Көп жігітпен жүрсем де, бақытымды адаспай таптым...

Көп жігітпен жүрсем де, бақытымды адаспай таптым...

Отбасы тақырыбына қатысты мәселелерді көңілден шығарлықтай етіп қозғап жүрген «Алаш айнасы» порталына менің де айтарым бар. Көптен бері ойымда жүрген осы тақырып бүгін ішіме сыймай, компьютерге сырымды ақтардым. Мені оқырмандар түсінеді деп ойлаймын. 

Менің айналамда бағы жанбай жүрген қыздар өте көп. Іштерінде ажырасқандар да, кәрі қыздар да жетерлік. Бәрі де бастары қосыла қалса, жұртты сөз етеді. «Пәленше жас күнінде жүргіш болып еді, көп жігітпен шайқап еді, енді, міне, ештеңе болмағандай, бағы жанып кетті» деп отырады әсіресе.
Шынымды айтсам, менің де басымнан көп қателік, көп оқиғалар өтті. Мен тұрмысқа ерте шықтым. Студент болып жүріп балалы болдық. Баламды енеме беріп оқуымды жалғастыруыма тура келді. Күйеуім екі жыл бұрын диплом алып, өз еліне аттанды. Сол кезде мен жанымдағы қыздарға еріп, теріс жолға түстім. Бір үйленбеген жас жігітпен жүріп, тіпті сонымен бір бөлмеде тұрдым. Күйеуіме көңілім бірте-бірте суи берді. Ол мерекелерде мені алыстан аңсап келгенде, ертерек қайтуын тілеп тұратынмын. Әлгі жігітім де маған ғашық болып, тіпті маған үйленбек ойын білдірді. Сөйтіп жүргенде, күйеуім арамыздың дұрыс еместігін сезіп, менен арасын алыс сала берді. Диплом алатын кез де келіп, курстастар жан-жаққа тарадық. Жігітімізбен бір күні сөзге келіп қалып, екеуміз екі жаққа кеттік. Күйеуіммен ажырасқаннан кейін баламды енемнен алып, өз шешемнің бауырына салдым. Алдымен мектепте еңбек еттім. Жалақысы мардымсыз жерде елдің баласымен бас қатыру мен үшін тозақпен тең еді.
Бір күні көшеде қарт ұстазымды көрдім. Ол кісі маған институттан жұмыс тауып, тіпті тұратын үй тауып беруге көмектесе алатынын айтты. Мен қуанып, телефонымды қалдырдым. Әлгі шал күн сайын қоңырау шалып анда да, мында да шақырады. Барайын десем, түрінен жүрегім айниды, бармайын десем, жақсы жұмыс, көмектесетін адам керек-ақ. Содан онымен кездескен кезде сыра немесе арақ ішіп, қызыңқырап алатын болдым. Қызып отырғанда жиіркенішің ұмытылады ғой. Шалдың есі кетіп, маған ақша да берді, тегін тұратын бір бөлмелі үй де тауып берді. Ең бастысы, институттың білдей бір мұғалімі болып шыға келдім. Институтқа кірген соң жағдайым жақсарды, көңілім көтеріле бастады.
Отырыстарда өлең оқып, ән айтатыным бар еді, еркек кіндіктінің бәрі мен десе құлап түседі. Бір күні мен тағы бір жас жігітпен таныстым. Есімі – Алдияр. Алдияр құшақ-құшақ гүл әкеп, алтын бұйымдар сыйлайтын. Және туған күнімді жасап беріп, көңілімді көтеруді білетін. Жастың аты жас емес пе, енді шалға мүлде қарағым келмейтін болды. Ол пәлекеттің де кәрі жүрегі сезіктенді ме, менің кабинетіме қайта-қайта келіп, тексеріп кететін болды. Бір күні әбден ашуым келіп, шалмен сөйлеспей қойдым. Ол біздің кафедраның басшысы ғой, маған қысым жасаймын деп ойлады. Кездесуге шақырғанында бармадым, сөйлесуден қашқақтап жүрдім. Бір күні ол мені кабинетіне шақырып алып: «Сені қалай түсінуге болады? Барлық жағдайыңды жасадым. Мен тауып берген үйді тұрып жатырсың. Мен барсам, есігіңді ашпайсың. Жақсылықты білмейтін адам екеніңді бүкіл институтқа жаямын!» - деді. Мен болсам оның түрінен әбден жиіркеніп, «Үйіңізді қайтып алыңыз, жұмысыңыз да керек емес!» - деп, шорт кестім. Одан соң да шалдан құтыла алмай, әуре-сарсаңға түстім. Өйткені ол кісі мені қатты жақсы көретін болуы керек, ақылға сыймайтын әрекеттер жасай бастады. Біресе әріптестерімнен хат жазады, біресе сабағыма келеді. Бұл кезде мен Алдияр жалдап берген пәтерге көшіп, басқа факультетке ауысудың қамын жасап та қойғанмын. Сөйтіп, шалым қала берді...
