Отбасы - ошақ қасы

«Қатының бедеу ме, демек «жатқыш» болған». Министрдің сөзі желіде дау туғызды (видео)

  • «Қатының бедеу ме, демек «жатқыш» болған». Министрдің сөзі желіде дау туғызды (видео)

    «Қатының бедеу ме, демек «жатқыш» болған». Министрдің сөзі желіде дау туғызды (видео)

Денсаулық сақтау министрі жасаған баяндамасында бедеулікке қатысты келтірілген факті Интернетте үлкен дау туғызды.


Бұл оқиға Ресейде болған. Нақтырақ айтқанда, Чуваш Республикасының денсаулық сақтау министрі Владимир Викторов Новочебоксарскінің дамуын қорытындылаған баяндамасында:


«Егер әйел адам бала туғанға дейін жеті еркекпен жатып қойса, бұл — 100 процент бедеуліктің кепілі» деп салыпты.


Бұл жиынға 200 адамнан бөлек Чуваш Республикасының басшысы Михаила Игнатьев та қатысып отырған екен. Мұны естіген олар жағасын ұстаған. Жоғары лауазымды адамның осындай ақылға қонымсыз дүние айтуы елдің ашуын туғызған.


Кейін „Мұны не үшін айттыңыз, түсіндіріңіз„ деп артынан шулаған журналистерге министр мүлде жауап қатпай, дымдарын қатырған.


„Мынау, сұмдық болды. Сонда бедеу әйелдердің бәрі жатқыш па?„ деп желідегілер шулап, тапталған құқықтарын қалыпқа келтіруін министрден талап етуде.


Ал ертеңінде Денсаулық министрлігінің порталында «Президенттік перинатарлық орталығының» бас дәрігерінің осы жайтқа қатысты пікірі жарық көрді.


«Қабыну жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан пайда болады. Әлемдік статистика бойынша, бір ғана хламидиоза жастар арасында 30 процентке өскен. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру 50 процентке артқан. Осыларды ескере отырып, аз ғана жұбы болған әрі жұбын жиі ауыстырған әйелдердің бедеулікке шалдығу деңгейі өте жоғары», – делінген онда.


Демек, министр сөзіне дәлел келтіріп тұр ғой бұл арада.



kaz.365info.kz




Көрілген: 4467    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.02.2018, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30