Отбасы - ошақ қасы

Күйеуі жоқ әйелдердің бәрі бірдей деп кім айтты?

  • Күйеуі жоқ әйелдердің бәрі бірдей деп кім айтты?

    Күйеуі жоқ әйелдердің бәрі бірдей деп кім айтты?

 Қалайсыздар? Ішіме сыймай жүрген сырыммен бөліскім келді.Қиналып кеттім, Мүмкін шаршағандықтан ба? Балапанымды сағынып жүрмін,  ол да сағынып жүр. Ұлым ата-анамның қолында, мен қалада жұмыстамын. Хабарласып тұрады, бірдеңелерді былдырлап айтады. Жасы 2-де. Барсам мама мамалап жанымнан шықпайды. Барған сайын ол ұйықтап жатқанда кетіп қаламын.


.Жұмыстағылар да шаршатты. Бірін-бірін көре алмайды.Əсіресе әйел адамдармен жұмыс істеген оңай емес.Үлкен бастарымен өсек-аяң тереді. Одан қалса, жігіттер байы жоқтардың бәрі бірдей деп ойлайды ма? Намаз оқып жүріп те қыз-келіншектерге тиседі. Бала-шағасы болса да қырындайды.  Адамдар не болып барады, түсінбеймін.


Сəл бір жерден қате кетсең, үстіңнен күліп тұрады. Өздері бəрін біліп туылғандай. Сабыр, тек қана сабыр деп жүре береміз. Одан қалса, туысқандар бірде жақтырады, бірде жақтырмайды.Əттең өмірлік жарым болғанда ұлым жанымда бірге бақытты ғұмыр кешетін едік. Бір Алланың қолында екен барлығы. Күндегі Алладан тілейтінім, ұлымды ертерек қолыма алып ешкімнің көмегіне мұқтаж болмай балапанымды жақсы иманды азамат қылып өсірсем екен деп күнде тілеймін. Демалыс күндері осылай көңілім түсіп, ұлымды ойлап кетемін. Әке-шешеме рахмет, ұлыма қарап отыр. Ол кісілер болмағанда қалай өмір сүретінімді де білмеймін. жылап алғым келеді, бірақ қазіргі заманда жылауғада хақың жоқ. Анама сырымды айтайын десем, қатты уайымдайды, жүрегін ауыртқым келмейді.Құрбым алысқа тұрмысқа шығып кетті.Сыр бөлісетін адамымда қалмады. Алла барлықтарыңызды әке-аналарыңыздан, отбасыларыңыздан айырмасын. Бір жеңілдеп қалады екенсің.


Аноним 




Көрілген: 4496    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.09.2018, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31