Алдиярмен достығым да ұзаққа бармады. Оған себеп аса ауқатты адаммен танысуым болды. Бір фирмада директор болып еңбек ететін Айбектің әйелі біздің институтта мұғалім еді. Әлдебір көпшілік шарада ұшырасып, танысып қалғанбыз. Содан ол маған телефон соғуды жиілете бастады. Үнемі қымбат машинамен жүру, қымбат сыйлықтар Алдиярды тез ұмыттырды. Ол да менен айырылғысы келмей, есік торуылдап, есімді шығарды. Ал Айбек маған өмірімде көрмеген тамашаларды көрсетті. Соның арқасында үстіме пар-парлап құндыз тон кидім. Құрбыларым бір қолғаппен, бір етікпен жүрсе, мен қолғаптың ұзынын, қысқасын, тықырын, тағы басқасын киіп, етікті де сыртқы киіміме сай түрлендіріп отыратын едім. Кей күндері Айбек үйіне де бармай қойып, менің жанымда қалатын. Тіпті «ажырасамын» дегенді де айтып қалып жүрді. Күндердің күнінде әйелі сезіктеніп, бізді аңдуға көшті. Сөйтіп, мен екенімді біліп қойып, жұмыс орнымда айғай-шу шығарды. Бұрын бір шалмен институтта атым шығып еді, енді біреудің күйеуімен жүріп атым жария болды. Дегенмен біздің арақатынасымыз ұзаққа созылды. Бірақ сезім де суитын күн болады екен. Уақыт өте келе өсіп келе жатқан балаларын ойлады ма, Айбек менен бойын аулаққа сала бастады. Мен де отбасылы адаммен бұлайша жүре беруден жалыққан болуым керек. Қалай болғанда да біз бір-бірімізді іздемейтін күнге жеттік.
Өзімді еркек атаулыдан аузымның салымы бар әйелмін деп есептеймін. Өйткені отбасымен жараспай жүрген кезінде маған жолыққан Бекарыстың да маған есі кетіп қалды. Ол тіпті бай екен. Әйелінен көңілі қалған сәтіне кезіктім бе екен, әйтеуір бірден тұрмысқа шығуымды қолқалады. Тұрмысқа шығуға келісімімді берген күні-ақ дүкенге апарып, мойныма бриллиант алқа тақты. Менің дәуренім енді басталды деп ойлаймын. Қазір арамызда бала бар, Бекарыс мені басқа жұмысқа тұрғызып, астыма су жаңа көлік мінгізді. Үш қабатты үйде тұрамыз. Тату-тәттіміз. Мен шынымен бақыттың не екенін енді ұққандаймын. Адассам да түпкі мақсатыма жеткеніме қуаныштымын.
Кейде құрбыларым мені біреулердің өсек қылып отырғанын жеткізеді. «Кезінде аты шықса да, бүгін түк болмағандай момақан бола қалыпты!», «Осындай жүргіштердің бағы жана қалады, иә?» дейді екен мені танитындар. Оларға мен ренжімеймін.
Рас, кейде бұрынғыма өкінетін кездерім болады. Мәселен, бірінші күйеуіме несіне тидім, несіне оны алдадым деп ойлаймын. Шалмен неге жүрдім? Бірақ онымен жүрмесем институтқа келмес пе едім. Онда тіпті Бекарысқа да жолықпас па едім. Ортада кезіккен адамдардың бәрі менің Бекарысқа жетуіме қойылған баспалдақ сияқты болып көрінеді.
Иә, біз сияқтыларды «жүргіштердің бағы жанғыш болады» деп сөгетіндер көп. Әрине, менің өмірім ешкімге үлгі бола алмайды. Қатем көп болды. Дегенмен, басыңа қандай күн туса да бақытқа ұмтылудың сөкеттігі жоқ деп санаймын.
Сәл-пәл ашықтау кетсем кешірім өтінем Сіздерден. Бірақ мен өмірден ашынып кеткен адаммын. Жасырар ештеңем жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста