Отбасы - ошақ қасы

Кішкентай кезінде педофилдің құрбаны болған қыздың хаты...

  • © Kurgan.ru

    © Kurgan.ru

Редакциямызға кішкентай күнінде педофилдің құрбаны болған қыздардан жиі хат келіп жатады. Кейбірі өзіндей педофилдің құрбаны болған қыздарға ақылын айтса, енді бірі өмірден түңіліп, маманның кеңесіне жүгіну үшін көмек сұрайды.


Көбісі өзінің аты-жөнін де жасырып, анонимно түрде көмек беретін мекемелер бар-жоғын сұрап жатады. Сондықтан кезекті бір сондай хаттардың бірін анонимді түрде жариялай отырып, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Ата-аналар қыздарынызды барынша жат көз бен арам пиғылдардың әрекетінен қорғауға тырысыңыздаршы.


«Ең алдымен айтарым, аты-жөнім анонимді болсыншы. Жасым 17 де. Биыл мектеп бітірдім. Айтайын дегенім осыдан көп жыл бұрынғы жағдай. 5-6 жас кезімде көршім маған жыныстық қатынас жасады. Алдандырып, тасаға апарып ойына келгенін істейтін. Жалпы әрекетінің дұрыс емес екенін сезіп жылай бастасам жібере салатын. Осының бәрі есімде еміс-еміс сақталыпты. Бірақ мұндай жағдай бір рет болдыма, әлде бірнеше рет болдыма есімде жоқ. Кішкентай кезімнен осы жағдайды анама айта алмадым. Айтпаймын да. Онсыз да менсіз жүрегі ауырады, мен жығылғаннын үстіне жұдырық болғым келмейді. Өзім тұйық едім, одан да бетер тұйықталып бара жатырмын. Әкем бізді қатал ұстайды. Ешқайда да жібермейді. Сондықтан болар мектеп бітіргенше ешкіммен жүрмедім. Сыныптын вечеріне де жібермейтін. Әкеме осыны айтып жылағанымда «кейін осы үшін рахмет айтасындар» дейді. Бірақ мені кішкентай кезімде қорғауы керек еді ғой. Ата-анамның жүзіне қарай алмаймын. Неге сол кішкентай кезімде бәрін айтпадым екен? Мен қызбын ба, қыз емеспінде соны да білмеймін. Қыз болмасам, ертең тұрмысқа кім алады мені? Болашағым не болмақ? Гинекологка бара да алмаймын. Ауылда тұратын болғандықтан, қандай гинекологқа, қай жерге баратынымды да білмеймін. Жақында қалаға Жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру үшін барамыз. Ең болмаса сонда мамандар іздеп көргім келеді. Қарағанды қаласында көмектесетін арнайы орталықтар, дәрігер мамандар бар ма? Қыз емес екенімді ойласам, өз-өзімнен жиіркенем. 5-6 жасар кезде қыздық бола ма? Жалпы неш жастан бастап қыздық болады? Неге бұлай болды? Кейде мүмкін қыз шығармын деп те ойлаймын. Бірақ қайдам. Маған иттік жасаған көршімді қарғамаймын. Алла шексіз мейірімді ғой. Жазасын өзі берер. Қазір ол бірнеше рет үйленіп ажырасқан. Бізбен дым болмағандай сөйлесіп, күліп жүре береді. Жиіркенем. Мен енді не істеймін? Өтініш аналар өз қыздарыңызды ешкімше сеніп тапсырмаңыздаршы, тіпті туысқандарыңыз болса да. Өзім дәрігер болғым келеді. Ешқашан тұрмысқа шықпайтын да шығармын. Ойымды дұрыс жеткізе алмаған болсам кешіріңіздер. Рахмет».


Оқырман астына Сана деп қалдырыпты аты-жөнін. Сананың хаты қызы бар аналарға сабақ болар деп жариялап отырмыз.


Аноним 


alashainasy.kz/




Көрілген: 2825    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31