Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім төркініммен араластырмайды

  • Күйеуім төркініммен араластырмайды

    Күйеуім төркініммен араластырмайды

 Сәлеметсіздер ме, құрметті қыз-келіншектер! Сіздерден көмек ретінде ақыл сұрағым келіп отыр, кемсітіп артық сөз айтпаңыздаршы, өтінішім болсын! Жасым 22-де. 21 жасқа толмай тұрмысқа шықтым. Өз қалауыммен сүйіп қосылдым дей алмаймын, анам, әпкелерім "жақсы отбасы, жақсы болып кетесің, шық, отырып қаласың" деген сөздерден кейін көп ойланбастан шықтым тұрмысқа. Жолдасым өзімнен 9 жас үлкен. Ол жаман емес, ұрыссыз айғайсыз бір жыл тұрдық, өзіңнен біршама үлкен болған соң ұрысуға да батпайды екен. Себебі мен оның қарындасымен қатарласпын.


Тұрмыс құрған соң көп ұазмай көтердім, қызды болдық. Бірақ жүктіліктің соңғы айларында жолдасым ұрысуды бастады, "анаң ондай,мұндай" дей берді, ақыры анаммен қатты ұрысып араласпай қойды. Осы жағдадан кейін  анам келіп алып кетпекші болды. Бірақ мен "қайтып келген қыз жаман" демекші, қайтуға бата алмадым, сондықтан жолдасыммен қалдым. Қателік жасадым ба білмеймін, бір ай өтті, босанып та алдым. Анама хабар барды, бірақ құттықтап, немересін көрмеді де. 3-4-5 ай өтті, анаммен хабарсыз кеттім. Жолдасым мені түсіне ме, білмеймін, іштей ана-әкемді, бауырларымды сағынып жылап та аламын тығылып. Соңғы сәттерде ұрыс шығып, кей кездері қол да көтеріп жүр, оны менің отбасым білмейді. Кейде кетіп те қалғым келеді, қызым 4 айлық, не істейін, не қыламын, ақыл айтыңыздаршы? Сөйлемеймін демеймін, әйел болған соң бәрі сөйлейді, бірақ артық сөзім болған емес. Анасымен ұрысып, отбасымен араластырмаған соң әр адам ызаланады деп ойлаймын, анам, әкем  ме, өлі ме, білмеймін. Ата- анамды ренжіттіңдер деп інім де, әпкем де сөйлеспейді.Өзімді жалғыз сезініп жүрмін...


Аноним 




Көрілген: 1082    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.12.2018, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31