Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім суып барады

  • Күйеуім суып барады

    Күйеуім суып барады

2 жыл бұрын ғана отбасылы болған жас келіншек күйеуінің бұрынғыдай өзіне көңіл бөлмейтінін айтты. Өмірлік жарын шексіз сүйетінін жеткізген ол ерлі-зайыптылардың арасын жақындататын тәсілдерді білгісі келетінін жазады.


Жас келіншектің хаты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.«Үйленгенімізге 2 жыл болды. Арамызда 1 бала бар. Күйеуім бұрын «күнім» деп еркелетуші еді. Ал қазір мүлдем басқаша. «Неге соңғы күндері өзгеріп жүрсің? Менен не қателік кетті?» деп өзіне де айттым. Жауап бермейді.


Ата-енеммен тұрамыз. Өте жақсы кісілер. Күйеуім азанда жұмысқа кетіп, кешке келеді. Сөйтіп, тамақ ішіп, достарымен көшеге шығып кетеді. Қанша кеш келсе де күтіп жатамын. Өзім емізулі анамын. Онсыз ұйықтай алмаймын. Оны қатты жақсы көремін. Ол болса, өтірік құшақтап, бетімнен сүйіп, «шаршадым, азанда оятарсың» деп ұйықтап қалады. Ерлі-зайыптылар сияқты емеспіз. Басқа қызбен кездесіп жүр ме екен деген күдік бар. Арамызды қалай жақындатсам болады?», – деп келіншек Instagram-парақшаларындағы топтардың біріне хат жолдады.Әйелдер қауымы жас келінге мұндай жағдайлардың қалыпты әрі өткінші екенін түсіндірді. Сабырлық танытып, «күйеуіңе қабақ шытпай, шай-тамағын уақытылы бер» деп ақыл айтты.  




Көрілген: 3555    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30