Отбасы - ошақ қасы

Көзіме шөп салғанын күйеуімді кешіруім керек пе...

  • © mirputeshestvij.ru

    © mirputeshestvij.ru

Ішімдегі сырымды кімге ақтарарымды да білмеймін. Дос қыздарыма айтуға намыстанамын. Туған туысқа не деп айтасың?! Бірақ іштей өзімді мүжіп біттім. Шаршап та кеттім. Біраз уақыт болып қалды, жолдасым көзіме шөп салып жүр. Алғашында жасырғанымен смсін оқып қойған соң, мойындады. Кешірім де сұрады. Алайда жіби алар емеспін.


Түсінгенім еркектер опасыз халық екен. Дипломды енді алған, үйі де, күйі де жоқ кезде кездестік, үйлендік. Ыстық суығына шыдап, жұмыссыз күндері де бар қылығына шыдадым. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген күндері де қасында болдым. Қазір қаланың сыртында жер үйіміз бар, астында көлігі, тұрақты жұмысы бар. Енді уайымсыз күндерге жеттік пе, көрінген балалардың қызығын тең отырып көреміз бе дегенде мына қылығы шаршатты.


Шынын айтайын туған күнімде «жаным» деп гүл сыйлауға да жарамайтын Ол қыздарға келгенде «солнышко, жаным, күнімдеп» жазған смстерін оқығанда талып қала жаздаймын. Айдаладағы біреу екі бала туып берген менен де артық болғаны ма?! Осы уақытқа дейінгі өмірім алаңсыз еді. Мына бір ұл, бір қыздың қасына тағы бір ұл туып берсем, жаз болса шетелдерге шығып демалсақ деп ойлайтынмын. Ал қазір шетелге шығып бірге қыдырмақ түгілі, қасына да жатқым келмейді. Бала туу ойымда да жоқ. Іп әдемі өміріміздің шырқы бұзылды осылай. Бір әңгіме бастап келе жатса міндетті түрде баяғы сол көңілдесіне тіреп әңгімені, ұрсып қаламыз.


Алдыңкүні де әңгімеміздің соңы соған тіреліп, үрыстың соңғыда үйден кетіп қалды. Қайда қонғанын да білмеймін. Көп болса тағы сол көңілдесіне кеткен шығар. Бірақ өмірімді өксітетіндей менің не жазығым бар?! Жазығым ерім деп сыйлап, тамағын жасап, кір-қоңын жуып, жолын күткенім бе? Көңілдесін айтсам кешірім сұрау орнына, үйден кетіп қалады. Қатты шаршадым.


Қазір ажырасу жайлы ойлап жүрмін. Бірақ жеме жемге келгенде батпаймын солай жасауға. Ерегісіп жеңе алмасымды да білемін. Үл қызымды да аяймын. Бірақ 8 айдан бері жолдасымның көзіме шөп салғанын кешіре алмай келемін. Тіпті бұл менің біліп қалғаным ғана шығар. Соған дейін де оның менің көзіме шөп салмай жүргенін кім біліпті? Осыны ойласам осы уақытқа дейінгі өмірім бекер өткендей қиналамын. Бірақ бітеу жарадай бұлай жүру де шаршатып барады.


Біз көбінесе әйелдер үйдің жетпегенін жеткізгіміз келіп, үйдің жыртығына жамау болып жүріп, өзімізді ұмытып кетеміз. Айтарым, қыздар өзімізді ұмытпайықшы әрқашан.


Ләйлә, Алматы қаласы


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3124    Пікірлер: 0

сенбі, 30.06.2018, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30