Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнен кешірім сұрап, өзім қайтып барғаным дұрыс па?

  • Күйеуімнен кешірім сұрап,  өзім  қайтып барғаным дұрыс па?

    Күйеуімнен кешірім сұрап, өзім қайтып барғаным дұрыс па?

 Сəлеметсіздер ме, құрметті қауым! Жазғанымды оқыып отырсаңыздар, Алла разы болсын. Жасым 28-де. Тұрмыс құрғаныма 5 жыл болады, бала көтере алмадым. Күйеуімнің емделгісі келмейтін. Мені кінəлайды бəрі. Жақында күйеуімнен кетіп қалдым. 5 жыл ішінде 5-ші рет кетуім. Кетуімнің себебі,күйеуім аямай сəл нəрсеге ұрып тастайды, өзі ашушаң. Ата-енемнен бөлек тұрамыз. Ештеңе менімен ақылдаспайды, ешқайда апармайды. Жұмыс істейтін ұжымында  қыздар, ажырасқан əйелдер көп. Жұмыстан келіп тамағын ішіп,сотка шұқылап жататын немесе қыдырып кететін. Соткасына код қойып, маған ұстатпайтын. Мен үйдемін, жұмыс істемеймін. Өз мамандығыммен істеу үшін ақша керек, таныс керек. Сатушы, бала бағушы секілді жұмыстар істедім. Ал күйеуім  айлық жақсы алады. Емделуге ақшасын қимайды. Үй ішіне көмектеседі.

Кеткен себебім, ол жұмысындағы жас қызбен сөйлеседі екен. "Жаным қайдасың, сағындым"деген смс-терін оқып қойдым. Одан басқа да қыздармен сөйлеседі. Соны көріп айқай шығарып едім, кет деп ұрып тастады. Ана қыз да, өзі де мойындамайды. "Əшейін ойнап жаздық" деп бетбақтырмайды. .Сосын кетіп қалдым. Əке-шешесі де "керек емес,е нді алып келмейсің, шаршадық, тумайтын əйел керек емес. Басқасына үйлендіреміз" деп отыр екен.


Менің жүрегім ауырады,кетерімді кетіп алып, өзім кешірім сұрап звондай беремін. Ары қарай тағдырым не болады, ажырасқан əйел атанамын деп қатты қорқамын. Олсыз өмірімді елестете алмаймын, кеткеніме өкінемін,не болса да шыдау керек еді деп жылаймын. Өз ата-анама рахмет, барынша қолдап, көңіліме қарап,бар жақсылықтарын жасап жатыр. Оларсыз не істер едім. Күйеуім айтады қайтқың келсе əке-шешемнен кешірім сұрап,кешірсе өзің келесің дейді. Мен сені алып кетпеймін, күтіп те алмаймын дейді. Балам да жоқ алданып, сол үшін өмір сүретін. Шаршап кеттім, жылай беремін. Менің қасымда жатып басқалармен жүргеніне ішім ашиды, жүрегім ауырады. Маған тек ұрыса беретін, жылы сөз айтпайтын,əңгіме айтпайтын. Айына 300-400 мың теңге табады. Сөйтсем соларға көмектеседі екен ғой, ақшасын сұрасам жұмысқа анаған-мынаған жинадық, қарыз болдым деп өтірік айтады екен. Əпкелер не істеймін, ұятты тастап кешірім сұрап өзім барайын ба? Барсам, одан сайын қиын болмай ма, бүкіл отбасы  мені сыйламай, одан сайын жек көріп кетпей ме? Әлде өз-өзіммен жаңа өмір бастағаным дұрыс па? Ол үйленіп кетсе қиналатыным анық ,кəзірдің өзінде ұйқы жоқ, тамақ жемеймін  соны ойлап. Менің төркінімді жақтырмайды, ұнатпайды. Ешқашан төркініме бірге келген емеспіз, үнемі өзім келетінмін. Ақыл қосыңыздаршы, өтінем! 


Аноним 




Көрілген: 3742    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.07.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31