Қатынымның «жұрттың өзіңдей еркектері» деген сөзі өтіп кетті

Қатынымның «жұрттың өзіңдей еркектері» деген сөзі өтіп кетті

«Өлем!» деп ойладым. Өлгенде, бекерден бекер өле салмайсың ғой, просто қатынымның «жұрттың өзіңдей еркектері» деген сөзі өтіп кетті да. Өзім пәтер жалдап тұрамын, айлығым жер алып, үй салуға жетпейді, қарыз деген шаш-етектен. 

Қаным басыма ша­уып тұрғанда жұрттың еркегі де бәле болды. «Пәлен­шенің байына қарашы әні!» – деген сөзден-ақ жүйкем жұқарып бітті. Қыз күнінде «сіз» деп сызылып тұратын сыпайы қатынымнан бұл күнде жұрнақ та қалмаған, бірдеңе айтсаң, бетіңнен алып, төсіңе шауып тұрады. Табысың мардымсыз болса қатын екеш, қатынға да абыройсыз екенсің ғой. 

Бәрінен құтылудың ең тиімді тәсілі – өле салу еді. Бұл – қатыныммен кезекті ұрыстан кейін басыма келген соңғы ой, нақты шешімім болатын. 

Сол қарқыныммен сарайға кіріп, асылатын жіп іздеп жүргенмін, тапқаным да сол, қожайыным жетіп келгені. 

– Өй, тыныштық па? Не істеп жүрсің менің сарайымда? 

Бұл құрып кеткір сарай екеш, сарай да менікі емес екені сонда ғана есіме түсті. 

– Өлейін деп жүрмін. Шаршадым бәрінен... 

– Басқа өлетін жер таппадың ба? 

– Не бопты? 

– Қой, айналайын, өлесің бе, басқа жерге бар. Ертең сен тұрсаң асылып, мен жүрсем млисаға жауап беріп... Басыма бәле тілеп алар жайым жоқ, айналайын, шық былай! 

О, сұм дүние десеңші! Мен өлейін деп тұрсам, қожайын өз басының тыныштығын тілеп тұр. «Қой, айналайын, ашуыңды бас, қазір кім жетісіп жүр дейсің?» деген сияқты жылы сөз күткен едім негізі. 

Аптығым басылып қалды. Сонда да бой бергім келмей: «Ешкім мазаламайды. Өз еркім­мен өлдім деп қағаз жазып кетемін...» – деп далбасалап кеттім. Қожайын көнбеді. Көнбек түгілі: «Келін, а, келін!» – деп үй жаққа қарап айқай сап қатынымды шақырып алды. Оның да ашуы оңайлықпен ба­сыла қоймайды, шашы жал­бы­рап, етегі далаңдап лезде жетті. 

– Ойбай-ау, келін, мынауың өлем дейді! 

Тым құрыса «күйеуің» де деген жоқ. «Мынауың»... 

– Кім? 

– Мынау да...

 Әйелім «мынаудың» кім екенін енді түсінгендей, бетіме ажырайып қарады. 

– Өлем дей ме? 

– Сөйтеді. Сарайды апыр-топыр шашып, жіп іздеп жүр... 

– О-о, сорлы! – деді қатыным. – О, сорлы, өлгішін қарай гөр бұның!.. 

– Мен де соны айтам да, – деп қожайын қыстырылды. 

– Сен сұмырай неменеңе жетісіп өлмексің? Сенің түгің кетпейді, өлесің де кетесің. Екі ортада мен сорлаймын ғой. Өлгенде тоғыз адам сынап келеді, біреуі жылап келеді. Сенің жетің, қырқың, бей­сенбілігіңді өткізу менің сорым болады ғой. 

– Қазір жүз күндік деген шыққан, – деп қожайыны құрғыр тағы қыстырылды. 

– Соны айт. «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген... 

– Жұма сайын нан пісіріп, әруаққа құран бағыштап отырмасаң ұятты, – деп қожайыным үлкен ықыласпен тағы қыстырылды. 

Әйеліммен бірінші рет ұры­суым емес, бірақ мақалдатып ұрысқанын бірінші рет көруім. Қожайыным қоштап, ол бастап, біраз жерге барды. Сө­зінен түсінгенім, өлсем, көмусіз қалады екенмін. Қысқасы, менің өлімім ол үшін қып-қызыл шығын, сол шығынымды өтеп алсам болды, жолымнан қалдырып, етегімнен тартайын деп тұрған ешкім жоқ. 

– «Жақсы ит өлігін көр­сетпейді» деген. Өлесің бе, шығыныңды жауып кет. Саған бола тыраштанатын жа­йым жоқ, – деп қатыным тоқетерін айтты. 

