Келіні қайын атасымен ойнас қылған

Келіні қайын атасымен ойнас қылған

-Жүр кеттік, мен саған бір қызық көрсетейін, -деді бірде Есберген. Содан екеуміз самғай ұшып ауылға жеттік. Ауылдың арғы жақ шетінде Боқан деген шал тұратын. Жалғыз ұлы сотталып, келіні және кішкентай немересімен бірге тұрып жатқан.

Үйдің қабырғасы елес-әруаққа кедергі болып па, екеуміз қабырғаны көктей өтіп үйге ендік. Пеш жағылатын ас бөлмеде кішкентай баласымен келіншек жатыр. Шал төргі бөлмеде еденге салынған төсекте ұйқы құшағында.

Мұнда неге келгенімізді білмей аң-таңмын. Шынын айтқанда біраз үйлерге өзім де кіріп көріп жүрмін. Таңғалатын ештеңе жоқ. Ұйықтап жатқан адамдарға қараған да қызық болып па?
-Мұнда не бар? –деймін Есбергенге қарап.

-Тс…с –деп ол ерніне саусағын апарып даусыңды шығарма дегендей.-Ау, бізді болсын-болмасын ешкім де естімейді. Тіпті, бар даусыңмен айқайласаң да ешкімнің құлағына кірмейді ғой, -дедім мен таңырқап.

-Жә, дәңгірлеме, -деді ол. –Кішкене күт. Сосын көресің қызықты.

Біз бір сағаттай отырдық-ау деймін. Шынын айтқанда, елес-тәнмен жүргенде уақыттың қалай өткені онша сезіле қоймайды. Бір кезде төргі бөлмеде жатқан шал оянып, қақырынып-түкірініп далаға шықты. Әжетханаға бармай, есік алдында дәрет алған ол бөлмесіне емес, келіні жатқан асүйге кірді.

Ол ұйқы құшағында жатқан келінін иығынан тартып жұлқылап жатыр. Оянған келін басын көтеріп үн-түнсіз шалдың соңынан ерді. Екеуі төргі бөлмеге кіріп, төсекке қисайды. Шал әй-шай жоқ бірден келінінің үстіне қона кетіп, сәлден соң құнжаңдап еркектік шаруасына кірісті.

Болат деген сыныптас баланың үйіндегі видеодан көргендерім болмаса, ер адам мен әйелдің төсек жақындығын өмірі көрмеген басым аузым ашылып аңырайып қарап қалыппын. Түн қараңғы болғанымен, елес-тән үшін үйдің іші де, дала да сүттей ұйыған жарық.

Ырсылға басқан шалдың екпінді қимылына сәлден кейін келіншектің аянышты ыңқылы қосылды. Көздерін тарс жұмып, екі қолын екі жағына жая шалқасынан жатқан келіншек бар дүниені ұмытқандай рахатқа батып, баяу ғана ыңырсиды.

Шаруасын бітірген шал бір кезде келіннің үстінен түсіп, шалқасынан жатты. Көрпесі ашылыңқырап қалған келіншектің жалаңаш сандары жарқырап көрініп жатыр. Келіншек орнынан тұруға асықпайтын сиықты. Төсек ләззатының дәмін алғысы келгендей ашық-шашық күйі керіліп біраз жатты.

-Орныңа бар, ана бала оянып кетіп жүрер, -деді бір кезде шал. Келіншек орнынан сүйретіле тұрып, асүйге кетті.

-Қалай? –деді Есберген маған қарап.

-Сұмдық екен, -дедім мен. –Туған келінімен қалай мұндай ұятсыздық жасайды. Өзі болса, сексенге келген шал.

-Онда тұрған не бар? Сексенге келсе де шалың мығым. Көрдің бе қимылын.

-Көптен бері осылай жасай ма? –дедім бір кезде.

-Мен білгелі екі жылдай болды ғой деймін.

Шалдың баласының аты Мұхтар. Ол ел ішінде рэкет аталып жүрген адамдарды бопсалап ақша алатындармен қосылып, біраз дүниені бүлдірген екен. Содан ақыры қолға түсіп, он жылға сотталып тынды. Кішкентай бір ұлдары бар-тын. Менің білуімше, балалары биыл мектепке барған болуы керек.

Шалдың үш қыз, бір ұлы бар. Қыздары тұрмысқа шығып кеткен. Біреуі осы ауылда тұрады. Ұлының жасы менің білуімше, 32-35-тің шамасында. Ал келіншегінің жасы көп болса отыздарда шығар. Сексендегі шалдың отыздағы келіншекпен жақындасуы ақылға сиымсыз шаруа сияқты. 

Qasym.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста