Отбасы - ошақ қасы

Кішкентай қызымның «әке-е-е» деп шырқыраған үні құлағымнан әлі күнге кетер емес

  • © pravoslavie.ru

    © pravoslavie.ru

«Қыз кезінде бәрі жақсы...» деген мақалға мен қашанда қарсы тойтарыс беретінмін, себебі өз әйелім, шүкір, айтқызбай істеп, қабағымнан бәрін ұға қоятын. Тіпті атымды да атауды ар санап, «Біздің отағасы өйтеді, біздің отағасы сөйтеді» деп, жүрген жерінде жаманымды жасырып, жақсымды асыруға тырысатын. Соған сай мен де тапқанымды соның аузына тосатынмын, ол аздай, мерекеге қарамай, жақсы табыс түссе бітті, әйеліме алтын алқа, гауһар жүзік, қаракүзен тон... қысқасы, сый жасауда менен асқан жомарт жоқ еді. Сондағы ойым жолдастарымның келіншектерінің аузының суы құрып, «шіркін, ерің болса Қанаттай болсын!» десе екен дейтінмін. Обалы не керек, бақытты жұбайлар кім десе, дос-жаран, туған туыс түгел ойланбастан бізді айтатын.


Түлен түртем десе аяқ асты ма, әлде мен соқыр болдым ба, әйтеуір тағдырым бір-ақ күнде тостағандай төңкерілді де түсті. Тіпті «неге бұлай?» деп ойлануға да шамам келген жоқ.




Оқиға былай болды:


Жоғарыда айтқанымдай, әйелімің жүрегін о бастан қымбат сыйлықпен жаулап алдым. Ол қыз кезінде өте сылқым бикеш еді. Мен оған бір көргеннен-ақ ғашық болдым. Бір бешірге (вечер) сыныптас қызыммен бірге еріп келе қалмасы бар ма. Ол кезде мен әлі аяқтан нық тұрмаған жап-жас баламын, болашақ әйеліме сезімімді жеткізбек түгілі, биге де шақыруға батылым жетпеді. Есесіне менде «қайтсем де, әлгі қызды қаратам» деген өмірлік мақсат пайда болды. Ауылдан қалаға кетіп, жатпай-тұрмай еңбектендім. Арасында «Ақбаян қалай?» деп сыныптас қызымнан сұрап қоямын. Обалы не керек, сыныптасым «Қанат, не істейсің оны, оның жігіттері өте көп және ол ақшасы бар жігіттерге қарайды, әр күні әр түрлі жігітпен қыдырады» деп ескертті. Жүрек шіркін, сонда да ерік бермейді екен ғой. Ақыры, бір күні астыма машина міндім де, сыныптасым Мөлдірге барғансып, Ақбаян тұратын жатақхананың алдынан бір-ақ шықтым. Болашақ әйелім баяғы Қанатты таныған жоқ, себебі ол кезде көзге де түспейтін бозбала едім. Ал қазір жігіт боп толысқанмын, астымда машина, үстімде қымбат киім, қалтам толы ақша... Содан не керек, Баяным қылымси қарап, шақыруымды бірден қабыл алды. Қайта сыныптасым біраз көнбей тұрды, сірә соңынан қорықты-ау. Алайда, бұрынғысынан да құлпыра түскен Ақбаянды көріп одан сайын басым шыр айналған мен онысына ырық беремін бе. Әй-шайға қарамай, екі қызды қолтықтап қымбат мейрамханаға алдым да кеттім. Содан не керек, екі күннің бірінде мейрамхана, түнгі клубқа апарып, қала берді қымбат әшекей әперіп жүріп, Ақбаянды алақаныма қондырдым да алдым. Бұдан арғысы жоғарыда айтқандай өрбіді, одан асқан әйел жоқ, ол да мүләйімсіп «менен асқан күйеу жоқтай» қылық танытты. Ұл да, қыз да туып берді, обалы не керек. Бірақ «келіншегім, келіншегім» деп жүріп, анама бір орамал сыйлауды ұмытып кетіппін. Оның бәрін кейін, көзімді қаптаған шел сыпырылып түскенде бір-ақ білдім ғой.


Жә, бұл емес, ең бастысы, әйелімнің көзіме қалай шөп салған оқиғасына көшейін де. Мен жақсы қызмет істеп тұрғанда, отбасылық жағдайымызда бір рет те кикілжің туған жоқ. Бірақ өмір ғой, үнемі тек жақсылықтар бола беруі мүмкін емес. Күндердің бір күні қиындықтар шығып, мен қызметтен босап қалдым. Алғаш бір ай әйелім үндемей шыдады. Риза болдым. Алайда, жұмыс таба алмай үйде жатқаным екінші, үшінші айға ұласқанда (соның өзінде үйде жатып, отбасының айлық шығынын жабатын табыс тауып тұрдым, бірақ баяғыдай сыйлыққа артылмады) келіншегімнің сүт қатып беретін қою шайы біртіндеп сұйылып, қабағы кіржиіп, соңында тіпті «елдің ері әне, ал сен болсаң...» деген сөзге дейін жетті. Онсызда жетісіп жүрмеген маған ол сөздер қанша ауыр тисе де, үндемей қоя салдым. Себебі әйелімді шексіз сүйдім, ол мені тастап кетер деп қорқатынмын.


Сөйтіп жүргенде әйелім біртіндеп жұмысынан кешігіп келетінді шығарады. Бұрындары күнде жұмысынан өзім алып қайтатын мен кейінгі кездері көңіл күйдің жоқтығынан әрі жаңа жұмыс іздеп басқа жақтарға барып, келіншегіме бара алмай қалатынмын. Содан бір күні жаңа қызмет таптым. Бұрын бірге жұмыс істеген жолдас балам, өзі мықты бір мұнай компаниясына қолы жетсе керек, өзіне сенімді серік іздейді ғой. Арадағы таныстардан менің бос жатқанымды естіп, «Қанекеңдей жігіт маған қажет» деп маған өзінің орынбасыры болуға ұсыныс тастады. «Осы рас па, өтірік пе?» деп ең бірінші қуанышыммен бөлісейін деп әйеліме қоңырау шалдым. Ұялы телефоны өшіп тұрді. «Тіпті жақсы, тосынсый жасайын» деп, бір құшақ гүлімді алып, оның қызмет орнына жылыстадым. Тасалау жерге көлігімді қойып, өзім екі көзіммен есікті аңдыдым. Әншейінде жұмыстан жеті-сегізде әрең шығатын әйелім, сол күні алтыға бес минут қалғанда, атып шықса бола ма? Одан сайын қуандым. Өзі күндегіден де құлпырып кеткен бе деп қоям, әйтеуір жүзі балбұл жанған Ақбаяныма тура алғаш көрген кездегідей аузымның суы құрып қарап қалыппын. Әрине, ол мені көрген жоқ, ескіті айқара ашып, голливуд жұлдыздары секілді бері қарай беттеді. Қас қылғанда, көлігім оталмай-оталмай, бес минуттан соң гүр етсе бола ма, мен оны орнынан қозғаймын дегенше, анадай жерден қап-қара джип сырғытып келді де менің келіншегімнің жанына тоқтай қалды. Ол аз болса, рөлде отырған бейтаныс есікті ашып беруге рөлді тастай сала, жүгіріп шықты. Сол екі ортада әйелімнің белінен құшақтап, ернінен сүйіп те үлгерді.


«Масқара, масқара! Мынасы несі»? Біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей, мелшиіп қатыппын да қалыппын. Олар әп-сәтте көлікке отырып, әлдебір жаққа зу ете қалды. Ал мен газды басайын десем, аяғым істемейді. Менің Ақбаяным?! Жүрегім алай-дүлей, басым мең-зең... Көз алдымда. «Апырай, мен әлі тірімін ғой, тірімін...» дей беріппін. Сосын барып, есімді жиып алдым. «Әлгілерді қуу керек, қайда, қайда?» деген ой мені селк еткізіп, әп-сәтте бойымды жинап алғызды. Жалма-жан көлігімді оталдырып, әлгі машина шаң қаптырып кетпей тұрғанда, барынша жылдамдықпен оның ізіне түстім. Сонда бірінші рет Алматы көшелеріндегі кептеліске іштей алғыс айттым. Себебі кептеліс болмаса, олар мен ес жиғанша із жасырып үлгере еді. Құдайдың қарасқаны ғой. Араға ек көлік салып, мен «жексұрын қара джиптің» соңынан қалмай еріп отырдым.


Кенет ол бір қонақүйдің алдына барды да кілт тоқтады. Бөтен еркектің құшағында кетіп бара жатқан өз әйелімді сонда өмірімде бірінші рет жек көрдім. Бірақ әліптің артын бағайын деп бойымды барынша сабырға жеңдірдім. Көңілдесі екеуі қол ұстасқан күйі қонақүйге кіріп кетті. Артынша бес-он минуттан соң, мен де беттедім ол «күнәһар» есікке. Біртүрлі тұтқаны ұстауға да жиіркендім. Себебі әйелі не күйеуінің көзіне шөп салған қанша жанның бұл тұтқаны ұстағанын кім білсін. Бірақ, амал жоқ... Жұлқи тарттым да, жетіп кірдім. Қап қара болып түтігіп кеткен түрімді көріп тіркеушілер де кім екенімді бірден сезді ме, «әйтеуір кілт қайда?» деп ақырған маған қарсы тілге келместен, қолыма ұстата қойды. Қалай лифтке мінгенім, одан түскенім есімде жоқ, бір қарасам, «667» деген жазудың алдына тұр екенмін. Неге екенін білмейтін, әйтеуір осы сәт сәл кідіріп қалдым. Жүрексініп тұрғаным жоқ. Себебі мен емес, кінәлі әйелім ғой. Сірә, мен үшін ең аяулы, ең сүйікті жанның өзге құшақта жатқанын көруге көздерім ұялып тұрды-ау. Кенет бойыма бір күш бітті де, есікті бір тептім. Айқара ашылда да кетті, ар жақта анадан жаңа туғандай... Бұдан кейінгісін айтпай-ақ та қояйыншы....


Сол күні үйге қонғаным жоқ... Телефонымды да бәрін өшіріп, тауға тартып отырдым. Келесі күні таң атпай, АХАЖ-дан бір-ақ шықтым. Әйелімнің қанша жылап-сықтап кешірім сұрағанына да жүрегім жіби қойған жоқ, тек кіші қызымның «әке-е-е» деп құлындай шырқыраған үні құлағымнан әлі күнге кетер емес. Бірақ мен әйелімнің бұл қылығын ешқашан кешіре алмайтын шығармын... Алла өзің сабыр бер...


Қанат Андас, Алматы

 alashainasy.kz/




Көрілген: 3369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.03.2018, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31