Отбасы - ошақ қасы

Келіншегімнің жан жарасын қалай емдеймін?...

  • Келіншегімнің жан жарасын қалай емдеймін?...

    Келіншегімнің жан жарасын қалай емдеймін?...

 Жасырын болсыншы. Сəлеметсіздер ме? Мен ер адаммын, жасым 25-те. Басымдағы қайғыммен бөліскім келеді. Мен 19 жасымда үйлендім. Содан 6 жылдан аса уақыт өтті, әзірге баламыз жоқ.


Əйелім 2 рет түсік тастады, үшіншісінде қатты итжерік болып, тамақ іше алмай, бүйрегі істемей қалып, комаға түсті. 10 күндей комада жатты. Содан жан сақтау бөлімінде 3 айдай жатты өздігімен жүре алмады. Үйге шыққан соң да 6 айдай жүре алмады. Содан бері 3 жыл өтті. Қатты күйзелістен етеккір де тоқтап қалды. Енді іштей өзін- өзі жеп келеді.
Баласыз маған да оңай емес. Бірақ жарыма қараған сайын жүрегім ауырды. Салмағы 40 келі, өте әлсіз. Бұрын толықтау болатын. Оған жаным ашиды. Ол маған: "Мені таста, басқа əйел ал" дейді. Бірақ мен оны қалай тастаймын, 6 жыл бірге тұрып, осындай қиын жағдайға түскенде қалай жалғыз қалдырамын. Қимаймын. Білем əрине, қазір ажырасып, ертең басқа жанға үйленіп, балалы болуға да болар еді. Бірақ сезіммен үйленген соң жарыса салу қиын екен. Менің айтайын дегенім бұл емес, ажырасу туралы ойлаайымн да. Мен тек әйеліме көмектескім келеді. Оның тәбетін қалай ашуға болады, не істесем жарымның өмірге құштарлығын арттырам, қалай көңіл-күйін көтере аламын? Мүмкін біреулеріңіздің басыңызда осындай жағдай болған шығар? Бұндай жағдайдан қалай шықтыңыздар? Мүмкін араларыңызда жақсы дәрігер бар шығар. әйелім үнемі күйзелісте жүреді. Бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білсеңіздер, айтыңыздаршы. Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін.
Аноним


Көрілген: 1908    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31