Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім "семізсің" деп намысыма тиеді...

  • © fashiony.ru

    © fashiony.ru

Сәлеметсіздер ме? Қатем болса кешірерсіздер, ойым да шашырап отыр. Мен сіздердің осы бөлімдеріңізді жібермей күнде оқимын. Өзімнің де ішкі ойларыммен бөліссем деймін. Соңғы кездері басымдағы проблемаларымнан қатты қажып кеттім. Кіммен бөлісерімді де білмеймін.


Мен тұрмыс кұрганыма үш жылдай болып калды. 19 жасымда тұрмысқа шыққам. Қызым бар. Кеізнде жолдасым мені танымай алып қашты. Бірақ бір бірімізді бірден жақсы көріп кеттік. Бұл да бір құдайдың берген бір жақсы несібесі шығар деп ойлаймын.


Үйленген соң бірден көтеріп қалдым. Алғашқы жылы бәрі керемет болды. Енемнің мінезі өте ауыр. Ата-енеммен екі жылдай тұрдық. Бірақ той ештеңе болмады.


Қызымды босанғанда да күйеуім келмеді. Енем жалғыз озі келді, таксимен шығарып алды. Мамам көріп жылап, "мынаусы несі, сен даладан тапқан жоқсың ғой" деп қатты көңілі түсті, "мұндайын білгенде өзім шығарып алар едім" деп.


Кесеровамен босандым. Операциядан соң қатты ауырдым. Үйге келгенде де жағдайым болмады, енем дым қарамады. Қысқасы айта берсем, мұндай жырым көп. Сол кезден бастап келген жерімнен қатты көңілім қалды.


Қазір бөлек тұрамыз. Күйеуіммен бір ажырасып қосылдық. Ол шөп шегетін. Тіпті менің анамның үйінде де ұялмай шегіп, "білсе біле берсін" деп жүре беретін. Одан кейін ашуланшақ болып қол көтеріп, қаңғып үйге қонбайтынды шығарды.


Сөйтіп жүргенде мамам ажыратып алды. "Далада жатқан қызым жоқ" деп. Одан кейін күйеуім кешірім сұрап жылап өзі келіп жүрді. Қазір қосылдық. Бірақ әке шешесі бір келмеді. Жолдасыма "енді келмей ма, бір кешірім сұрасын да" десем "олар не үшін келеди, мен келдім болды ғой дейді.


Соңғы кездері қайтадан ұрыс керіс басталды. Қазір менің одан әбден көңілім қалған секілді. Кейде ажырасып кетсем бе екен деп ойлаймын.


Екеуміз тіл табыса алмаймыз. Көп ұрысамыз. Негізі босанған соң, қатты толып кеттім. Қазір ұрыссақ соны бетіме басады. Бұл менің қатты намысыма тиеді. Сөйтіп отырып тағы ту дейді. Ал мен онан, сайын толып кетем ба деп қорқамын. Қайынсіңілім де, енем де толық. Сөйтіп отырып "маған толықсың" дейді. Еш салмағымды азайта алмай жүрмін.


Дәрігерлер "горманалдық өзгеріс" дейді. Екінші баланы тапқым да келеді, бәлкім сонда күйеуімнің сыйластығы арта ма деп ойлаймын. Бір жағынан одан сайын толып кетем ба деп қорқамын. Ойым шашыраңқы болып отыр. Әлде күйеуімнен күдерімді үзіп, өз күнімді өзім көріп кетейін бе? Ақыл кеңес беріңіздерші.




Алма, Талдықорған қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3205    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31