Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнен жылу көрмеймін, көзіне шөп салуға өзі итермелейді

  • © mv.org.ua

    © mv.org.ua

Қалада тұратын кәсіпкер әпкемнің қырық жасқа толған тойына келдім. Шақырылған қонақтары да ылғи ығай мен сығайлар. Киім киісі, жүріс-тұрыстары да бөлек. Қонақтармен қоян-қолтық араласып кете алмаған соң, шеткерірек барып креслода оңаша отырғанмын.


Ty сыртымнан тесіле қараған әлдекімнің көздері, өңменімнен өтіп барады. Басымды сәл бұрып, байқатпай, көз киығымды тастадым…


Бұрын-соңды бастан кешпеген бір үрей сезім бой көтерді. Жүрегім атқылақтап аузыма тығылардай. Қымбат бағалы иіссуы танауымды қытықтап, әлгі жігіт еңкейіп келіп құлағыма: «сізді биге шақыруға бола ма?» дегенде, орнымнан қалай көтерілгенімді байқамай қалдым…


Ертеңіне кездесетін болып келістік. Тағатсыздана күттім. Екеуміз бір кафеге бардъқ. Оның менің қолымды сүйгені, гүл сыйлағаны қандай.


Әрине, ақшасы көп болған соң ұнатып отырсың дейсіздер ғой. Жоқ. Ол маған ештеңе де сатып әперген жоқ. Мәселе онда емес.


Мен өзімді нағыз әйел ретінде тұңғыш рет сезіндім десем, еш өтірігі жоқ. Күнделікті күйбең тіршілікпен байқамайды екенбіз. Кейде адамға бір ауыз жылы сөздің өзі жетіп жатады екен-ау.

Соған да ақша керек пе? Келесі күні мен оған ауылға кайтатынымды айттым. Бірақ ол қал десе де, күйеуімді де, балаларымды да қимаймын.


Айтыңыздаршы, елу мың теңгені бір ай талшық етіп, алты адам күн кешіп жатырмыз. Қолында табақтай дипломы бола тұра, жұмыс жоқтықтан ұсақ-түйек сатып, нан-шай ажыратуға мәжбүр болып отырған әйелге не істеу керек?


Отбасын асырау еркектің міндеті дей бастасам, күйеуім: «менен гөрі табысы көбірек бай тауып ал. Сені ұстап тұрған мен жоқ» деп кысқа қайырады.


Бұл жағдай қазіргі қазақ жанұяларының қай-қайсысының да басында бар. Жалпы, әйел атаулының ортақ қайғысы десе де болғандай.

Ақшаның жетімсіздігі, киім—кешек, тамақ тапшылығы әйелдердің еңсесін езіп, өздерінің әйел екендіктерін ұмыттырып жіберген. Әйел болып үйде, бала-шағаны қарап отырудың орнына қазір, базар барып, сауда жасап, арқа еті арша, борбай еті борша болып жүргендер жеткілікті. Соның бірі менмін. Ал күйеуімнің маған демеу болудың орнына «кете бер» деуінің өзі маған үлкен соққы болып тиді. Ал, менің тағдырыма бір серпіліс әкелген әлгі кездесуге ризамын.


Әрине, мені кафеге шақырған жігіт «бір түн болса да бірге болайық» деп ұсыныс жасаған. Оның ұсынысына рахмет айта отырып, күйеуіме опасыздық жасай алмаймын дегенді жеткіздім. Ол түсінді. Қайтып мазалаған жоқ.


Ал күйеуім болса «кете бер» деп, мені кеудемнен итереді. Қайтпек керек? Кейде күйеуімнің сөзіне ыза болғанда, сол бір жігітті еске аламын.

«Оңаша кездесейікші» дегенде бара салсамшы, бір түн болса да отбасындағы барлық ауырпалықты ұмытып, құмарымды бір тарқатып қайтатын», деп өкініп қоямын.


Кейде күйеулері бола тұра өзгелермен қыдырып жүретін келіншектер мен секілді жан-жарынан жылу көрмеген соң, сондайға баратын шығар деп ойлаймын. Өйткені «мәңгілік біргеміз» деп серттесіп, бас қосқан жарыңнан қиналғанда демеу, қолдау болмаса, жылу көрмесең, амалсыз сол жылуды сырттан іздейсің. Бұл заңдылық екеніне көзім жетті.


Мен де қазір сол бір биге шақырып, оңаша кездесуге ұсыныс жасаған жігітті көбірек ойлаймын. Кейде қалаға барсам, сол адамды іздеп тауып, кездессем деп ойлап қоямын.


Өйткені күйеуімнің өзі соған итермелеп жүр… 


365info.kz




Көрілген: 1920    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 15.11.2017, 10:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30