Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім екінші əйел алам дегенде төбемнен жай түскендей болды

  • Күйеуім екінші əйел алам дегенде төбемнен жай түскендей болды

    Күйеуім екінші əйел алам дегенде төбемнен жай түскендей болды

 Салеметсіздер ме? Қате кетсе кешірерсіздер. Жасым 27-де. Бір қызым бар. Екіншіме аяғым ауыр.

Мен былтыр осы уақытта қатты қиналған едім.  "Күйеуім екінші əйел алам деп айтты. Ол əйел ауру екен. Омырауында ісік бар болып шықты. Бала туып емізсе ғана кетеді екен" деп менің күйеуім оған үйленетінін айтты. Міне сол оқиғаның соңын айтып ой бөліскім келді. Мүмкін біреулерге ой салар.

Күйеуім екінші əйел аламын деп айтқанда басымнан жай түскендей болды. Қатты қиналдым. Күндіз түні жылаумен болдым. Енем мен қайын апкеме рақмет, жанымда болып, демеу жасады. Ол əйелмен де жолығып сөйлестім. Түсінуге тырыстым. Не күйеуіме, не оған ешбір ауыр сөз айтпадым. Тек іштей тынып жылаумен болдым. Сынақ қой деп өз өзімді жұбаттым. Иә күндер өтіп жатты. Аптасына 2 күн үйге қонбай жүрді. Ал үйде болған кездерінде бізден ешнарсесін аямай, қатты көңіл бөліп аялап жүретін. Кейде көнгендей болып ұмытып кетем, кейде қызғаныштан ызаланып өлердей күн кешіп жүрдім. Сөйтіп жүріп 3 айдай уақыт өтті. Бір күні кешке күйеуім звондап " Есік алдына шықшы, отырайық екеуміз" деді. Шықтым. Құшақтап сүйді де "Бəрі бітті. Сендей ешкім бола алмайды екен. Қылықтарын көрдім. Салыстырдым. Бəрі де бітті. Ендігі өмірде екеуміз балапандарымызбен өмір сүреміз. Енді ондай ешкім де болмайды" деп айтты.

Міне содан бері 1 жыл уақыт өтті. Құдайға шүкір. Бəрі жақсы. Сол оқиғадан кейін жұмысқа тұрдым, екінші баламды көтердім. Күйеуім де жұмысынан көтеріліп, машина алып жағдайымыз жақсарды. Казір декретке шықтым, үйде отырмын.

Осыншама жағдайдан кейін ойлап отырсам бұндай жағдайда тек сабыр ғана керек екен. Бұл болған жағдайды менің төркінімнен де, қайын жұртымнан да ешкім білмейді. Ешкімге айтпадым. Ажырасам деп оқталғаным рас. Бірақ кете алмадым. Үйленгенімізге 7 жыл болды. Қаншама қиындық көріп екеуміз қол ұстасып осы жетістікке жеттік. Үйленгенде 20 жаста едік. Қолымызда ешнәрсеміз жоқ. Не жұмысымыз жоқ. "Бас екеу болмай,. мал екеу болмас" деген рас екен деген ой келеді. Қазір шүкірғ бəрі бар. Тек сол бір оқиға ғана көңілімде тұрады əлі де. Кейде есіме түссе тырысып сөйлемей қаламын. Өзі де түсінетін шығар.

Айтайын дегенім ашуға берілмей сабыр сақтап ақылға салып шешейік бəрін. Рахмет!!!


Аноним 




Көрілген: 4261    Пікірлер: 0

сенбі, 17.03.2018, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31