Күйеуіме сенем деп, одан айырылып қала жаздадым

Күйеуіме сенем деп, одан айырылып қала жаздадым

 Барлықтарыңызға сәлем. Ара-тұра қолым босай қалса, осы сайтқа кіріп, түрлі отбасылық оқиғаларды оқып тұрамын. Қыз-келіншектерге сабырлылылқ тілеймін. 

Мен бүгін өз басымнан өткен жағдайды айтқым келеді, ішімдегіні босатып, бір жеңілдеп қалайын. Отбасын сақтау үшін əйел адам неге шыдамайды дейсің. Мен де тұрмыстамын, екі балапаным бар. Көктем айында жолдасым ұлым екеуі ауруханада жатқан еді, ұлым ауырған болатын. Қызым екеуміз үйде болдық.  Солай ол бір аптадай баламен жатып емделді, Қазір есіме алсам тіпті не күлерімді, не жыларыиды білмеймін. Қызымды енеме қалдырып ауруханаға жүгіремін тамақ апару үшін, күніне екі мәрте барып тұрдым. Басында жолдасым жатпаймын, зерігіп кетемін, қалай бір апта шыдаймын деп жүрге. Енді екі күн өткен соң, көңіл-күйі жақсарып,  күле береді балаша. "Не болды" десем, "бəрі жақсы" дейді, Сосын ішім бірдеңені сезді, солай ол 7 кун ұл екеуі емделіп, үйге келді.

Үйге келгесін ноутбуктың алдынан шықпайды ғой, қызым кішкентай болған соң мен сонымен қолым босамайтын, сұрасам жай отырмын дейді. Әйел адам бəрін сезеді деген рас екен. Ол ұйқыға кеткенде ноутбукты ашып қарасам,  қызықтың бəрі соның ішінде екен. Ол кезде агент арқылы сөйлесуші едік қой. Архивті ашып қарасам, бір қызбен ауруханада жатқанда танысқан екен, түгелін оқып алдым, көзім жасқа толып, жылап алдым.

Біз ерте үйленген едік, бірақ жолдасым осылай істейді деп ойламапын. Түнгі үште жолдасымды оятып алдым, мынау не десем,  түк білмегенсіп, "ештеңе білмеймін, мен емес жазған" дейді. Одан сайын ашуланып, шапалақпен тартып жібердім. Ол үндемейді, мойындамайды.Күйеуім ештеңе айтпайтынын білдім, бірақ әлгі қыздың телефон номерін жазып алдым. 

Екінші күні қызым қатты ауырып мен ауруханаға түстім. Қызымды көтеріп кірсем, маған бір жас қыз қарай береді. Ол да қызын көтеріп жүр екен. Түгел қағаздарды толтырып мен палатаға кеттім. Палатада отырып әлгі қыза звондап көрейінші,  мүмкін əлі осында шығар деп ойладым. Қоңырау шалып едім, көрші палатадан телефонның даусы шықты. бірден есігіне жетіп бардым. Сол кезде күйеуіммен көңіл қосып жүрген қыздың көз алдымда тұрғанын көрдім. оны есіктің сыртына жеке шақырып алып, ойымдағының бәрін айттым.

Балалы-шағалы адамға неге жабысасың, неге сөйлесесің деп жанын шығардым. Ол ұялмай күйеуімді жақсы білетінін, екі баласы бар екенінен де хабардар екенін ұялмай айтып тұр.Өзінің де екі баласы бар екен, жолдасымен ажырасып кетіпті. 

Күйеуім бізге тамақ алып ауруханаға келіп тұрғанда бір апта бойы шықпадым, сөйлеспедім. 

Осы жағдайдан кейін үйге келгенде де күйеуімнен жиіркенетін болдым. Тіпті бетіне қарап сөйлегім келмеді. Өйткені күйеуім балалары ауырып, мен қиналып жүргенде бес минуттық ләззат үшін басқа әйелмен көңіл көтерген, тіпті ауруханадағы әйелдер бірігіп алып ішкен. Оны сол жердегі таныс медбикеден біліп алдым. 

Ендігі менің айтарым, арамызда балаларымыз болғасын бəрін кешірдім. Бірақ мен күйеуіме сенбеймін, екеуміз сүйіп қосылған едік. Ал қазір арамыздағы сенім кетті. Сол оқиға есіме түссе,  одан жиркенем.  Ал ол болса әлгі әйелмен араларында ештеңе болмағанын айтып ақталады. 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста