Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім мені өзінен кем көреді

  • Күйеуім мені өзінен кем көреді

    Күйеуім мені өзінен кем көреді

 Сәлем құрметті оқырмандар! Келе жатқан жаңа 2018 жыл бəрімізге құтты жыл болғай тек жақсылықтар баршаның үйіне той əкелсін. Ал енді өз тақырыбыма өтейін,менің жасым 27-де, тұрмыстамын. Жастайымнан көп қиындық көріп келем, мені нағашы əже-атам бағып-қаққан . Себебі анам 20 жасында күйеуімен,яғни менің əкеммен ажырасқан.  Ол кезде мен анамнын құрсағында 4 айлық болыппын. Содан мені атам-əжем өздері бауырларына басқан. Мен міне 27 жыл бойына өзімнің əкемді, ия оның тумаларын көрген емеспін, мені іздеп келген емес. Мамамның айтуынша, олар менің бар екенімді де білмейді, себебі мамам аяғы ауыр екенін айтпаған. 


Содан уақыт өте келе əжем мамама әлі жассың, тағы тұрмыс құр деп куйеуге берген. 1998 жылы мамам екінші күйеуінен ұлды болды, содан баласы 7 айлығында күйеуі суға ағып кетті қайтыс болды. Содан үйге қайтып келді, мамамның туған əпкесі бар еді тұрмыс құрмаған сол менің інімді қатты жақсы көретін, қасына алып жатып, бауыр басып қалып, мамам қолынан жұлып алуға батылы жетпей інімді əпкесіне берді бауырыңа бас деп. Содан тағдыры солай жазылған шығар уақыт өте тағы тұрмысқа шықты. Одан 1 баласы бар, кəзір сол күйеуімен бақытты.  Аллаға шүкір ол кісі жақсы, мені өз қызындай ұзатып куйеуге берді. 

Мені өзімнен кейінгі інімнін болашағы қатты алаңдатады, мінезі тік, ешкімнің сөзін көтере алмайды, жарқырап күліп жүрмейді, өзі де көп ойланады, ашылып сөйлеспейді. Мен тұрмыс құрмай тұрғанда жігітіме айтқан едім, менің ізімнен ерген бір түйір інім бар соған өз бауырыңдай көмек беріп тұр деп. Ол да иә, əрине, сенің бауырың, менің бауырым дейтін. Оның бәрі бос сөз екен. Қазір ол жайында енді айтып бастасам, өз күнін өзі көрсін дейді, Мен өзім көмек берейін десем балам әлі кішкентай, үйде отырмын, күйеуімнін жағдайы жетеді қолын қалай созса да көмек бере алатындай жағдайы бар, бірақ ол өзіне тартпайды інімді, өте ақшаға қатты адам, үйленбей тұрып бірде бір мінезін білдірген жоқ: Көп ұрысып қаламыз, мені кем көреді өзінен.  Ол  жоқшылық көрмеген, кей күндерде ажырасып кеткім келеді, бірақ баламның мен сияқты əкесіз өмір сүргенін қаламаймын, əкенің қолдауы əр балаға керек қой, миым шаршаңқы бəрін жан-жақты ойлаймын, ішіме сыймай кеткен соң жазып отырмын.

 




Көрілген: 2996    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.12.2017, 10:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30