Бір қарағанда оныкі де рас енді, өлуін мен өлемін, ол байғұс жаназама дастархан жасап, басыма тас қойып... Қой, құрысын, шығынымды жауып кетейін деп ойладым. 

Ары-бері ойлап, өзімді көметін «спонсор» табуым керек деп шештім. Шешкенде, бұл мәселеде көмек беретін бір ғана адам – бала күннен бірге өскен досым Асан еді. Ол қазір жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты, жағдайы жақсы, қалтасы қалың. Қатыным айтатын «жұрттың еркегі». Салып ұрып соған бардым. Баруын бардым ғой, алдына зорға кірдім. 

Обалы не керек, жақсы қарсы алды. Хатшы қызға шай алдырды. Шай үстінде жағдайымды, неге келгенімді сұрады. «Болары болды», не жасыратыны бар, өлетінімді айттым. 

Асан досым ұзақ ойланды. Көзін бір нүктеге қадап алып, облыс көлеміндегі мә­селені шешкелі тұрғандай ыңыранды кеп. Менде де үн жоқ, шәйнектегі тегін шайды сораптап отырмын. Әлден уақытта Асан тілге келді. 

– Сені ауылға апарып қоямыз ба, әлде, осы қалада қоямыз ба? 

Досымның бұл сөзі «саған төсекті төргі бөлмеге салайық па, әлде далаға жатасың ба» дегендей жайбарақат шықты. 

– Ауылда әке-шешем жатыр... Туған жерім ғой... 

– Дұрыс қой, бірақ менде уақыт тапшы, өзің білесің... 

– Мейлі онда, қалада-ақ қала берейін. 

Екеуміздің әңгімемізді сырттан естіген кісі мені әскери борышын өтеп қайтуға барады екен деп ойлаған шығар. 

– Қалада қалғанда... Да­йындап қойған жерің бар ма еді өзі? 

Алғашында әзілдеп отыр екен деп ойладым. Ойбай-ау, қалада жерім болса, моламды салғанша үй салмаймын ба? Асанға осылай дедім. 

– Сонда сен маған зираттан жер әпер деп отырсың ба? 

– Енді... Ыңғайына қарай көрсең... 

– Ой, айналайын, сен ол жақтан жер алу қанша екенін білесің бе? Сенің өлуің ештеңе емес, моладан жер алу керек, одан кейін қатарыңнан кем болмауың үшін басыңа кесене тұрғызу керек... 

Қысқасы, Асан досым спонсорлықтан бас тартты. Тартқанда түбегейлі емес: «Сен алдымен жеріңді дайындап ал. Басқасын мен көтерейін», – деп жомарттықтың тамаша үлгісін көрсетті. Ол да болса көңілге демеу, асылып өлетін арқанымды жоғалтып алмай тұрғанда жататын орнымды ыңғайлап алайын деп қала шетіндегі молаға тарттым. 

Барсам... О, тоба-ай, тоба... Шынымды айтсам, мәйіттердің жатын жайы менен әлдеқайда ілгері екен. Осы біз қаладағы кейбір байлардың үйіне қызығамыз ғой. «Керемет екен!» деп. Мұндағы кейбір марқұмдардың басына соғылған кесене кереметтің өзін таңқалдырады. Кесене түгілі, біреу­лердің басына қойылған тастың құны мен секілді оншақты байғұстың бір жылдық табысы шығар. Дұрыстап өлудің өзі де бір бақыт екен ғой. 

«Қой, – деп ойладым мен. – Өлген соң жұртқа күлкі болмай, дұрыстап өлейін. Мен де біл әулеттің азаматы едім ғой. «Пәленшенің басында белгі тас та жоқ» деп аузы жеңіл біреулер ертең молама күлер...» 

Сол оймен сүмірейіп үйге қайттым. 

– Банктен хабарласты. Несиені төлеңдер дейді, – деп әйелім табалдырықтан аттамай жатып тағы бір міндеттеме жүктеді. Демек, кесенеге емес, несиеге ақша жинау міндеті тұр алдымда. 

...Тірі адамға тіршілік бітпейді ғой, сол оқиғадан кейін алты жыл өтті. Күні кеше несиемді төлеп біттім. Енді кесенеге ақша жинауым керек еді, тек бала өсіп қапты. «Менің пәтерден пәтерге сандалғаным жетер. Тым құрыса балам өз шаңырағында отырсын» деп, енді балам үшін ақша жинап жүрмін. Соған кішігірім баспана тұрғызып берсем, сосын, өзіме... 

Оған дейін өзім де бір жақты болармын. Зәулім кесене болмаса да кең даланың бір бұрышынан тоқымдай жер тиер. «Әкем салған баспана еді» деп мені төргі бөлмеге сақтап қоймасы анық. Ленин емеспін ғой. 

Ал әзірше өлейін десем, ақшам жоқ. 

Пернебай САПАРОВ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста