Күйеуімді қайтсем қайтарам?

Күйеуімді қайтсем қайтарам?

Соңғы кезде менің өмірімнің мүлде мәні кетті. Отбасым үшін күресуден әбден шаршадым. Күйеуім екеуміз бір-бірімізден алыстап кеттік. Дәл қазір қатты қиналып жүрмін. Бар мұңымды «Алаш айнасы» оқырмандарымен бөліссем деймін.

Менің тұрмысқа шыққаныма 8 жылдай болды. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді ұнатып қосылдық. Ол бір үйдің ерке баласы. Ал мен кішкентайымнан әжемнің қолында өскен еркемін. Анам мен босаанғаннан кейін әкем бізді тастап кетіпті. Жап-жас кезінде кішкентай сәбиін құшақтап жалғыз қалған анама мені тәрбиелеуге әжем көмектескен. Мен ес біліп қалғанда анам екінші рет тұрмыс құрды, соңымнан ерген інім бар.
Анам қалада тұрып жұмыс істеді, мен кішкентайымнан ауылда өсіп, мектепті де сол жақта бітірдім. Кейін қалаға келіп колледжге оқуға түсіп, тігінші мамандығын алып шықтым. Өзім кішкентай кезімнен суретке, еңбек сабағына қатты ынтам болатын. Қазір құдайға шүкір дизайнерлік компанияда жұмыс істеймін, үйлерді безендіремін, перделер тігемін.
Мен колледжді бітіргеннен кейін өзімнің бір жылдай сөйлесіп жүрген жігітіме тұрмысқа шықтым. Ол мені туған күніне шақырып, сол жерде басыма орамал салып алып қалды. Ата-енем, қайынсіңіліммен бірге тұрамыз. Отбасылы болған соң көп ұзамай тұңғыш қызымыз дүниеге келді. Қазір қызымның жасы 7-ден асты. Қызым кішкентайынан енеме бауыр басты, әжесін қатты жақсы көреді. Менң мамамды көргенде апа деп амандасқаны болмаса аса жақындамайды да.
Жаңа шаңырақ көтерген отбасылардың барлығы небір қиындықтардан өтеді ғой. Біздің отбласымызда да біраз қиындықтар болды. Алғашқы жылдары жолдасым екеуміз жиі ұрсысатынбыз. Өйткені ол өте жалқау. Жұмыс істеп, ақша табуды білмейді есесіне карта ойнап, машинамен түнімен қыдырғанды жақсы көреді. Барлық еркек сондай дерсіздер. Бірақ не нәрсенің шегі болады ғой. Мен тұрмысқа шыққалы өзім жұмыс істеп, керек-жарағымды өзім аламын. Үйге қажетті тұрмыстық техника, ұсақ-түйек, жиһазға дейін алдым. Күйеуім уақыт өте келе еркелігін қойып, есейіп, жұмыс істер деуші едім. Бірақ ол кірген жұмысынан болмашы сылтаумен шығып кетеді. Өзінің туысқан бауырларымен түні бойы қыдырып, күні бойы ұйықтайды. Онымен қоймай ішіп келп үйдің берекесін алады, тіпті қол да көтереді. Осы уақытқа дейін оның ата-анасы балаларының ерсі қылығын көріп тұрып оны тәртіпке сала алмайтыны менің ашуыма тиеді. «Жаман еркекті жақсы әйел төрге сүйрейді» дейді ғой, бірақ мен күйеуімді дұрыс жолға сала алмай-ақ қойдым. Сау кезінде сөйлесуге де тырыстым, тіпті кейде қатты ұрсысып, өз үйіме кетіп те көрдім. Бірақ еш нәтиже жоқ. Мені оның жанында бір ғана нәрсе ұстайды. Ол арамыздағы бала. Өйткені мен өзім туған әкенің махаббатына зәру болып өстім. Әкесіз өсудің не екенін білемін. Ал қызымның әкесіз өскенін қаламаймын. Сол үшін талай рет күйеуіме қатты ренжісем де қызым үшін кешірімді болуға тырысатынмын. Бірақ күйеуім менің кешірімділігімді, отбасын сақтауға деген ниетімді әлсіздікке санайтындай. Өйткені оған сәл ғана кемшілігін айтып, ақылға келтіргім келсе, «менімен тұрған ұнамаса, сені ешкім ұстап тұрған жоқ, кете бер» дейді.
Күйеуімнің есі кірер деп жүргенде 8 жылдай уақыт өте шығыпты. Осы уақытқа дейін менің одан ажырасу туралы ойым да болған емес. Өйткені ол қандай бола да, мені тастамайды, ажыраспайды деп ойлаушы ем. Жақында күйеуімнің ашынасы бар екенін білім тауым шағылып, өмір сүргім келмей кетті.
Бірде ол таң ата келді де, шешініп жатты. Сонда байқадым, іш киімін теріс киіп алыпты. Бұған аса қатты мән бере қоймадым. Сол күні кешке күйеуімнің туысқан бауырының әйелі маған: Сенің күйеуіңнің басқа әйелі бар, онымен бірге ашықтан ашық жүріп жүр. Өзі жап-жас қыз екен деді. Мына сөзді естігеннен кейін әбден мазам кетті. Күйеуімді аңдып жүріп оның басқа қызбен кездескенін, кафеде құшақтасып отырғанын өз көзіммен көрдім. Үйге келгенде күйеуіме айғайлап, жылап, қасындағысының кім екенін сұрап едім, ол өзіме тарпа бас салып, жауаптан тайқып кетті. Осы жағдайдан кейін не істерімді білмей басым қатып жүрдім. Жұмысқа барамын, келемін, меңіреу адам секілдімін, ешкіммен сөйлесе алмаймын. Сөйтіп жүргенде тағы бір абысыным үйге келіп мені күйеуімнің қай жерде, кіммен демалып жүргенін көрсетемін деп ертіп апарды. Кешкі уақытта абысыныммен еріп өзеннің жағасына бардық. Сол жерде 3 жігіт, 4 қыз ойнап күліп отыр. Менің күйеуімнің алдында бір қыз отыр. Әлгіні көре сала өзімді өзім ұстай алмадым. Жүгіріп бардым да, қызды да ұрдым, күйеуіме де аузыма келгенін айттып. Ол мені сол жерден қуып жіберді. Осыдан кейін мен қызымды алып үйге кетіп қалдым. Үш күннен кейін қызым әжеме барамын деп жылағаннан кейін оны қайта апарып тастадым. Ал күйеуім маған бірде бір рет хабарласқан да емес. Одан кешірім сұрауды күтудің өзі ақымақтық секілді. Енді не істерімді білмей басым қатты, қызыма обал. Естуімше күйеуім өзінің махаббатымен жұбы жазылмай жүр екен. Ол қыздың жасы 23 жаса, 5 жасар қызы бар екен. Оның әр қадамын абысындарым жеткізіп отыр. Сонда менің күйеуім өз әйелін, қызын, басқа бір жанға, өзге біреудің баласына оп-оңай айырбастап кеткені ғой. Енді не істеймін, әбден басым қатты.


Динара, Алматы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста