Отбасы - ошақ қасы

Кәрі қыздар көп. Бұған қыздың «қыздығына» қарайтын дәстүр кінәлі ме?

  • Кәрі қыздар көп. Бұған қыздың «қыздығына» қарайтын дәстүр кінәлі ме?

    Кәрі қыздар көп. Бұған қыздың «қыздығына» қарайтын дәстүр кінәлі ме?

Бүгінгі қоғамда кейбіреулер қыздың «қыздығы» болуы міндет емес дейді. Шынында да, шалыс басып, уызынан айрылып қалып жатқан қыздар өте көп. Енді солардың бәрі тұрмысқа шықпай, кәрі қыз атануы міндет пе?


Жоқ. Қыздардың қалай да күйеуге тию үшін «қыздық» тігетін жерлерге барып, қыз қалпына қайта келуге тырысары анық. Әлеуметтік желілерде жиі талқыға түсетін тақырыптардың бірі осы.


«Қазір басқа заман». «Қыздыққа» қарамау керек пе?

Фейсбуктегі парақшасына қазақтың бір қызы (аты-жөнін келтіруді қажет деп таппадық) осы мәселені тағы көтерген екен. Ол:


«Бағана бір құрбыммен дауласып қалдым. «Қазір басқа заман. Бұрынғыдай қыздық деген түсінік жоқ» дейді. Мен болсам, келіспедім. Сүйген жарыңа пәк болып тию керек қой? Әлде, бұл түсінік заман талабына сай ескіріп қалған ба?!»,


деп жазады.


Бұған жауап жазғандардың пікірі, көзқарасы әр түрлі. Соның бір-екеуіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.


«Адам баласы адамша тұрмысқа шығуы керек қой. Мал сияқты әркіммен косыла бермей, болашақ жарына арнауы керек өз пәктiгiн. Егер қыз тұрмысқа пәк болып шықпаса, онда адамдық қасиеттен жұрдай болғаны және қыздың пәктігіне көңіл бөлмейтін еркекте де адамдық қасиеттін болмағаны! Ал алданып, арбалып пәктігінен айырылған қыздар шындығын тұрмысқа шықпай жатып айтуы керек! Ешбір қызды ешбір еркек шынайы еркінен тыс қыздығынан айырмайды. Егер сол пәктігінен айырылған қыздар өздерінде күнә болмаса, сол еркекті сотқа берер еді! Қазір қыздардың өздері еркекті бірінші болып жыныстық қатынасқа шақырады».

«Пәктік – ең алдымен қыздың арының, намысының қаншалықты биік екенін дәлелдейді. Қыз болудың маңыздысы – жатыр таза болуы керек. Егер қыз таза болмаса, бұрын болған жігіттері генетикалық кодын қалдырып отырады. Сосын кейін бала өз күйеуінен бітсе де, оның генетикалық жолмен берілетін мінез-құлқы, қылықтары бұрын болған гені мықты жігітке ұқсап кетеді. Бұл медицинада дәлелденген».

«Қазір жасанды қыздық көп болып кетті. Бүгінгі қыздар оңды-солды қыдырып алған соң тұрмыс құрарында ұнатқан жігітіне қыз болып көріну үшін жасанды қыздық салдырады, оның екі-үш күндігі, бір апталығы да бар. Ақшасын берсең, кез-келген xирург салып береді екен. Кей қыздар пәк бола тұра басқа да ерсі қылықтар істейді, мысалы: ауызға алу, қыздығын сақтау үшін анал мүшесімен төсектес болуды жөн көреді. Сондықтан нағыз пәк қыздар аз шығар бұл заманда!».

Бұл пікірдің қай-қайсысымен де келісуге болады. Сіз не дейсіз? Бүгінгі таңда қыздың «қыздығы» бойында сақталуы керек пе, әлде міндет емес пе?


Аян Мырзабек


kaz.365info.kz




Көрілген: 4080    Пікірлер: 1

сейсенбі, 20.02.2018, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30