Күйеуім төсекте мүлде қанағаттандыра алмайды

Күйеуім төсекте мүлде қанағаттандыра алмайды

Мен анамның «өзіңді күт», «алданып қалма», «ұятқа қалдырма» деген сөздерін жиі естіп өстім. Содан болар, ешқандай жігітті жаныма жолатқан емеспін.

Тек бесінші курста оқып жүргенде ғана Асланмен таныстым. Ол мені ұнатты. Кет әрі болған жоқпын. Кездесіп жүрдік, сосын сөз салды, бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Аслан ішпейді, мінезі де жайлы. Жұмысы бар, жұмысында әріптестерінің, достарының алдында абыройлы жан. Аслан өте мұқият, сезімтал адам болып шықты. Айлығын толықтай әкеледі, достарымен уақыт өткізгісі келсе, оны әркез айтып, уайымдамағанымды қалайды. Жалпы, отбасылық өміріміз біреуден артық, біреуден кем болып өтіп жатты.

Міне, онымен тұрмыс құрғалы 1 жылға жақындапты. Алғашында, тіпті, алғашқы түні де Асланмен төсекте болғанда ешқандай ауырсыну болған жоқ еді. Ештеңе сезбедім.

Күйеуімнің жыныс мүшесі тым жіңішке, әрі қып-қысқа екенін байқағам. Бірақ, оған сыр бермедім.
Бар ойым — бұған дейін ешқашан еркекпен қосылмаған менде қыздық белгінің болмағаны. Аслан не ойлайды? Қалай сендіремін? Ертеңінде де, одан кейін де ешқандай ауырсыну болмады, әсте бір сондай болуы керек сияқты. Және жыныстық қатынас кезінде ешнәрсе сезілмейтін. Ал күйеуім тәп-тәуір ләззәт алып, керемет күй кешетін.

Бірер күннен соң, Аслан «бұрын жігітпен жатқаныңды неге айтпадың, түсінетін едім ғой«, — деп ренжіді.

«Ешкіммен болғаным жоқ» десем, «онда неге пәктігіңнің белгісі болған жоқ, шыныңды айт, ренжімеймін», — деп қоймады.

Ақыры, сендірген болдым, бірақ арамызда бір сызат қалды.

Әлі қыз екенмін!
Енем де бала көтермедің, қанша ай болды, дәрігерге қаралсаңшы деген соң, гинекологқа барған едім. Ұялсам да барлығын айттым, алғашқы түннен бастап қазіргі кездегі қатынасқа дейін сұрап алайын дедім, еркектің жыныс мүшелері туралы білгім келді.

Дәрігер тексеріп, қарағаннан кейін менің әлі қыз екенімді айтты.

Шынымды айтсам, қатты таң қалдым.

«Ондай болады. Бойың ұзын болғандықтан қыздық перде де тереңірек орналасқан»,— деді.
Сонда күйеуімнің жыныс мүшесі қысқа болғандықтан перде сақталып қалып жүрген. Қаласам, ем-дом бөлмесінде пердені алдыруға болатынын ұсынды. Дәрігер болашақта құрсақ көтере алатынымды айтты.

Енді мұны Асланға айтайын десем, ұяламын.

Жыныс мүшесінің пішініне байланысты қуыстанғанын, ыңғайсызданғанын қаламаймын.
Бірақ, төсекте мен онымен мүлдем қанағаттана алмаймын. Мүшесін, тіптен, сезбеймін. Төсек ләззәті дегеннің не екенін білмеймін де.

Не істесем болады? Ажырасуым керек пе? Әлде өмір бойы осылай қиналып, өтірік «бәрі жақсы», деп өтейін бе?

Аяжан Төрехан

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста