам. Қыздарын да қатты еркелетеді. Бірақ ер балаға деген ықыласының ерекше екенін тіпті байқайтынмын. Бір-екі рет ер бала асырап алу туралы айтқаныммен қарсылығын білдірді. Бірақ «өз тұяғың болғанға не жетсін» деген емеурінін байқап қалдым.

Негізі көп ішімдікке де жоқ. Бірақ жолдасымыз немересінің шілдеханасын жасағанда қатты ішті. Шыны керек алып бара жатқан күйігі жоқ. Қыздарым тәртіпті, мектепті жақсы оқып, университет пен магистратураны да жақсы бітіріп, өз салаларында жақсы маман болып жүр. Бірақ жасы елуге келгенше артында із қалмауына қайғыратындай көрінді. Бірақ мінезінің жұмсақтығынан сонысын маған ашып айта алмай жүргендей. Сонымен не керек, сол күйігі ішкілікке салдырмай тұрғанда тоқал алып беруге бел байладым. Ашық сөзге де тарттым. Алғашында «бой жетіп қалған қыздарымнан ұят» дегенмен, кейін ойымды мақұлдайтынын жеткізді. Өзім бастап тоқал туралы ұсыныс айтқанда мұндай қиналмап едім, жолдасымның тоқал алуды мақұлдайтынын білдіргенде қатты қиналдым. Жыладым да, ашумен бір ұлды қимаған құдайға да тілім тиді. Қанша жерден қимасам да ең алдымен өзімді көндірдім. Одан кейін қыздарыма жұқалап жеткіздім. Кіші қызы қанша айтқанмен кенжелікпен ерке болып қалған біраз бұртаңдады. Одан мені аяды ма құшақтап жылап, біраз қиналып жүрді. Ақырында көндікті.

Көп ұзамай араға жолдастары түсіп жүріп, мектепте мұғалім болып жүрген 33 тегі тұрмысқа шықпаған қызбен келістіріпті деп естідім. Алғашында алдымда кінәлі сезіне ме, жолдасым білдіртпеуге тырысып, көзін төмен сала беретін. Мен де ол үйге қонбаған күні түнімен жылап ұйықтамай шығатынмын. Талай рет түннің ортасында ұйқымнан тұрып алып жыладым. Есімді жия алмай біраз жүрдім.

Уақыт бәрін өзі емдейді екен. Екі жыл болды жолдасым тоқалынан ұлды болды. Қазір үйге өте сирек келеді. Айына бір-екі рет келіп, жағдайымызды біліп тұрады, қызына ақша беретін көрінеді. Ұлын атына жаздыру үшін некелері заңды болуы керектігін айтып, заңды түрде ажырастық. Қанша өкпем жоқ дегенмен кейде ұл асырап алуға келісім бермеген күйеуімді кіналап жылап аламын. Ең кіші қызым екеуіміз тұрып жатырмыз. Қызым да әкесіне өкпелі ме, «сізді ешқайда тастамаймын, тұрмысқа шықсам да бірге тұрамыз, кез келген үйдің ер баласынан артық бағамын» деп қояды. Бірақ әйел ретінде өзімді тастанды сезінемін. Қанша жолдасымды кешіруге, түсінуге тырыссамда жеке басының қызығын ойлағаны, бір ұл деп үш қызы мен мені тәрк еткені жаныма батады. Қартайып тұрғам жоқ елуден енді астым. Поштада қызмет етемін. Бірақ күйеуім кеткелі қатты қартайып кеткенімді сеземін. Бәлкім менің де маңдайыма жазылған тағдыр осы шығар.

Әсима, Ақтөбе облысы





Көрілген: 7152    Пікірлер: 18

жексенбі, 09.04.2017, 15:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 16:06
«Әке-шеше сатамын...»
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30