Отбасы - ошақ қасы

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

  • Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

    Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

 Отбасылы азаматпен көңіл қосқан Асылым Арманқызы (есімі өзгертілді) жұрттан кеңес сұрады. Ол сүйіктісінен жүкті болып қалған екен. Ал сүйіктісі өзі атастырылып қойған қызға үйленіп кеткен.


Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.


Қазақстандық келіншек біраз уақыттан бері отбасылы азаматпен кездесіп жүр. Жуырда одан бала көтеріп қалған екен. Алайда жігіт баладан бас тартып отыр. Осы орайда, келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрады.


«Менің жасым 30-дан асқан. Ажырасқанмын. Бір балам бар. Жарты жылдай бір жігітпен кездесіп жүрдім. Бірақ, ол атастырылған қызына үйленіп кетті. Осыдан кейін қатынасымызды тоқтаттық. «Мен сені тастамаймын» деп артымнан қалмай қойды. Сонымен қайтадан кездесе бастадық. Қазір менің де, келіншегінің де аяғы ауыр. Өзі жақында жұмыстан шығып қалды. «Қазір бала қажет емес. Алдырып тастайық. Жағдайымды көріп тұрсың» деп баладан бас тартты.


Мені ұнататын ажырасқан басқа бір жігіт бар еді. Екеуіміз жерлеспіз. Сол жігіттің тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап жүргеніне көп уақыт болды. Күзетші болып жұмыс істейді. Аяғым ауыр екенін айтсам да, маған үйленуге келісіп отыр. Қазір қандай шешім қабылдайтынымды білмеймін. Баладан бас тартайын ба? Әлде көзімді жұмып тұрмысқа шығып кетейін бе? Кеңес беріңіздерші. Бірақ, ауыр сөздер жазбауларыңызды сұраймын. Жай ғана ақыл-кеңестеріңіз керек болып тұр», – дейді Асылым Арманқызы.


Stan.kz




Көрілген: 2726    Пікірлер: 0

жұма, 19.05.2017, 12:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 16:06
«Әке-шеше сатамын...»
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30