Отбасы - ошақ қасы

Жұрттың бәріне бұйыратын бір күндік бақыттың маған бұйырмағанына налимын

  • © wedding.4banket.ru

    © wedding.4banket.ru

Сәлеметсіздер ме? «Алаш айнасынан» түрлі тағдырларды оқып, өзімнің де тағдырыммен бөліскенді дұрыс көріп отырмын.


Қыз бала үшін ақ көйлек киіп, өз тойында өзін ханшайым сезініп жүруден басқа арман жоқ қой. Менің де «тойым болса екен» деген әп-әдемі арманым бар еді. Сол тойымда өзімді қалай жүріп тұрғанымды елестететінмін. Бірақ сол тойға жете алмай, оны туысқандарым бетіме басып, сол үшін жолдасым екеуіміздің арамыз суып барады.


Менің жасым 19-да. Тұрмыс құрғаныма екі жылдан асты. Бес айлық қызым бар. Күйеуім екеуіміз бір жылдай жүріп, шаңырақ көтердік.


Жолдасымды қатты жақсы көремін. Жолдасымның әкесі қайтыс болып кеткен. Анасы екеуі пәтер жалдап тұрады. Бәрібір бізге той жасап беретіндей шамалары жоқ еді. Үйленетін кезде жолдасым ақша іздеп, көп қиналды. Шаңырақ көтерген соң құдалық та, той да болмады.


Өзімнің ата-анам құдалық жасап, қайын жұртымды шақырып жіберді. Енді мені той жасамай ма деп қайта қайта сұрайды.


Әкем мінезі өте қиын кісі. «Той жасасын» деп ашықтан ашық айтып, күнде звандайды. Оны естіп алып жолдасым жынданады. Қиналады. Сол үшін күнде ұрыс, күнде жылау.


Туыстарым да той, құдалық болмағаны үшін сырт айналды. Біреудің тойы болса, төркінім «тойын жасапты, молодцы. Ұяты бар адамдар екен» деп айтып отырады. Құрбыларым да «сонда той жасамайсыңдар ма?» деп жиі сұрайды. Әрқайсысынан сондай сөз естіген сайын, кірер жердің тесігін таппаймын. Қазір бөлектеніп құрбыларыммен де араласпаймын.


Қызымды босанған соң, төркінім кішкене тыншу тапты. Алайда тойға шақырту билетін көрсем де, той көйлегін көрсем де жылай берем. Өзімді тойы болмаған бақытсыз қыз сезінем. Бірақ бұл өкінішімді ешкімге айта алмаймын. Күйеуімнің көзінше жыласам, оның қиналатынын білемін де, көрсетіп те жылай алмаймын. Білемін бір тоймен бүкіл ғұмырдың өлшенбейтінін, сонда да тойым болмағаны үшін қиналамын. Жұрттың бәріне бұйыратын бір күндік бақыттың маған бұйырмағанына налимын. Осы бір өкінішім туралы ойламауға кеңес беріңіздерші. Жалпы елімізде тегін психолог кеңес беретін жерлер бар ма? Алдын ала рахмет.




Самал, Алматы қаласы

alashainasy.kz/




Көрілген: 2275    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31