Отбасы - ошақ қасы

Көзіне шөп салған әйеліне қайта қосылған еркек: «Әйелім емес, мен екен ақымақ…»

  • Көзіне шөп салған әйеліне қайта қосылған еркек: «Әйелім емес, мен екен ақымақ…»

    Көзіне шөп салған әйеліне қайта қосылған еркек: «Әйелім емес, мен екен ақымақ…»


Көзіне шөп салған әйелімен қайта қосылған еркек: «Бекер кешіріппін…» деген хаттың жалғасын ұсына кетелік.

Жанболатқа қатты жаным ашыды. Не дерімді, тіпті білмедім. Ол түгілі анандай әңгімеден соң менің қаным басыма тепті. Неше түрлі ой келді. Осылай іштей күйініп отырғанымды алабұртқан жүзімнен байқап отырса керек, Жанболат мені сабырға шақырды:


— Өй, сенің түрін бұзылып кетті ғой. Мына ақымақ досыңды кешір енді. Ана есік алдында құлағанда біздің үйдегі бір ерлі-зайыпты қырғын боп жатыр дедім емес пе?



Әлгі көлікке мінген Жанар емес, сол Серіктің қатыны екен…



Аңырайып Жанболаттың бетіне қарап қалыппын ғой. «Шыны ма, өтірігі ме, не боп кетті өзі» деп мең-зеңмін. Арқамнан қаққан ол:


 

— Басқа түссе қиын ғой. Расында, ол жерде жүрегім дауаламады. Қорқақтық таныттым, шынында. Түгіне қарамай сол көлікке бару керек еді. Сол кезде Қожанасыр досың мынандай күйге түспес пе еді, қалай? Өзімнен де бар енді.


Жанар келді тамақ алып палатаға. Сол айтты.



Сенбедім. Арам ой деген жүйрік қой, шіркін. Өз артын жабу үшін мынаның шайтанилығынан-ай деп ойладым.



«Зауыттың жанынан ұстап алыпты. Қатты сабапты Күләнді. Ол да осы ауруханада жатыр. Соған да тамақ әкелдім. Көрші ғой, мұнда ешкімі жоқ секілді…» — деді Жанар. Оны сынай түскім келді: «Немене басқа жер құрып қалып па» деп дүңк еттім. Қатулы қабағамды көрген ол шошып кетті, сөзді қысқа қайырды: «Қайдан білейін, жетіспей жүрген біреу де…».



Жанар кеткен соң бір медбикеден суыртпақтап әңгіме сұрадым. Шіркін, майын тамызып тұрып түгін қалдырмай айтып берді. Көрші Серікке жаным ашыды. Одан кейін өзімнің жайым есіме түсіп, ал ашулансамшы келіп. Әй, Серіктің қатынын бір аямай сыбап балағаттадым. Не пайда одан? Мына «мотор» кетіп қалды осылай, — деп Жанболат жүрек тұсын ұстады.





— Мәәә, сен де қатырады екенсің-ей. Қойшы, арты жақсы болыпты ғой, әйтеуір, — деген мен «Бір сенімнен кеткен соң, осылай күдік миға «балалап» алады, не жазығы бар мұның да» деп ойладым.


— Бір-екі күнде шығамын. Өткен кездерді еске алып, бір сауналатпаймыз ба, дос, — деді Жанболат серпіліп.


— Қой, түрің мынау, қайдағыны айтады екенсің өзің, — деп тартыншықтай бердім.



— Бұл екінші рет жатқаным ғой. Жүрек кеткен соң мынаған да бірдеме болды. Қайбір желігім қозып тұр дейсің. Сынап көрейін дегем, — деп ол төменгі жағын нұсқап, осында басы бос медбике келіншектер барын да айтып қалды.



Сыр бермесем де менде де есек дәме пайда болды.


 

Сіздер дұрыс түсінбей қап жүрмеңіздер. Еркектің бар байлығы сол ғой. Оған тықыр таянса одан өткен қасірет жоқ. Сондықтан досыма осындай қиын кезде таяныш болайын дедім. Не керек, екі күннен соң Жанболат шықты. Ұры құсап, мен тұрмын көшенің бергі қалтарысында. Ақ Лада Прирораның төбесі көрінді. Алдыңғы есікті ашып, қонжия кеттім…


 

Бұл хаттың басын мына сілтемеден оқи аласыздар


Бауыржан, Торғайдан







Көрілген: 1651    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 19.12.2017, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31