Отбасы - ошақ қасы

"Кешіруге дайынмын": Шымкенттік жігіт нағашысына кетіп қалған әйелін сағынып жүр

  • "Кешіруге дайынмын": Шымкенттік жігіт нағашысына кетіп қалған әйелін сағынып жүр

Шымкенттік Хамит есімді жігіт сүйгенінің ағасына кетіп қалғанын айтып, жан сырын ақтарды. Ер азамат енді жақындарынан ұялып, елдің көзіне түспеуге тырысады деп хабарлайды NUR.KZ.


Ал бұл уақытта 35 жастағы жігіттің әйелі жаңа күйеуімен бақытты ғұмыр кешуде екен.


"Біз Назеркемен екі жылдай кездестік. Содан кейін оған өз сезімімді білдіріп, үйленуге ұсыныс айттым. Оның бір баласы бар екеніне қарамастан, үйленгенбіз. Назерке ұлын жігітінен туған. Алайда ол баладан бас тартыпты. Осындай жағдайға қарамастан, біз бақытты едік", - деді өткенін еске алған Хамит.


Хамит сүйгенімен кездесіп жүргенін, оның баласы бар екенін жақындарына айтпаған. Тек үйленер алдын ғана туыстарына барлық шындықты айтып беріпті.


"Анам әрине қарсы болды. Ол менің үйленбегенімді алға тартып, тұрмысқа шықпаған қыз алу керектігін айтты. Мен оның қандай жақсы қыз екенін айтып, туыстарыммен әзер дегенде таныстырдым. Бірақ менің 60-қа тарта туысымның барлығы менің таңдауымды ұнатты. Солай той өткіздік. Кішкентай балақай да үйге жиі келіп тұратын. Жарты жыл бірге тұрғаннан кейін, қала сыртынан жер алдық. Балалы болуды да жоспарлаған едік", - дейді Хамит.


Үйіне қонақ жиі келетінін айтқан Хамит, алыс ағайынының бұл отбасыны жиі төңіректеуге айналғанын байқамай қалған.


"Бір күні Назерке үйден кетіп, телефонға жауап бермей қойды. Мен не болғанын түсіне алмадым. Бір аптадан кейін үйге келіп жылады. Ата-анасында қиындықтар туындағанын айтты. Осыдан кейін оны кешіріп, артық сұрақтар қоймадым. Алайда осы оқиға тағы да қайталанды. Мен әйелім үшін ұялдым. Ол екінші рет үйге қайтып келіп, заттарын жинады. Содан-соң ажырасуға арыз беретінін айтты. Ол өзге ер адамды сүйіп қалғанын жеткізді. Ал бір айдан кейін мен оның 40-тан асқан нағашыммен өмір сүріп жатқанын білдім", - деп жан сырын ақтарды Хамит.

Осы оқиғадан арада үш жыл өтсе де, Хамит Назеркені ұмыта алмаған.


"Осыншама масқараға қарамай, мен оны кешіруге дайынмын. Біз әлі күнге заңды некедеміз. Оны алып, ел көрмейтін, құлақ естімейтін бейтаныс жерге кетіп қалар едім", - деп оқиғасын аяқтады Хамит.




Көрілген: 1640    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.10.2018, 19:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30