Отбасы - ошақ қасы

Күйеуге тимей қалам ба деп қорқам

  • Күйеуге тимей қалам ба деп қорқам

    Күйеуге тимей қалам ба деп қорқам

Сәлеметсіздер ме, құрметтті  қауым. Мен осы жиі оқып тұрамын. Мұндағы түрлі тағдырлар мен оқиғалар көпшілікке ой салады. Аллам сіздерге разы болсын!


Енді өз жағдайыма көшсем. Жасым 18-де. Қазір еліміздегі менмін деген универлерінің бірінде грантта оқимын. Ата-анам туған туыстарым қасымда. Аллаға мыңда бір шүкіршілік етемін. Ендігі менің мəселем, мен жігіттерге мүлде сене алмаймын. Мақтанғаным емес, көп жігіттер келді алдыма сөз айтып. Маған олардың бəрі өтірік айтып алдап тұрған сияқты көрінеді.  Бəрінің бетін қайтарып тастаймын. Оның өзіндік себебі де бар. Кішкентай кезімде 2-3 оқитын болуым керек. Нақты есімде жоқ, бір опасыздың құрбаны болдым. Есіме түссе əле күнге дейін жиіркенемін. Міне содан бастап жігіт атаулының бəрін жек көріп өстім. Сол үшін мүлде жігітпен жүрмедім.


Енді, қазір, оқуға түскен соң жаңа орта, жаңа қоғам. Менің көзқарасым өзгере бастады. Түсінесіздер ме? Менің де сыйлы келін, асыл жар, аяулы ана болғым келеді. Мен осы күйі ешкіммен сөйлеспей тұрмысқа шыға алмай қалып кетем бе деп қорқам. Өмір көрген апке-жеңгелерімнен көмек сұрағым келіп отыр. Мен қалай бұл қиындықты жеңе аламын? Не істесем болады? Осы сұрақпен басым қатты. Сіздердің жақсы ақыл-кеңес айтатындарыңызға сенем. Алдын ала рахмет!


Аноним 




Көрілген: 4621    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30