Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім пышақтап өлтіріп қоя жаздады

  • Күйеуім пышақтап өлтіріп қоя жаздады

    Күйеуім пышақтап өлтіріп қоя жаздады

 Сәлеметсіздер ме, ханымдар, құрметті оқырман! Қалдарыңыз қалай! Мен де ішімдегіні сіздермен бөліссем деп едім. Ұзақ әңгіме ерінбей оқып шығып ақылдарыңызды айтсаңыздар.


Мен 23 жасымда өзім сүйген жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ сол жігітке тұрмысқа шығар алдында ата-анам, әпкелерім, құрбыларым және алғашқы бала күнімдегі жігітім, бәрі қарсы болды. Бірақ ешкімнің сөзін құлағыма ілмей сол жігітке тұрмысқа шығып кеттім. Басында 2 апта бәрі жақсы болды. Менен бақытты адам болмады. Жолдасым, енем, қайын сіңілім, мен төртеуміз тұрдық. Қайын сіңілім тұрмыстан қайтып келген. Ол бөлек әңгіме. Енем өте жақсы адам, менің сөзімді сөйлеп жүретін. Ал жолдасым мен қайын сіңілім күн көрсетпеді.


Қайын сіңілім жолдасыма мені қайрап, қол көтертетін, енем ортамызға түсіп мені қорғайтын. Бірақ жолдасым мені сыртқа алып шығып ұратын. Сонда мені кінәлайтыны жұмысқа боянып барасың, жұмысыңда ер адамдармен ырбыңдасып келесің дейтін. Қайын сіңілім екеуміз бір мекемеде жұмыс атқардық, бірақ ол ағасына жеңгем осылай істеді бүгін деп қайрайтын. Сонша ақталсам да сенбейтін. Кейін қолына түскен затпен ұратын болды. 4 айлық баламды машинамен сүйреп, түсік тастадым. Сонда да төркініме айта алмайм жүрдім. Бақытты адамның кейпін танытып өтірік күліп жүретінмін.


Бір күні енем мен қайын сіңілім екеуі туысқандарының үйіне кетті. Біз үйде жолдасым екеуміз қалдық.Үйде ешкім жоғын пайдаланып, ол маған пышақ ала жүгірді, мен есімді білмей қалдым. Бір қарасам мені пышақтап жатыр, арең тұрып қаштым, көршім көріп көмектесті. Содан 1 ай емханада болдым 15 жеріме пышақ салған. Қайын жұрт жағымнан ешкім келмеді. Күйеуімнің үстінен арыз жазбадым. Тек ажырасуға арыз бердім. Қазір 5 ай болды өз үйімдемін, енді-енді ес жинап келем, ал жолдасым үйленіп алыпты. Бірақ оған өкінбеймін. Енді сіздерден сұрайын дегенім, маған алғашқы махаббатымның ата-анасы құда түсіп келсек дейді. Ол жігіт мүлдем үйленбеген. Менде қазір тұрмысқа шығатын ой жоқ. Ол жігіттің өмірін құртып алмаймын ба? Өз ойларыңызбен бөлісесіздер ме? Рахмет! 


Аноним 




Көрілген: 1253    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 23:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30