Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім мені орыс әйелге айырбастап кетті

  • Күйеуім мені орыс әйелге айырбастап кетті

    Күйеуім мені орыс әйелге айырбастап кетті

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Мен өз басымнан өткендерімді айтып, сіздердің ақыл-кеңестеріңді тыңдап көрсем дегенмін. Қазіір жасым 45-те.Он сегіз жасымда алып қашудың құрбаны болдым, онымен бір жарым жыл тұрып, ажырасып кеттім, арамызда бір қызымыз бар. Кейін араға үш жыл салып төрт баласы бар жігітке тұрмысқа шықтым, айелі қайтыс болған екен. Балаларының арасы екі жастан, екі ұл, екі қыз, ал кіші қызым сол кезде 6 жаста еді.


Алланың бергендері деп әп сәтте бес баланың анасы аттандым. О баста бәріміз жақсы тұрдық, екеуіміздің ортақ қызымыз дүниеге келді. Мен балаларға қарап үйде отырдым. Ол Атырауға жұмысқа кетті, екі-үш айдан келіп тұратын. Арадан он жыл уақыт өтті балдарым ер жетті қыздарым бой жетті. Солай жүріп ол бір кеткенінде қайтып келмеді,бір жыл күттім. Бізге қайын атам көмектесіп тұрды соң атам екеуміз оны іздеп Атырауға келдік, сұрастырып жүріп тауып алдық. Ол болса, сол жақта орыс қатынға үйленіпті, араларында бір ұл бір қызы бар екен. Мені тек балаларына қарау үшін алған.


Балалары мені, мен балаларын қимай,жылап қоштастық, мен екі қызымды алып Алматыға бауырларымның қасына келдім ал балаларым ата-енеммен қалды. Төрт жыл жұмыс істеп, пәтер жалдап қыздарымды бақтым. Ауылдағы балаларыммен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Үлкен ұлым үйленді бір қызым тұрмысқа шықты. Мені əпкелерім бір жігітпен таныстырды, сөйлесе келе оның жақсы жігіт екеніне көзім жетті. Сол жігітке тұрмысқа шықтым, екі қызыма нағыз əке болатын жан екен. Бірақ уақыттан кейін естідім, бұрыңғы күйеуім ауылға қайтып келіпті, қатыны ақша таппайсың деп қуып шығыпты. Ол барғанда ауылдағы қызым əкесіне ренжіп маған келді. Қазір бізбен бірге тұрып жатыр, ал екінші ұлым ауылда, жақында үйленді, мені ауылға тойға шақырып жатыр. "Сіз келмесең той болмайды" дейді. Баламның көңілі үшін қыздарымды алып барсам ба екен, мені құдағай деп таныстырса менің мына жақта күйеуім бар. Соны ойлап басым қатты, күйеуім барып кел деп отыр. 


Аноним 




Көрілген: 3395    Пікірлер: 1

сенбі, 18.11.2017, 12:15

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30