Отбасы - ошақ қасы

«Қарапайым қазақ жігіті табылмады ма?»: Қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қыз елдің сынына жауап берді

  • «Қарапайым қазақ жігіті табылмады ма?»: Қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қыз елдің сынына жауап берді

    «Қарапайым қазақ жігіті табылмады ма?»: Қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қыз елдің сынына жауап берді

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан Ләйлә есімді бойжеткен өзін сөккен қазақстандықтарға жауап берді. Оның жазбасы Instagram әлеукметтік желісіндегі aiel.baqytyy тобында жарияланды.


«Неге адамдар мәселенің мәнін көрмейді, оны кеңінен қарамайды? Бәрі біздің Қазақстандағы саяси жүйеге байланысты. Мысалы, біз қанша қытай тілін білсек те, Қытай азаматтығын ешқашан ала алмаймыз. Ал елімізде бәрі оп-оңай, осында жұмыс істеп жүріп, өзге елден, өзге ұлттан болып, мемлекеттік тілді білмесе де Қазақстан азаматтығын алу қиындық туғызбайды. Бізде қытайлар үшін визасыз режім енгізді. Қытайлар көптеген құрылыс нысандарын салып жатыр. Біздің қазақтар еліміздің дамуына үлес қоса алмайды, тек шағым айтуды біледі. Ауызбен бәрі «патриот», мақтанудан алдыларына жан салмайды, іске келгенде нөл»,- деп ашынды ол.



Бойжеткен көпшіліктің «неге қазақ жігітін таңдамадың?» деген сұрағы өзін мезі етіп жібергенін айтып, желіде жеке басына тіл тигізгендерге жауап берді.



«Біздің қазақтар өздері ештеңе істей алмайды, өзгелерге де істеуге мүмкіндік бермейді. Шексіз ресурстар мен таусылмайтын уақыт бар сияқты, еліміз әлі жас деп сылтауратады. Көбі күйеу жігітім «неге қазақ емес?», «қарапайым болсын қазақ табылмады ма?», «біздің қазақ жігіттері сені бағаламаған ғой» деген сұрақтарымен мені шаршатып жіберді»,- дейді ару. Ләйләнің айтуынша, сүйіктісінің адамгершілік қасиетін сыйлайды екен. Ол жауапкершіліктен жалтармайтын адам көрінеді. Сондай-ақ, жарының ислам дінін қабылдағанын және доңыз етін жемейтінін мәлімдеді.



«Шынын айтсам, мен жайлы өзгелердің не ойлайтыны қатты алаңдатпайды. Негізі қазақтар мені бағаламады емес, мен оларды бағаламадым. Біздің жігіттер қызметің, жеке пәтерің болғанын қалайды. Ата-анасы кімдер (сенің жоғарыда байланыстарың бар ма?) деген пікірді оларға әке-шешелері таңып қояды. Отбасында келіннің пікірімен мүлдем санаспайды, турасын айтқанда құл сияқты. Біздің статистиканы қарасаңыз, отбасылық зорлық-зомбылықтың көптігі соншалық, ажырасумен бірдей болып келе жатыр»,-деп жазған ол.



Ләйлә өзін қатаң сынап, түрлі балағат сөздер жазып жатқан желі қолданушыларына өкпесін жеткізіп, бөтен адамға негізсіз тіл тигізбейтін күйеуінің олардан жақсы екенін алға тартты.




Көрілген: 2552    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.07.2018, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31