Отбасы - ошақ қасы

Қозбайтын әйел төсек ләззатын ала алмайды

  • Қозбайтын әйел төсек ләззатын ала алмайды

    Қозбайтын әйел төсек ләззатын ала алмайды

Қозу, төсек ләззатын алмау, қанағаттанбау. Қозбайтын әйел, жыныстық қатынас рахатына шомыла алмайды. Өзін қоздыра алмайтын жас келіншек. Қандай ойларым, қылықтырым, төсек ләззатына бөгет жасап жүр?

Жыныстық қозбай, төсек қатынасынан ләззат алып қанағаттанбаудың себебі, көптеген жағдайда – қорқыныш. Өмірден, еркектен, әкеден қорқу. Рухани және қияли тәрбиені басшылыққа алатын қатал әке өзінің қызына – сені зорлап кетеді деп қорқытады. Жезөкше, жеңіл жүрісті әйелдерді жек көретін әке, қызының Ғазиз жанына жыныс қатынасы жайлы келеңсіз, жексұрын ойларды ұялатады.


Өзін қоздыра алмайтын жас келіншек


Менің әкем өте қатал. Ол мені үнемі қадағалайтын. Кей кезде шектен шығып кететін. Мектеп бітіре салысымен бір жігітпен кездесіп жүрдім. Егер белгілі уақыттан сәл кешіксем, онда жанжал шығарып, неше түрлі анайы сөздер айтып, тіпті әйелдер дәрігеріне апарып тексертемін деп қорқытатын.


Төсек ләззатын алмайтын, қозбайтын әйелдер өз өмірлерінде жыныстық қатынастың рахатына шомыла алмайды. Оларда рухани мен тәндік тепе-теңдік жоқ. Олар тек қана рухани дамуға көңіл бөліп, тәндік ләззаты жоққа шығарады.

Бұған тек қана қорқыныш мұрындық болмайды, сондай-ақ жыныстық қатынас күнә, харам деген пікір де қосылады. Бұндай әйелдер өз өмірлеріне көбінесе өз сезімдерін білдіре алмайтын қолапайсыз еркектерді тартады. Бұлар төсек ләззатын басқа бірдемемен алмастырады.


Қозбайтын әйел, жыныстық қатынас рахатына шомыла алмайды


Емшіге жыныс қатынасы кезінде қозып, төсек ләззатын ала алмайтын әйел келеді. Гипноз барысында балалық шағының бір көрінісін есіне түсіреді.

Бірде әке-шешесі жататын бөлмеден шешесінің ыңырсыған даусын естиді. Ол ойлайды, шешесі ыңырсыса қатты қиналып ауырып жатыр. Есікті ашып ақырын сығаласа, әкесі төсекке шешесін қысып, оны ауыртып, умаждап, жұлқылап жатыр екен. Ал, шешесі астында бұлқынып шыға алмай жатыр.

– Мен енді түсіндім, неге жыныстық қатынасты жек көретінімді, – дейді гипноздан оянған келіншек.

– Әкеме, басқа еркектерге деген теріс көзқарасымның қайдан пайда болғанын. Мен еркектер әйелдерді үнемі ауыртып, зардап шектіреді деп

есептейтінмін. Есімде тағы бір қалғаны, шешем әкеме: «мазамды алмашы», – дегенде осы сөздің мағынасын, жыныстық қатынас деп түсінетінмін.

Қалыпты ләззат алатын төсек қатынасының болмауы, осының күйелісі өмірдің басқа да жағдайларына ықпал етуі мүмкін. Мысалы, бұл жағдай ет жемейтін (вегетерианка) әйелдердің арасында жиі кездеседі. Адам идеялық тұрғыдан ет жемейтін болады. Олар жануарлардың мүрделерін, өлігін жеуге болмайды дейді. Елдің бәрі ақымақ, қағып кеткен емес қой. Ет жемейтін әйелдер біртіндеп ет жей бастаса, қозып төсек ләззатын алатын болады. Бүкіл әлемге, еркектерге күмәндану да төсек ләззатынан бездіреді.


Қандай ойларым, қылықтырым, төсек ләззатына бөгет жасап жүр?

Емшіге барған бір келіншек өзінің Ғазиз жанынан сұрады: «Менің қандай ойларым, қылықтырым, сезім құбылыстарым – қозуыма, төсек ләззатына бөленуіме бөгет жасап жүр?». Ғазиз жаны қысқа да нұсқа: «Өзңінің адамдарға, еркек кіндіктілерге күмәның», – деп жауап қатты.

Төсек ләззатын алмайтын әйелдер, әдетте ата-анасы төбелестен көз ашпайтын жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Бұндай от басында сүйіспеншілік пен силасымдылық жетіспейді. Кейбір от бастарында татулық болса да, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік болмайды. Бұл отбасында еркек пен әйелді, борыш сезімі мен тәртіптілік байлап тұрады.

Соңғы уақытта теледидарда неше түрлі анайы көркем фильмдер қаптап кетті. Онда ашық жыныс қатынасы жануарлар деңгейінде көрсетіледі. Осылайша жыныстық қатынастың нәзіктігі, тылсымы, рахаты, әсері, мөлдірлігі, қайталанбас ерекшелігі, шаттығы адамнан алшақтап барады. Махаббат. Жан, тазалық, ойдың мөлдірлігі деген түсініктер бірте-бірте көзден де, көңілден де бұлбұл ұшуда.

Осындай бейнетаспаларды көріп өскен ұлдар мен қыздар, қолдан жасалған жасанды ләззат елесін өз бойларыны сіңіріп, өмірлерінде басшылыққа алады. Нәтижесі бала көтермеу, қозбау, өмірден түңілуге әкеп тірейді. Адам жас шағында тәндік ләззат пен рухани ләззат қатар жүретінін біле бермейді. Тек қана махаббат қана нақ ләззатты әкеледі. Құс екі қанатымен ұшатыны сияқты, адам рухани мен тәндік тепе-теңдік қалыпта болуы қажет.


asetkz.ru




Көрілген: 3220    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.01.2018, 18:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31