Келіннің енесіне істегені өз басына келді

Келіннің енесіне істегені өз басына келді

 Қыздар негізі қыз бала өсіп, бойжеткенде сүйгенінің етегінен ұстап сол шаңыраққа барып түтінін түзу түтету ол заңдылық. Солай емес пе?! Өзім де Аллаға шүкір бір әулеттің үлкен келінімін. Ата~енеммен ауылда тұрамыз. Ұлым бар. Менің айтқым келгені өзің қандай келін болсаң, болашақта сондай келін сенде болады деген рас екен. Осыған сәйкес бір мысал айтып берсем деймін.Мүмкін енемен сыйыса алмай жүргендер ойланар. Жеке өз басым осы уақытта қатты ойланып, барынша енемді сыйлауға тырысып жүрмін. 
Біз шеткері бір ауылда тұрамыз.Бізден 3-4 үй әрі бір отбасы бар.Ұлы келінмен 4 балалары бар және қарт ата- енесі, бәрі бірге тұрады. Алла өзі кешірсін, жаман айтсам бірақ келіндері сондай кесапат, тәрбиесіз. Енесіне сен деп сөйлейді. Жұмыс жасағанын міндетсініп, тамақ істеп қойсаң нең кетеді, ана баланың көтенін жуа салмайсың ба деп есік алдында айқайлап жүреді. Атасы мал қорадан шықпайды, үй жағын тазалайды да журеді. Алжыған шал дейд оны келіні. Атасы осы ауылдың молдасы. Дем салады, Құран оқиды, соны жақтырмайды, далада оқып кел деп шығарып жібереді.Күйеуі вахтада істейді. Үйінде болғанда күнде ұрыс,төбелес. Әйелі қайтпайды, қолына не түссе, сонымен ұрады.Енесі араласса итеріп жібереді. Бізге бәрі көрініп тұрады, оған көзіміз үйреніп кеткен сияқты. Енді айта берсем өте көп. Алла бетін әрі етсін.

Бір күні атасы маған кеп тұр, "айналайын, өтініш ауданға барып 6 кг фарш әкеп берші" дейді. Қонақ күтетін шығар деп ойладым. Жарайды деп үйіне апарсам, тағы айқай. Сөйтсем олар кешегі тамаққа манты жасапты содан калғанын үйдгілері келіні жоқта түскі асқа ысытып жепті. Сөйтсе, кешке келіні келіп, маған манты қалдырмадыңдар деп айқай шығарыпты.  Сонымен балаларын ұрған ашуланып олар жылағанға енесі шыдамай балаларды құшақтаса, кетіңдер бәрің деп далаға қуып шығыпты. Мен барсам, енесі жас балаша жылап отыр, бәрі өз қатем өз кінәм деп. Сәл жұбатқансып үйге қайттым. Үйде шәй үстінде әңгіме шығып кетті. Атам олар туралы сөз қозғады. "Бәріміз бірге өстік, ойнадық үйлендік. Сонда олар да әке-шешелеріне тура осылай жасаған" деді. Келіні ауру енесін мүлдем қарамайтын дейді.Төсекке таңылған ол кісі бұтына жіберіп қойып жататын, ешкім қарамайтын, сонда келіні бөлмені сасыттың деп екі қабат көрпешесімен далаға шығарып тастайтын.Күн әжептеуір суық болатын. Сонда ол кемпір далада жатып бір үзім нан беріңдерші деп жылайтын. Біз талай нанын, суын бергенбіз. Бірақ өз ұлдары мейірімі болмаған соң ақыры кетті ғой дейді. Енді сол жасағандарын Алла өз келіндерімен алдарына келтіріп тұр ғой деп еді.
Міне қыздар солай. Ол сөз рас екен.Не жасасаңда алдыңа келеді деген осы емес па.Менің мақсатым ол отбасының атын қаралау емес.Тек мен сияқты ойланып ақылға келу. Мен Алла сақтасын, ана келін сияқтымын демеймін, тек кейде ененің ащы тілін естігенде тістеніп қалатыным бар еді.Сол ғана айтарым. Ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Алла бәрін оңынан, жақсылығынан бергей. Балалар ауырмасын.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста