Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнен ажырасып үлгермесем де, құда түсушілер бар

  • Күйеуімнен ажырасып үлгермесем де, құда түсушілер бар

    Күйеуімнен ажырасып үлгермесем де, құда түсушілер бар

 Мен өз басымдағы жағдайды баяндап берейін. Қазір мен күйеуіммен ресми түрде ажырасайын деп жатырмын. Арамыз суып кеткен, бөлек тұрып жатырмыз. Кейінгі кезде мамамның құрбысы үйге келіп, мені келіні қылғысы келетінін айтады. Ажыраспай жатып, басқа күйеу іздегені несі дейтін болармыздар. Бірақ шындығында олай емес. Негізі менде екінші рет тұрмысқа шығу туралы ой жоқ. Мамам айтқан соң ойланып қалғаным рас.


Ерлі-зайыптылар ажырасқанда көбі әйелді кіналайды. Бар кінə бір адамнан ғана болмайды ғой. Не үшін күйеуіммен ажырасайын деп жатқанымды да айтайын.Күйеуім шешесімен қосылып ішеді. Ішсе, мені жəне баламды үйден қыс, жаз деп қарамай қуып шығады.Күйеуім маған бірде-бір қол көтермеген. Анасы соны көре алмай күйеуіме: "сен қатынжандысың, əйеліңді ұра алмайсың" деп қарсы қойып өлімші қылып сабаған.Қазір денсаулығым болмай қалды.Құлағым да нашар естиді, басым көп ауыратын болды.


Мен өзім үшін кеткен жоқпын ол үйден, қызымды өлтіріп тастамасын, ауру қылмасын деп жанталасып қаштым.Енем қатты ішсе, өлтірем бұл баланы деп балама қарай жүгіретін. Үйде үнемі айқай-шу, есік терезелер сынып быт-шыт болады. Өз денсаулығым қазір жұмыс істеуге шама бермей жатыр. Денсаулығым қатты бұзылғандықтан анам да жұмысқа шығармай жүр. Дəл қазір балам екеуімізді асырап жатқан анам десем де болады. Енді денсаулығымды түзесем, жұмысқа шығармын деп ойлаймын. Басымның қатты ауырғаны сонша, тіпті жаным иналады. Оны анама айта алмаймын.Дəрігерге көріну үшін де ақша керек қой.Сонымен іштен тынып келемін.


Күйеуім мен енемді арақ ішуін қойдыра алмадым.Қанша тырыссам да болмады.Отбасын сақтауға тырыстым.Бірақ болмады.Мен күйеуіме звандап баламның халін білсейші, көрсейші десем оның жауабы маған екеуің де керек емессіңдер, мазамды алмаңдар дейді. Өзім хабарласып халін білсем де ештеңе айтпайды. Қанша қиналсам да ешқашан мойыған емеспін. Көмекті керек жерден сұрадым көмектерін берді. Жас болсам да қазір денсаулығым әбден бұзылды.Жүйкем де жұқарды, ашуланып кетемін кейде.Үйде де анама ауыр шаруа істеткім келмейді.Өзім ауыр шаруа істеп ауырып тұрсам да ештеңе білдірмеймін. Менің айтпаған əлі қаншама оқиғаларым бар.Көбі айтады неге шыдамадың шыдауын керек еді деп.Менің басымнан өткенді ешкімге тілемеймін. 


Аноним 




Көрілген: 3241    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 20:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 19:26
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31