Отбасы - ошақ қасы

Қайын атасы келініне ғашық екенін айтып, күн бермей жүр

  • Қайын атасы келініне ғашық екенін айтып, күн бермей жүр

    Қайын атасы келініне ғашық екенін айтып, күн бермей жүр

Үйленгендеріне жеті жылдың жүзі болған Ғалия (ред: есімі өзгертілді) атты кейіпкеріміз NUR.KZ порталына қайын атасы өзіне ғашық екенін айтып, мұңын шақты.


 «Үйленгенімізге жеті жылдың жүзі болды. Қос құлыншағымыз бар. Күйеуіміз екеуіміз әлі 30-ға да жетпегенбіз. Ал қайын атам - 50 жаста. Енем жоқ. Мен келін болып түспей тұрып, дерттен қайтыс болған», - деп өз оқиғасын бастады кейіпкеріміз.

Ғалияның басты мәселесі ол емес. Басты мәселесі күйеуінің әкесінде екен.


«Атамның ішетін жаман әдеті бар. Ащы суға сылқия тойып келген күні мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады. Мен үйде декреттік демалыстамын. Күйеуім жоқта талай ұрыстық та. Жылап та айттым, күйліп те айттым. Қояр емес, мені жақсы көретінін де айтты», - не істерімді білмеймін деп мұңын айтты.

Кейіпкер үйде боянып, әдемі болып жүре алмайтынын да жеткізді.


«Күйеуімді боянып, әдемі болып күтіп алғым келеді. Күйеуіме еркелегім келеді. Бірақ, олай жасай алмаймын. Жұбайым күндіз жұмыста, қайын атамнан бәрін күтуге болады. «Неге кетіп қалмайды» дейтін шығарсыздар. Кете алмаймыз! Күйеуім бұл оқиғалардан хабарсыз. Оның жүрегін ауыртқым келмейді. Әрі маған сенетінін – сенбейтінін білмеймін. Не дегенмен әкесі ғой», - деді Ғалия.

Айтпақшы, Ғалияның күйеуінің бөлек тұратын қайнысы мен келіні бар екен. Алайда, атасының таңдауы үлкен ұлына түсіп, шаңырақтан шығармай отырған жайы бар.


«Мұндай сұмдықты күйеуіме қалай жеткізерімді білмеймін. Оны жақсы көремін ғой. Сондықтан жүрегін ауыртқым келмейді. Атамды әйел алдыруға көндіре алмадық. Қалай бөлек шығуға көндірсем болады?», - деген Ғалия біздің редакция арқылы көпшіліктен ақыл сұрады.


NUR.KZ




Көрілген: 13569    Пікірлер: 14

бейсенбі, 15.02.2018, 22:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30